Білім беру бағдарламасы «Бейнелеу өнерінің тарихы мен теориясы»



бет2/2
Дата07.02.2022
өлшемі21,79 Kb.
#97432
түріБілім беру бағдарламасы
1   2
Байланысты:
Дәріс 3

17 ғасырда Голландия өнері өзінің шарықтау, гүлдену кезеңін басынан өткерді.Елде көптеген сұңғат шеберлері шықты.Олар көбінесе белгілі бір бағытта жұмыс істеді.Голлландия сұңғатының бір ерекшелігі онда басқа елдердегідей суретшілер
діни-қиял ғажайп,тақырыпқа қалам тартпады,тіпті ондай туындылар жоқтың қасы.Суретшілердің туындылары басқа елдердегідей шіркеу мен сарайларға арналып, салынбағандықтан көбінесе бөлмелерге ілуге шағындалып жасалынды.Голландия сұңғатында жанрлық және күнделікті тұрмыс тіршілік дамыды.17 ғасырда ірі шеберлердің бірі Питер де Хох болды.Оның туындылары көбінесе қарапайым күнделікті үй тіршілігіне арналды.Солндай жұмыстың бірі
“Кіреберіс”туындысы.Жалпы бұл шебер үй-ішінің аясын соған тән аула бейнесін шынайлықпен бейнеледі.Күнделікті қарапайым шаруа өмірін жеріне жеткізе суреттеді.Екінші бір атақты шебер Делфтскии суретшінің қолтумасында уақиға көбінесе бөлмеде өтеді.Терезеден түскен сәуледен бөлме табиғатында қалай болатынын ондағы әр заттың қалай құбылатынын бұл шебер керемет бере білген.Ян Вермердің ең сүйікті бояу реңі аспан көк пен ашық сары түс.Ол көбінесе ас үйдегі әйел іс тігіп немесе тоқымаман айналысып отырған хат оқып музыка тыңдап отырған адамдар бейнесін бейнелеуші суретші болды.Атлас бұл мен неше түрлі киім өңін айнытпай өмірдегідей бере білетін шебер суретші Терборх болды.Суретші көбінесе ауқатты семъя өмірін қайғы мұңсыз өмірді дәріптеді.Голландия сұңғатында натюрморт жазу да дамыды.Өнердің осы ағымы арқылы елдің тұрмыс хал-ахуалын біршама көрсете білді.Аса қымбат асыл күміс,алтын,хрусталъ ыдыстар ,бокалдар ,ашық әр түсті гүл шоғы жеміс-жидекке толы вазалар міне осының бәрі голланд натюрмортына тән нәрселер болды.Теңізшіліктің дамуымен теңіз саудагершілігі бұл елде қатты дамыды соның арқасында бай қазынаға ие болды.Осының барын сұңғатта жаңа бағыт «марина»өмірге келді.Бұл теңіз көрінісін дәріптеп көрсету еді.Малшылар туралы жазылған картиналар дами келе жануарлар өмірін бейнелейтін анамалистика жанрының шығуына себеп болды.Голландияда сонымен қатар портреттік сұңғат жоғары дәрежеде дамыды.Сол кездегі атақты портрет жазудың шебері Франс Халс болды.Суретші көбінесе әскери адамдарды олардың топтама портреттерін цыган бейнелерін өз туындыларында арқау етті.Әсіресе көңілді күліп тұрған адамдарды бейнелеуді ұнатты.Сондай суреттердің бірі «Цыган бейнесі.»


Тақырып бойынша бақылау сұрақтары:


1. Испания мәдениетінің «Алтын ғасыры».
2. Эль Греко шығармашылығы.
3. Х.Рибера шығармашылығы.
4 Диего Веласкес шығармашылығы.
5. Питер Пауль Рубенс шығармашылығы.
6. Я.Рейсдаль шығармашылығы.


Әдебиет:
1. Любимов Л. Батыс Еуропа өнері. Алматы 2000.
2. Асылбекова А.М. Әлемдік өнертану. 2-том.: Бейнелеу өнері. Алматы; Өлке, 2008 ж.
3. Гомбрих, Э. Өнер тарихы ]: Оқулық / Эрнст Гомбрих.- Алматы: Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қоры, 2018.- 680 б.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет