Информатика пәнінің пропедевтикалық курсы



Дата07.02.2022
өлшемі451,13 Kb.
#97825
Байланысты:
Әрмия Айжан ИОК171 6 апта

Информатика пәнінің пропедевтикалық курсы


Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогикалық университеті
Физика, математика және информатика институты
Информатика және Білімді ақпараттандыру кафедрасы
Орындаған: Әрмия А.С.
Тексерген: Арынова Г.С.
Алматы, 2020
Пропедевтиқалық курстың негіздемелері Ресей ғылымдарының соңғы зерттеулеріне сүйенсек, бастауыш сыньштағы информатиканың пропедевтиқалык курсьшың негізгі бағыттары төмендегідей: 
Қолданушылық
- программалармен жұмыс істеу кезінде бағдарламалық құжаттарды пайдалану;
программамен жұмыс істеуге машықтану: программаны еңгізу, керектісін табу, өз бетімен жұмыс істеу.
- оқу, ойын бағдарламаларымен жұмыс істей білу;
Информатика пәні баланың техника құлағында ойнап отырған өз замандастарынан кем болмауы үшін қажет. Кез келген пәнді үйретудің әдістемелік негізі 5 компоненттен тұрады. Олар:
мақсат;
әдістер
мазмұн;
қажетті құрал-жабдық;
оқыту формасы.

Бастауыш сыныптарда информатика курсының мақсатын төмендегідей сипаттауға болады:


1
    • Компьютерлік сауаттылықты ашудың бастау негізі.

2
    • Ойды логикалық түрде дамыту.

3
    • Алгоритмдік білімді жетілдіру мен мақсатты шешудегі жүйелілік.
    • Компьютерді үйренудің оңай жолдарын іздеу.

Ақпараттық-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан да алгоритмдік ойлау қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.

  • Ақпараттық-логикалық. Бұл бағыт бойынша оқыту біріншіден, оқушылардың қоршаған ортаның элементтерін танып, оларды ажырата білу қабілеттерін дамытса, екіншіден, ойлау, есте сақтау қабілеттерімен қатар байқағыштығын, зейінін, берілген тапсырманы орындаудың оңтайлы, тиімді жолын таба білу қабілетінің дамуына әсері мол. Психологтардың зерттеуінше, ойлаудың логикалық құрылымының негіздері 5-11 жас аралығында қалыптасады. Сондықтан да алгоритмдік ойлау қабілеттерін барынша ерте жастан қалыптастыру қажеттігі өзінен-өзі туындайды.
  • Шығармашылық. Бұл бағыт бойынша оқытудың жаңаша әдіс-тәсілдерін қолдану арқылы баланың кішкентай кезінен дүниеге өзіндік көзқарасының қалыптасуына жол ашу, үздіксіз білім алуға дайындаудың тиімді жолдарын іздестіру. Басты мақсаты – оқушы зерттеуші есебінде ұжымдық жобаны жасақтауға және оны іске асыруға қатысады.
  • Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу.Ғалымдардың зертеулері бойынша оқу процесінің тиімділігін арттыруда ақпараттық технологиялардың рөлі зор. Бүгінгі күні психологтар мен педагогтар оқу процесінің тиімділігін арттырудың негізгі тәсілі ретінде төмендегі шарттарды ұғынады:

Дәстүрлі курсқа информатика элементтерін қосу


Пәнаралық кіріктіру.
Оқытуды ақпараттандыру.
Алгоритмдік оқыту.
1) Проблемалық оқытуды қолдану.

Қолданыстағы бағдарлама бойынша информатика курсы 5-11 сыныптар

5-11 сыныптар


«Информатика» пәні
Жаңартылған бағдарлама бойынша информатика курсы
3-4 сыныптар
«АКТ» пәні
«Информатика» пәні

Қорытынды

  • Информатиканы үйренуді бастаған кезде алгоритмдеу негіздерін жоғары сыныптарда берілді. Бүгінде тәжірибе көрсеткендей, бұл мәселені бастауыш сыныптардан бастаған жөн. Бастауыш сынып оқушысының алгоритмдік ойлау стилі өз жасына сай информатиканы үйренуге өте қолайлы. Олардың психологиялық өзгерістері, іске іштей жоспар құра білуі қалыптасып, оқытуға жақсы жағдай туғызады.
  • Бастауыш мектепте компьютерді пайдаланған кезде санитарлық-гигиеналық талаптарға зор мән беріп, компьютерлік сынып ережелерін қатаң сақтаған жөн. Мысалы, сыныптан кіріп-шығуға мұғалім рұқсат береді. Әрбір оқушы өз тобына тағайындалып берілген жұмыс орнынан ауыспауы керек, яғни сынып белсенділерін сайлау, компьютерді және оған қосылған басқа құрылғыларды да іске қосуға, өшіруге рұқсат етілмейді, оны мұғалім атқарады және де компьютерге компакт-дискілерді салуды, алуды мұғалім жүргізеді.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет