Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022



Pdf көрінісі
бет1/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
невро лекция



Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі 
Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды университеті 
Педагогикалық факультеті
Арнайы және инклюзивті білім беру кафедрасы 
Заркенова Л.С.,
Алшынбекова Г.Қ., 
«Балалық жастағы невропатология» 
пәні бойынша 
ДӘРІСТЕР КУРСЫ 
 
(9 дәріс)
6B01902-Арнайы педагогика
білім беру бағдарламасы
Қарағанды 2022 


Лекция тақырыбы: Невропатология негіздері пәні. Жүйке жүйесі 
құрылымының және функциясының негізгі принциптері. 
 
Дәріс жоспары: 
1.
Невропатология негіздерінің тарихы.
2.
Жүйке жүйесінің құрылысы мен қызметі.
1.
 
Невропатология негіздерінің тарихы. 
Невропатология (грек тілінде neuron - нерв, pathos – ауру, дерт, сырқат, 
logos
-ғылым) – жүйке жүйесінің ауруларын қарастыратын медицина ғылымының 
тарауы.
Невропатология жүйке жүйесінің ауруларының себептерін (этиологиясын), 
аурулардың даму механизмдерін (патогенезін), орталық және шеткі 
(перифериялық) жүйке жүйесінің әр түрлі бөлімдерінің зақымдануының 
симптомдарын, түрлі климаттық-географиялық зоналардағы, әр түрлі жастағы 
адамдар мен түрлі мамандықтар арасындағы жүйке жүйесінің ауруларының 
таралғандығын қарастырады. Сонымен қоса невропатология жүйке жүйесі 
ауруларын анықтау (диагностикасын), емдеу, алдын алу (профилактикасы) 
әдістері мен ауру түріне, жас ерекшелік және кәсіби ерекшеліктеріне тәуелді 
арнайы медициналық көмекті ұйымдастыру принципитерін (қағидаларын) 
құрастырумен айналысады. Невропатология саласына жүйке жүйесінің ішкі 
мүшелердің (жүректің, тамырлардың, өкпенің, бауырдың және т.б.) 
ауруларының (сырқаттарының) дамуына әсер етуін де қарастыру кіреді.
Невропатология неврологияның – жүйке жүйесінің құрылымы мен қызметі 
туралы ғылымның бөлігі болып табылады. Қазіргі уақытта И.М.Сеченов, 
И.П.Павлов, В.М.Бехтеревтердің фундаменталды зерттеулеріне негізделген 
бағыттар сәтті дамуда. Невропатологияның эволюциялық-жас ерекшелік 
аспектілері қарастырылады, олардың ішінде басты орынды бала миының 
дамуына әсер ететін жас ерекшелік өзгерістер мен оның жүйке жүйесінің 
зақымдану спецификасы алады.
Невропатология мен дефектология өзара тығыз байланысты ғылымдар. 
Олар түрлі дене және психикалық кемшіліктері бар (естімейтін, нашар еститін, 
зағип, нашар көретін, ақыл-ойы кем және т.б.) адамдардың ерекшеліктерін 
зерттеп қарастырады. Дефектология дамуында ауытқуы бар балалардың 
психофизиологиялық ерекшеліктерін, оларды тәрбиелеу, білім беру және оқыту 
заңдылықтарын зерттейді.


Дефектология жалпы педагогиканың бір саласы болып оның теориялық 
ережелері мен зерттеу әдістеріне сүйенеді және бір қатар медициналық 
пәндерге де сүйенеді, өйткені дамуында және жүйке жүйесіндегі бұзылыстары 
бар адамдарды зерттеп қарастырады. Аталмыш пәндер арасында маңызды 
орынды невропатология алады, ол жүйке жүйесі ауруларының себептерін, 
белгілерін, жүріс барысын зерттеп, оларды анықтау, емдеу, алдын алу әдістерін 
құрастырады.
Күнделікті тәжірибеде невропатолог немесе психоневролог дефектологпен 
бірге кемістіктің сипатын, оның байқалу дәрежесін, баланың дамуына, жүйке 
жүйесіне әсерін анықтайды. Дәрігер мен дефектолог бірігіп мүмкіндігі шектеулі 
балаланың даму жолдарын болжап, оны тәрбиелеу мен оқытудың қолайлы 
әдістерін таңдап, бұзылған функцияларды түзету әдістерін анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет