Клиникалық сұхбат қадамдары
|
Дағдыны орындаудың қадамдық әрекеттері
(вербальды, вербальды емес компонент)
|
1. Бастапқы байланысты орнатыңыз
|
Науқаспен амандасып, өзіңізді таныстырыңыз, науқаспен қарым-қатынас формасын анықтаңыз;
|
Оңтайлы ара-қашықтықты ұстаңыз;
|
Қаралудың мақсатын анықтаңыз, науқастың шағымдарымен танысыңыз, сенімді қарым-қатынасты қалыптастырыңыз: науқас - дәрігер;
|
Бірлескен жұмыс жоспарын анықтаңыз; науқастың төлқұжат мәліметтерін анықтаңыз;
|
2. Сұхбат ашыңыз, науқаспен сауалнама жүргізіңіз
|
Ақпарат жинау кезінде ашық және жабық сұрақтарды пайдаланыңыз;
|
Жетекші, нақтылаушы сұрақтарды қолданыңыз;
|
Белсенді тыңдап, көз байланысын сақтаңыз;
|
Кері байланысты (басқаша сөзбен) түсінікті тілде, қосымша кідіріссіз ұсыныңыз;
|
3. Мүшелер мен жүйелер бойынша қарап-тексеру, физикальды тексеру жүргізіңіз
|
Келесі іс жоспарын түсіндіріңіз, медициналық тексеру жүргізуге ақпараттандырылған келісім алыңыз; сұхбат нұсқаулығын көрсету;
|
Балама сұрақтарды қолданыңыз (мысалы, ауырсынудың сипаттамасын нақтылау үшін, ауырсынудың локализациясын және қарқындылығын анықтау мақсатында);
|
Кері байланыста науқастың жағдайына, оның ауырсынуға реакциясына, дәрігердің қойылған сұрақтарды түсінуіне барабар баға беру;
|
4. Диагнозды қою және мүмкін нәтижені айтыңыз
|
Ақпаратты жинақтаңыз да алдын ала диагнозды науқасқа ұсыну;
|
Ауру туралы негізгі ақпаратты және ықтимал нәтижені түсіндіріңіз, сөйлеу жылдамдығын сақтай отырып, науқастың сұрақтарына жауап беріңіз;
|
Қосымша аспаптық зерттеулердің маңыздылығын түсіндіру үшін сендіру шеберлігін қолданыңыз; Науқастың кейінгі әрекеттерінің бағытын анықтаңыз.
|
5. Емдеу-сауықтыру іс-шараларының жоспарын қалыптастырыңыз
|
Науқаспен бірлесіп, дәрігер мен пациент арасындағы комплаенске сүйене отырып, емдеу жоспарын айқындау; ұсыныстарды (СӨС - салауатты өмір салты, тамақтану режимі, ұйқы режимі) түсінікті тілде жеткізу;
|
Науқастың қаралу кезіндегі жағдайына қарай емдеу жоспарын қалыптастыру;
|
Медициналық манипуляцияларды қорытындысын шығарыңыз, (сауалнама, физикальды тексеру, диф.диагностика) түйіндеңіз, тар шеңберлі мамандардың қатысуы қажет болған жағдайда қосымша аспаптық және зертханалық зерттеулер жүргізуге уақыттың маңыздылығын анықтаңыз;
|
Тағайындаулар мен ұсыныстарды түсінгенін анықтау үшін науқастан кері байланыс алу;
|
|
Келесі кездесуді анықтаңыз; сұхбатты аяқтаңыз;
|
Науқастан кері байланыс алыңыз
|
20. - «Стандартталған пациент, сіз дәрігердің (интерн дәрігерінің) жұмысына (медициналық қызметіне) қанағаттанасыз ба?"- "Сіз осы дәрігерге өз денсаулығыңызды сеніп тапсыра аласыз ба?»
|