Ескі дағдының жаңа дағдыны қалыптастыруға көмектесуін дағдылардыңтасымалыдейді.Мәселен,шет тілдің біреуін білу, екіншісін үйренуге көп жеңілдік береді. Мұның себебі бұрынғы қалыптасқан дағдының арасында ұқсастықтардың көп болуы. Олар: алфабиттегі және дыбыстардың айтылуындағы және грамматикалық ережелердегі ұқсастықтар. Осы заңдылыққа сәйкес, арифметикада қосу амалын білу көбейту амалын үйренуге, алу амалын білу бөлу амалын тез меңгеруге жағдай жасайды. Көркем жазу сабағында бала әдемі, таза ,анық етіп жазуға дағдыланады. Осылайша қалыптасқан дағдыны оқушы басқа пәндерден жазатын дәптерлерге де
ауыстырады. Токарь станогінде жұмыс істеуді меңгерген жұмысшы машинаның қалған түрлерінде жұмыс істеуге иез дағдылана алады.
Тасымалдау заңы әр текті дағдыларға үйлеспейді. Мәселен,заттың түстерін айыру дағдылардың сызық тардың ұзындығын немесе әрселердің салмағын айыру үшін қолдануға болмайды. Сондай-ақ жаяу жарысқа қажетті дағдылар жекпе-жек кұресудің дағдысына қолайлы әсер етпейді.
Бұрынғыдағдылардыңжаңадағдылардыңжасалуынабөгеткелтіруінинтерференция деп атайды. Дағдылардың интерференциясы екі түрлі болады. Жаңа дағдыларды қалыптастыруда бұрынғы дағдылар кедергі жасайды.Интерференцияның бұл түрін ассоциятивтік тежелу деп атайды.
Бұрынғы дағды жаңа дағды қалыптасып болғаннан кейін де өзінің кесірін тигізе беруі мүмкін. Интерференцияның осы түрі репродуктивтік тежелу деп атайды. Оқу тәрбие процесінің нәтижелі болуы үшін мұғалім осы заңдылықтарын біліп отыруы қажет.
Бұрын қалыптасқан дағдылар ұзақ уақыт қайталанбағандықтан не жатықпағандықтан бұзылады. Мұндай жағдайларда көбінесе құрамы өте күрделі дағдыоар алдымен бұзылатыны мәлім. Мәселен,тәжірибелі ұшқыштардың өзі көп уақыт бойы өшпаса, дербес қшудан сескеніп, батылы бармайтын көрінеді. Ұшу дағдылары өте күрделі дағдылардың бірі екендігі белгілі.
Нашар менгерілген дағдылар да тез қалыптаспайды. Мәселен, шет тілді шала білетін адам, кейін оған қайтадан кіріссе, оқу техналогиясынан үлкен қиындықтар көреді. Бірақ, қайталап жаттығудың нәтижесінде қалыптаспаған дағлыны адам қайтадан қалпына келтіре алады.Осы момені Л.Н.Толстой «Анна Каренинада» шалғымен шөп шабу дағдысын жоғалта бастаған Левиннің басынан жақсы байқай алған: «көптеген адамдар шалғы шапапағандықтан,өзіне қараған жұрт көзінен де қысылып, алғашқы сәтте қатты сілтегенмендн, нашар шапты. Левин... қалайда тәуір шабайын деген оймен... «қолымдықұлаштай бермей, бүкіл кеудемді сала сілтейін», -деп ойлады... Тағы да екі салашауып шықты... Қазір жұмысында, өзіне бір орасан рақат сезілген өзгеріс тебасталаын деді. Жұмыс үстінде тіпті не істеп жүргенін де ұмытып кеткенсәттері болып, ондайда өзіне оп-оңай соғып, сол сәттерде шапқан саласы даТит саласындайтегіс, жақсы шығып отырды. Бірақ не істеп жүргенін ескеалып , тәуірірек істейтін деп, тырыса бастаса-ақ болды, еңбектің де барсалмағындереусезіп,шапқансаласыданашаршығыпотырды...