№7 тапсырма
Есептерді шығарыңыз
Сфералық ойы айнадағы шын кескін нәрседен төрт есе үлкен. Нәрсе мен кескіннің ара қашықтығы 1,5м. айнаның фокус аралығы неге тең?
Қос дөңес линзаның оптикалық күші 3дптр. Кескін линзадан 4м қашықтықта орналасу үшін нәрсені қос дөңес линзадан қандай қашықтықта орналастыру керек?
Оптикалық күші 5 дптр болатын линзамен нәрсенің кескінін бес есе үлкейту үшін, осы нәрсені линзаның алдына қандай қашыттықта орналастыру керек?
Шыныдан жасалған жинағыш линзаның ауадағы оптикалық күші 8 дптр. Осы линзаны сұйыққа салғанда ол фокус аралығы 1м болатын шашыратқыш линза ретінде әрекет жасайды. Шынының сыну көрсеткіші 1,5 деп алып, сұйықтың сыну көрсеткішін табыңдар.