жартыларынан келетін талшықтар өтеді. Мысалы, сол жақ көру трактында екі
торлы қабаттың да сол жақ жартысынан келетін, ал оң жақ көру трактында
екеуінің де оң жақ жартысынан келетін талшықтар өтеді.
Көру трактының жүйке талшықтарының басым
бөлігі сыртқы тізе тәрізді
денелерге, ал аз бөлігі төрт қыраттың алдыңғы қыраттарының ядроларына, көру
төмпешігінің жастығына келеді.
Сыртқы тізе тәрізді дененің жасушаларынан көру жолы ми қыртысына
бағытталады. Жолдың бұл кесіндісі Грациоле будасы деп аталады.
Көру жолы шүйде бөлігінің қыртысында бітеді, мұнда көру
анализаторының орталық ядросы орналасады.
Балалардың көру өткірлігін арнайы кесте арқылы тексеруге болады.
Түстерді сезу түрлі-түсті суреттер жинағы көмегімен тексеріледі.
Көру жолының зақымдануы кез келген кесіндіде болуы мүмкін. Соған
байланысты көрудің бұзылысының клиникалық көрінісі де әртүрлі болады.
Негізінен зақымданудың үш аймағын ажырату керек: көру талшықтарының
айқасуына дейінгі, айқасудың (хиазма) өзінің аймағындағы және айқасудан
кейінгі. Бұл туралы төменде айтылатын болады.
ІІІ (көз-қимыл нерві), IV (шығыр нерві) және VI (сыртқа әкеткіш нерві)
жұп жүйкелер
көз алмасының қозғалысын жүзеге асырады, яғни көзді
қозғалтушылар болып табылады. Бұл жүйкелермен
импульстар көз алмасын
қозғалтатын бұлшық еттерге келеді. Осы жүйкелердің зақымдануы кезінде
сәйкес бұлшық еттердің параличтері байқалып, көз алмасының қимылы
шектеледі – қылилық.
Сонымен қатар, ІІІ жұп бас-ми жүйкелерінің зақымдануы кезінде птоз
(жоғарғы қабақтың түсіп кетуі) бен қарашықтардың тең еместігі де байқалады.
Соңғысы көз иннервациясына қатысатын симпатикалық нерв бұтағының
зақымдануымен де байланысты болады.
V жұп – үштік
жүйке ми сауытынан бетке шығып, үш тармақ құрайды: а)
көз қуысы, б) жоғарғы жақ, в) төменгі жақ. Алғашқы екі тармақ сезгіш болып
табылады. Олар жоғарғы бет бөлімдерінің терісін,
қабақ пен мұрынның
шырышты қабықтарын, сонымен бірге көз алмасын, жоғарғы жақты, қызыл
иекті және тістерді нервтендіреді. Жүйке талшықтарының бір бөлігі ми
қабықтарын нервпен қамтамасыз етеді.
Үштік жүйкенің үшінші тармағы талшықтар құрамына қарай аралас болып
табылады. Оның сезгіш талшықтары беттің терісінің төменгі бөлімін,
тілдің
алдыңғы 2/3 бөлігін, ауыз қуысының шырышты қабатын, төменгі жақтың
тістері мен қызыл иегін нервтендіреді. Бұл тармақтың қозғалтқыш талшықтары
шайнау бұлшық еттерін жүйкелендіреді.
Үштік жүйкенің иннервация жүйесіне симпатикалық нерв үлкен үлес
қосады.
Үштік жүйкенің шеткі тармақтарының зақымдануында беттің терілік
сезгіштігі бұзылады. Кейде жүйкедегі қабыну процесі шақырған ауырудың
азапты ұстамалары пайда болады (үштік нервтің невралгиясы). Талшықтардың
қозғалтқыш бөлігінің бұзылыстары шайнау бұлшық еттерінің салдануын
тудырып, оның нәтижесінде төменгі жақтың қозғалысы қатты шектеледі де,
тамақтың шайналуын қиындатады. Үштік жүйке
баланың емуі, шайнау
бұлшықеті жүйкеленуімен іске асырылады. Үштік жүйке қызметін төменгі
жақтың реакциясымен бағаланады. Егер саусағыңызды баланың ернінің астына
иекке қойып бассаңыз сәбидің төменгі жағы көтеріліп шайнау бұлшықеттің
жиырылуы байқалады.
Үштік жүйкесінің негізгі қызметі
Достарыңызбен бөлісу: