Психикалық құбылыстар жіктелуі
1 -сурет
Біздің түйсіктеріміз, қабылдауларымыз, ес, ойлау, сөйлеу, қиял, еркіміз психикалық процестер деп аталады. Кейде психикалық процестер неғұрлым күрделеніп кетсе, онда адам белгілі бір толқуды басынан кешіреді, бұл психикалық қалып деп аталады. Мәселен, окушының сабаққа деген зейінділігі немесе селсоқтығы, адамда болатын шаттану не ренжу осындай жағдайлар т.б.
Әрбір адамда өзіне тән кейбір ерекшеліктері болады. Мәселен, бір адам кітап окуға ықыласы күшті болады, екінші бір адам математикаға кабілетті болып келеді, енді біреулері қызба болып келеді, бұндай адамды темпераментті адам дейді, екінші біреулері байсалды, мұндай адамды мінезге бай адам дейміз.
Қабілет, темперамент, мінез - бұл адамның психикалық қасиеттері.
Психикалық процестер, психикалық жағдай және психикалық қасиеттер бір-бірімен тығыз байланысты, бұлардың жиынтығы психика болып саналады.
Осы айтылып кеткен психикалық процестер, жағдайлар, қасиеттер бір калыпта тұрмай, адамның іс-әрекетінде дамып, өзгеріп отырады. Бұл өзгерістер заң бойынша болып отырады.
Адамның психикасын, оның психикалық іс-әрекетінің заңдылықтарын зерттейтін ғылымды психология деп атайды.
Жан туралы ғылыми түсінік ежелгі грек ғалымы Аристотель (б.з.д. 384-
322 ж.ж.) есімімен байланысты. Екі жарым мың жылға созылған осынау кезеңде психология басқа ғылымдармен (философия, медицина, әдебиет, жа- ратылыстану т.б.) араласса, астарласа дамып келді. XIX ғасырдың екінші жартысынан былай қарай ғалымдар жан құбылыстарын (түйсік, ес, ойлау, қиял т.б.) эксперимент (тәжірибе) жүзінде әр түрлі құрал-жабдық аспаптардың көмегімен зерттей бастады. Осы кезден бастап психология өз алдына дербес отау тігіп, тәжірибелік ғылым ретінде дами бастады. Ғылымның осы саласына экспериментті, тұңғыш енгізген неміс ғұламасы В. Вундт (1838-1920 ж.ж.) болды.
Психология ғылымының тарихы да біріне-бірі қарама-қарсы жоғарыда аталған екі бағыттың үздіксіз ой-пікір, талас-тартысына толы. Мәселен, ертедегі грек ойшылдарының бірі Демокрит (б.з.д. 460-370 ж.ж.) сол кездің өзінде-ақ жанды (психика) оттың атомдарындай қозғалмалы касиет деп түсіндірді. Ол жанның мәңгі еместігін, оның өсіп, өшіп отыратындығын айтып, материалистік тұжырым жасады. Сол заманның екінші бір ойшылы, идеалист Платон (427-347ж.ж.), керісінше, жан мәңгі өлмейді, өшпейді деп тұжырымдады.
Достарыңызбен бөлісу: |