Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Есенова С. Н оқытушы, психология магистрі



бет11/92
Дата27.11.2022
өлшемі0,89 Mb.
#160005
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92
Байланысты:
Психология силлабус copy-1 (4)

Психологияның салалары


Қазіргі уақытта психология ғылымы бірнеше салаларға бөлінеді.



  1. Әлеуметтік психология – адамның нақты бір қоғамға жатуымен қамтылған психологиялық құбылыстар мен процестерді зерттейді.

  2. Зоопсихология (немесе салыстырмалы психология) – жануарлар психикасының ерекшеліктерін және заңдылықтарын зерттейді.

  3. Педагогикалық психология - өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеу үдерісінің психологиялық ерекшеліктерін және заңдылықтарын зерттеумен айналысады.

  4. Жас ерекшелік психологиясы - түрлі жас кезеңдегі адамдардың психикасын, олардың тұлғасының, ақыл-ой дамуының қалыптасу үдерісін, қабылдау, ойлау, ес, қызығушылықтар,, іс-әрекет мотивациясы және т.б. үдерістерінің жастық ерекшеліктерін зерттейді.

  5. Инженерлік психология – қазіргі машиналардың техникалық талаптарының адамның психикалық мүмкіндіктерімен (қабылдау үдерісінің жылдамдығы мен дәлдігі, зейіннің көлемі мен бөлінуі) сәйкес келу мәселесін шешуге бағытталған.

  6. Өнер психологиясы - өнердің әртүрлі түрлеріндегі (әдебиет, музыка, скульптура) шығармашылық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін, адамның өнер туындыларын қабылдау ерекшеліктерін зерттейді, олардың адамның жеке тұлғасының дамуына әсерін психологиялық талдау беруге көмектеседі.

  7. Спорт психологиясы – спорттық іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін зерттеумен айналысады.

  8. Космостық психология – космостық ұшу жағдайындағы адам ағзасында болатын психикалық үдерістер ерекшеліктерін, сондай-ақ психикаға үлкен физикалық жүктеменің, әдеттен тыс орта жағдайының әсерін зерттеумен айналысады.

  9. Заң психологиясы – құқық бұзушылар және қылмыскерлердің психологиясын зерттейді.

  10. Әсери психология – жауынгер тұлғасының психологиясын, әскери ұжым психологиясын және олардың жұмысының алуан түрлі формасы және түрлеріндегі кәсіби іс-әрекеттің психологиялық ерекшеліктерін зерттейді.



  11. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   92




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет