Білім беру бағдарламасы Қарағанды 2022


Адамның жүйке жүйесінің дамуы



Pdf көрінісі
бет2/60
Дата10.03.2023
өлшемі1,08 Mb.
#171797
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
Байланысты:
невро лекция

Адамның жүйке жүйесінің дамуы. 
Жүйке жүйесінің қалана бастауын 
байқау мүмкіндігі ұрықтың екі апталығында болады, ол табақша түрінде 
көрінеді. Жүйке жүйесі ұрықтың эктодерма жапырақшасының арқа жотасынан 
түзіледі. Көп кешікпей табақшаның шеттері біртіндеп бүгіліп, науа жасайды. 
Бұл науа ұрықтық жүйке жасушасынан құралған – нейробласттар мен 
спонгиобласттар. Одан әрі қарай біріншілерінен неврондар, ал екіншілерінен 
глиозды жасушалар дамиды. Біртіндеп науаның алдыңғы және төменгі 
ұштарынан басқа шеттері бітісе бастайды, сөйтіп медуллярлық түтік немесе ми 
түтігі түзіліп, ол ұрықтың ішіне қарай батады. Ұрық дамуының 4-ші аптасында 
ми түтігінің алдыңғы ұшы біркелкі емес дамып, үш көпіршік түрінде кеңейеді. 
Одан әрі алдыңғы және артқы көпіршіктер қайта бауланады да, бес ми 
көпіршігі пайда болады, олар мидың негізгі бөліктерін құрайды.
Ең соңғы (бесінші) көпіршіктен сопақша ми түзіледі, төртінші көпіршіктен 
Варолиев көпірі мен мишық, ортаңғы (үшінші) көпіршіктен ортаңғы ми, ал 
екінші көпіршіктен көру төмпешіктері (таламус), гипоталамикалық аймақ және 
қыртыс асты түйіндерінің бір бөлігі – паллидум (бозғылт шар) түзіледі. 
Медуллярлы түтіктің оральды бөлімінен (алдыңғы,яғни бірінші ми 
көпіршігінен) ми жарты шарлары және қыртыс асты құрылымдарының басқа 
бөлігі – неостриатум (жолақ дене) түзіледі.
Ми түтігінің бүйір бөліктерінде орналасқан жасушалардан жұлын пайда 
болады. Ми түтігінің қуысы жұлынның арнасына айналады, ол алдыңғы 
бөліктерін кеңейіп, мидың қарыншаларын түзеді. Жұлынның дамуы мидың 
дамуына қарағанда қарқынды жүреді. Әдетте ол үш айлық ұрықта негізінен 
түзіліп болады. Ми көпіршіктерінің дамуы біркелкі өтпейді. Тік болған 
ұзындық осі иіліп, үш бүгіліс жасайды. Мидың алдыңғы көпіршігі қарқынды 
өседі, одан мидың жарты шарлары мен қыртыс асты түйіндері дамиды. Төрт 
айлық ұрықта салына бастаған сайлар мен қатпарлар байқала бастайды, ал 
бесінші айында әлдеқайда жақсы білінеді. Ұрықтың миы босану кезіне қарай 


сыртқы 
белгілеріне 
қарағанда 
жеткілікті 
қалыптасқандай 
болады

Нәрестелердің миында ересек адамдардағыдай, бірақ кішірейтілген түрде 
барлық сайлар мен қатпарлар болады. Жүйке талшықтарының миелиндену 
үрдісі эмбриональды өмірдің төртінші айында басталып, негізінде екі-үш жаста 
аяқталады, бірақ миелин қабатының ұлғаюы организм өсуінің барлық кезеңінде 
жүруі мүмкін (А. М. Гринштейн).
Нәресте миының салмағы әдетте ұл балаларда 370 г, ал қыз балаларда 360 г 
болады. Мидың салмағы әдетте 8-ші – 9-шы айда екі еселенеді. Ми салмағының 
өсуі әдетте еркектерде 19-20 жаста, ал әйелдерде 16-18 жаста тоқталады.
Баланың үлкен жарты шарларының қыртысын микроскоппен зерттегенде 
оның нейрондарының құрылысы мен басқа омыртқалылардың нейрондарының 
құрылысы арасында айырмашылық бар екендігі аңғарылған. Мұнда ядроның 
үлкен көлемділігі және өсінді бұтақтар жүйесі жақсы дамығандығы байқалады.
Бұл адам миына тән байланыстардың бай болуының себебі болып табылады.
Қыртыс алаңдардың құрылысында да айырмашылықтар болады, ол 
аймақтардың қалыптасуы ұрықтың алты айлық кезінде-ақ басталады. Баланың 
миының қыртыстық алаңдары жасушалар мен талшықтардың өзіндік 
құрылысымен ерекшеленеді. Осындай артықшылықтар тек адам миына ғана 
тән. Жоғары омыртқалылардың, соның ішінде маймылдардың, үлкен жарты 
шарларының қыртысында бұған ұқсас түзілістер жоқ. Көрсетілген қыртыстық 
құрылым онда дамитын тек адамға ғана тән жоғарғы жүйке қызметінің, яғни 
сөйлеу мен оған байланысты абстрактылы ойлау қабілетінің материалдық негізі 
болып табылады. Міне сондықтан әртүрлі зерттеушілердің маймылды сөйлеуге, 
жазуға үйретуге тырысқан тәжірибелері нәтижесіз болды (А. Келлер, Е. А. 
Ладыгина-Котс, В. Дуров және т.б. тәжірибелері). Осы күрделі қызметтердің 
қалыптасуы үшін жоғары омыртқалылардың қыртысында сәйкес келетін 
материалдық негіз жоқ.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет