Қазіргі уақытта психология ғылымы бірнеше салаларға бөлінеді.
Әлеуметтік психология – адамның нақты бір қоғамға жатуымен қамтылған психологиялық құбылыстар мен процестерді зерттейді.
Зоопсихология (немесе салыстырмалы психология) – жануарлар психикасының ерекшеліктерін және заңдылықтарын зерттейді.
Педагогикалық психология - өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үдерісінің психологиялық ерекшеліктерін және заңдылықтарын зерттеумен айналысады.
Жас ерекшелік психологиясы - түрлі жас кезеңдегі адамдардың психикасын, олардың тұлғасының, ақыл-ой дамуының қалыптасу үдерісін, қабылдау, ойлау, ес, қызығушылықтар,, іс-әрекет мотивациясы және т.б. үдерістерінің жастық ерекшеліктерін зерттейді.
Инженерлік психология – қазіргі машиналардың техникалық талаптарының адамның психикалық мүмкіндіктерімен (қабылдау үдерісінің жылдамдығы мен дәлдігі, зейіннің көлемі мен бөлінуі) сәйкес келу мәселесін шешуге бағытталған.
Өнер психологиясы - өнердің әртүрлі түрлеріндегі (әдебиет, музыка, скульптура) шығармашылық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін, адамның өнер туындыларын қабылдау ерекшеліктерін зерттейді, олардың адамның жеке тұлғасының дамуына әсерін психологиялық талдау беруге көмектеседі.
Спорт психологиясы – спорттық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.
Космостық психология – космостық ұшу жағдайындағы адам ағзасында болатын психикалық үдерістер ерекшеліктерін, сондай-ақ психикаға үлкен физикалық жүктеменің, әдеттен тыс орта жағдайының әсерін зерттеумен айналысады.
Заң психологиясы – құқық бұзушылар және қылмыскерлердің психологиясын зерттейді.
Әсери психология – жауынгер тұлғасының психологиясын, әскери ұжым психологиясын және олардың жұмысының алуан түрлі формасы және түрлеріндегі кәсіби іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.
Достарыңызбен бөлісу: |