Левиннеңырлым шаба тускен сайын, өзін-өзі ұмытқан сәттері де соғырлым жиесезіп, соның тұсында қолы да шалғы сілтемей, қайта өзін- өзі сезінген өміртолы денесін шалғының өзі өозғап, ой жұмсалмай, тылсым бойынша істеліпжатқанын, жұмысы да өзінен-өзі дөп түсіп, дәл істеліп жатыр. Ол бір еңрақат минуттар болатын. Сол өзін ұмыта сілтеген қимылды қойып, ойлайкерек болса-ақ, қиындай да берді;қиындағанда не шоқаттарды,не оталмағанатқұлақтарды шапқан шақттар да қиындады...Бұл жүріс өзгерістері Левингеде,соныңсоңындағыжасжігіткедеқиынтиді.Олекеуідебіртүйілеқимылдап, жұмысқа қыза кірісіп алған соң-ақ, қимылдарын өзгертіп, алдынғыжақтанеболыпжатқанынқосабақылау дегенгешамаларыкелген жоқ» Психологиялық эксперименттердің нәтижелері кейбір күрделі дағдылардың белгілі даму дәрежесіне жеткізілмеуі олардың бұзылуына себепші болып отыратындығын байқатады. Мәселен,балалар бақшасының жоғары тобындағыларды жазды күні кеспе әліппенің кейбір элементтерімен таныстырып, екйін күзде олардың сол үйренгендерін байқап көргенде балалардың бұрын білгендерін ұмытып қалғандары байқалған.Балалар бақшасында хат тану негізгі міндет болып есептелінбейді де, оның үйретудің методикасы мектептегіден әлдеқайда төмен болады. Балардың бұрын білгендерін кейін ұмытып қалуына да осы жағдай әсер еткені сөзсіз.
Дағдылардың бұзылуының жеке көріністерінің бірі де автоматизация.Мұны дағдылардың босансуы деуге де болады. Мәселен,емле ережелерін жақсы білетін адам дмктант жазған кезде , сол ережелерді әдейілеп еске түсіріп отырады.Мұңдай кезде оның дағдысы бұзыла бастайды, тез жаза алмайды, кібіртіктей береді.Мұндай жағдай баланың осы дағдыны тек бір жолмен үйренгендігін көрсетеді.Егео бала мұның толып жатқан тәсілдерін білсе, үйренгенін ретімен қолдана біледі.
Адамның түрлі аффект жағдайларында жасалған дағдыларды да содай-ақ жеңіл менгерілгендерді де бұзылуға тез ұшырап отырады.Дағдылардың осылай бұзылып, тіпті жоғалып отыруы олардың автоматталу дәрежелесінің әр түрлігінен болады. Мәселен,жүру, жүгіру,аяқ-қол қимылдарының автоматталынуы оңай болса, спорттық дағдылардың автоматталу жолы өте күрделі болып келеді.Соңғылары арнаулы жаттығулар мен қайталауларды көп керек етеді. Сол секілді ақыл-ой дағдыларының автоматталынуы да өте күрделі жаттығуларды керек етендіктен, бұлардың қалыптасуына да көптеген қиыншылақтар, осыған орай бұзылулар жиі кездеседі.
Дамудың ең жоғары шегіне көтерілген дағдыларды, сондай-ақ әдеттерді автоматизмдер деп атайды. Адамда туысынан пайда болатын автоматизмдермен (жүрек пен ішектің қозғалыстары, дем алу процесі т.б.) қатар өмір сүру барысында қалыптасатын автаматизмдер (жүру, сөйлесу, киіну, ішу т.б.) болады.
Дені сау адамның авиоматизмінен патологиялық (нерв жүйесінің қызметіне зақым келген жағдайда) автоматизмді ажырату керек. Соңғысы сананың бақылауынан түгелдей шығып кеткен қозғалыстар. Бұған мәселен, ұйқы кезіндегі адамның жүруі, бұлшық еттердің дірілдеуі, дененің жеке мүшелерінің селкілдеуі, тілін шайнау, ернін тістеу т.б. осындай патологиялық автоматизмдер жатады.