А.А. Бодалевбелсендiлiк және оның құрамдас бөлiктерi тұлғаның өзiне- өзi сенiмдiлiк сияқты мiнездемесiмен тығыз байланысты деп көрсетедi. Сондықтан өзiн-өзi танытатын тұлғаның маңызды қасиетi өзiне сенiмдiлiк проблемасы отандық психологтармен аз зерттелiнген. Шетелдiк психологтар тұлғаның бұл сипаттамасын теориялық және эксперименттiк түрде зерттеуге тырысты. Бiрақ, алғашында ол психокоррекция мәселелерiмен байланысты зерттелiндi. Өзiне сенiмдiлiктiң аз немесе тiптi болмауы көп жағдайда пессимизм мен қысылуда көрiнiс табатын тұлғаның невротикалық симптоматикасына әкеледi. ХХ ғасырдың 40 жылдары АҚШ-тағыневрозклиникасының бас дәрiгерi Андре Сальтер өзiне сенiмсiздiктi коррекциялау, емдеу және әлсiрету проблемасымен ең алғашқы болып айналысты [9, б. 55 Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними].
Жеке адамның қайнар көзiнiң белсендiлiк көзi - қажеттiлiк. Қажеттiлiк кең мағынада - бұл мұқтаждық, ал тар мағынада - қалып, яғни адамның жағдай тәуелдiлiгiнiң көрiнiсi. Қажеттiлiк биологиялық және әлеуметтiк болып бөлiнедi. Биологиялық қажеттiлiкке – су, жылу, ауа, тамақ, сексуалды қатынас т.б., ал әлеуметтiк қажеттiлiктiң негiзi - еңбек ету, тануда, қарым-қатынас, жетiстiкке жету т.б. Өзiн-өзi тану процесi ретiнде көрiнiс бередi және оның түп негiзiнде қажеттiлiк жатыр, ол өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк деп атауға болады. Өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк - бұл тану қажеттiлiгi. Ол «Мен» қажеттiлiгiмен тығыз байланысты. Оларға жататындар: өзiн-өзi сыйлаудағы қажеттiлiк, өзiн теңестiрудегi қажеттiлiк, өзгелердiң көзқарасы бойынша өзiн мойындау т.б.
Өзiн-өзi сыйлауға деген қажеттiлiгi адамның өз талаптарына және қоршаған ортадағы адамдардың талаптарына жауап беруiмен жоғары дәрежеге жетуiмен көрiнiс бередi. «Мен»-iң тұтастығына деген қажеттiлiгi «Мен» образының соңына жету [1, б. 32-36 Абульханова К.А. Психология и самосознания личности].
Барлық қажеттiлiктер бiр-бiрiмен тығыз байланысты және бiр-бiрiн толықтырып отырады. Өзiн-өзi сыйлау және «Мен» тұтастығы, олар өзiн-өзi тану қажеттiлiгiн күшейтедi. Өзiн-өзi тану қажеттiлiгi басқа да қажеттiлiктердiң қанағаттануымен жеңiлдетiледi. Мысалы, өзiңе талапты қоя бiлу үшiн, ең алдымен өзiңдi бiлу қажет, ал өзiңдi жақсы бiлсең тұтастығыңды құрай аласың және «Мен» образына ешқандай қарама-қарсылық тумайды.
Мұндай қажеттiлiктiң қанағаттандырылуы өзiндiк дамуымен байланысты. Өзiңдi бiлу үшiн және өзiн-өзi тану қажеттiлiктi күшейту үшiн, көбiрек қарым- қатынас жасау керек, ал қарым-қатынасқа түсу үшiн өзiңдi жақсы бiлу қажет, ал бұл жетiстiктегi қажеттiлiктердiң қанағаттануымен жүзеге асады. Жетiстiкке жету үшiн де өзiңдi бiлген жөн.