№
|
Қадамдар
|
Орындау критерийлері
|
1.
|
Қауіпсіздікті қамтамасыз етті
|
Өзіне және зардап шегушіге қауіп-қатердің жоқтығына көз жеткізу, жан-жағына қарау.
|
2
|
Қажетті құралдарды дұрыс таңдадым: Крамер шинасы, 2 таңғыш(бинт), қайшы
|
Ұзындығы 80 немесе 120 см болатын шинаның бірін , дәкелі немесе серпімді таңғыш (бинт), мақта, Купер қайшысы.
|
3
|
Пациентке дұрыс қалып берді.
|
Пациентті өзіне қаратып отырғызып, алдағы манипуляцияның барысын түсіндіріп, тынышталдырды.
|
4
|
Шинаның өлшемін дұрыс таңдады.
|
Крамер шинасын таңдады: ұзындығы 80 немесе 120 см, ені 8 немесе 11 см.
|
5
|
Шинаны пациенттің сау қолына, саусақтарының ұшынан шынтақ буынына дейін қойып көрді.
|
Түсініктеме беру дағдысы
|
6
|
Шинаны алып тастап, шамамен буын болатын орнында оны тік бұрыш қылып бүгіңіз.
|
Түсініктеме беру дағдысы
|
7
|
Шинаны сау қолдың өлшеміне сәйкес келтірді.
|
Шинаны сау қолға қойып модельдеп, қол мен білекті шинаға орналастырды (шинаның дұрыс дайындалуын тексерді).
|
8
|
Зақымдалған қолға орташа физиологиялық жағдай берді.
|
Қолды шынтақ буынында бүгіп, қолды шинаға супинация мен пронация арасындағы позицияға орналастырды.
|
9
|
Зақымдалған қолға шинаны орнатыңыз
|
Зақымдалған білек пен қолды дайын шинаға қойды. Шинаны қолдың саусақтарынан иықтың жоғарғы үштен біріне дейін артқы және сыртқы бетіне қойды.
|
10
|
Шинаны қолға дұрыс бекітті.
|
Қол саусақтарынан иық буынына дейін бинттің спиральды қозғалыстарымен таңуға кірісті.
|