Бұл аурудың негізгі симптомдары беткей және терең сезгіштіктің бұзылуы
болып табылады: терең бұлшық еттік және буындық сезгіштік жойылады да,
соның нәтижесінде қимыл тепе-теңдігінің реттелуі бұзылады (атаксия). Науқас
аяқтарын талтайтып жүреді. Аяқтарында кенеттен пайда болатын жылдам әрі
қатты ауыру сезімі, сонымен бірге ішкі мүшелерде – асқазанда, ішектерде –
қатты ауыру ұстамалары (криздер) болуы мүмкін. Көмекейдің спазмдары
(қысылуы) да кездеседі, онда адамның тамағы қатты ауырып, қылқынады.
Табес кезінде соқырлыққа әкелетін көру жүйкесінің атрофиясы болуы мүмкін.
Диагнозды анықтауда қандағы және ликвордағы (жұлын сұйықтығындағы)
Вассерман реакциясының, сонымен қатар бірқатар басқа ақуыздық
реакциялардың маңызы зор. Кейбір көз симптомдары тән болады. Соның
ішінде анизокория, яғни қарашық өлшемінің екі көзде әртүрлі болуы,
қарашықтың жарыққа деген реакциясының әлсіреуі, сонымен қатар арнайы
симптомның болуы – қарашықтың жарыққа деген реакциясының болмауы,
бірақ конвергенцияға деген реакциясының сақталуы – байқалады. Көздің
түбінде көру жүйкесінің емізігінің сұр атрофиясы дамиды. Сұр атрофия – бұл
көру жүйкесінің емізігінің сұр түске боялуымен білінетін, көру қабілетінің
әлсіреуіне немесе жойылуына әкеп соғатын, көру жүйкесінің емізігіндегі ауыр
әрі қайтымсыз өзгерістер. Психиканың бұзылыстары тән болады – ашуға,
сандырақ ойларға бейімділік, ақыл-ойдың төмендеуі.
Емдеуі.
Мерезден дер кезінде және жүйелі түрде емделгенде ғана жазылып
шығуға болады. Мерезді емдеуде антибиотиктер, мышьяк және йод
препараттары қолданылады. Емдік дене шынықтыру мен баланың организмін
күшейтетін бірқатар емдік-педагогикалық шаралардың маңызы зор.
Достарыңызбен бөлісу: