С.М. Жақыпов жекt мағыналық құрылымдарды емес, тұлғаның танымдық іс-әрекетінеде көрінетін ішкі психикалық құрылымдардың тұтас жүйесін қарастырды. Ол мотивацияның іс-әрекетке байланыстығын, мағына және мақсаттың пайда болуымен түсіндірді. Адамдардың бірлесіп әрекет етуіндегі ортақ мотив түрін бөлді. Ортақ мотив – іс-әрекеттің ортақ обьектісінен және іс-әрекетке қатысты тұлғалардың мағыналық жүйесінің өзара сәйкестілігінен байқалады, ол әрекет тиімділігіне едәуір әсер етеді [8, б. 47 Джакупов С.М. Экспериментальные исследовния этнических предубеждений //Теоретические и прикладные проблемы социолизации личности: Межвузовский сборник научных трудов. Часть ІІІ].
А.А. Бодалев өзін-өзі танудың оптимальді мүмкіндігі адамдармен қарым- қатынас негізінде көрінеді, ал субьективті маңыздылығы субьект жағынан құндылықтар қатынасымен қарастырды. Мұндай қатынас негізінің сапасында субьектінің тану эталоны тұлғаның құнды қасиеттері жайлы, басқа адамдар және өзі жайлы білудің жиынтығы [9, б. 57 Бодалев А.А. О смысле жизни человека, его акме и взаимосвязи между ними].
Өзін-өзі тану процесі - өзін тану, білу мақсатына жету әрекеттердің ауысуы, ал өзін-өзі тану құралы - өзін-өзі бақылау, өзіндік талдау, өзін басқалармен салыстыру. Өзін-өзі бақылау өз іс-әрекетін, қылығын, ішкі жағдайларына бақылау жасау және ол мақсат-бағдарлы болып келеді. Өзін-өзі бақылау – мінездік сипатын, қарым-қатынас ерекшелігін, тұлға қасиеттерін анықтауға мүмкіндігін тудырады [10, б. 9-10 Столин В.В. Познание себя и отношение к себе в структуре самосознания личности: Автореф].
Өзін-өзі талдау, өзін-өзі бақылау арқылы және бақылаудың соңында талдау жасалынады. Алайда, адам өзін үнемі өзгелермен салыстырады, ал салыстыру әдісі өзін-өзі тану компоненті ретінде өзін-өзі бағалауы қалыптасады [6, б. 37-38. Маралов В.Г. Основы самопознания и саморазвития].
Моделдеу – бұл өзін-өзі танудың арнайы тәсілі. Мысалы, психологтың көмегіне сүйену, алайда, психологпен әңгіме жүргізуде, қарым-қатынас жасауға кез келген адам жете бермейді. Сондықтан өзіндік нәтижесін өңдеу жұмысын дербес жүргізуге болады. Моделдеу - жеке дара қасиеттердің бейнеленуі. Мұның қарапайым әдістері - өзін суреттеу, «Мен қазіргі шақта», «Мен болашақта», «Мен дос ретінде», «Мен студент» т.с.с. сурет өзіндік талдауды жеңілдетеді (мен қандаймын?, менде қандай қасиеттер басым?, мен нені қажет етемін?, мен не істей аламын?). Егер суретте белгілер айқын көрсетілген кезде, бұл тәсіл тиімді болады. Сондай-ақ, практика өзін-өзі тану процесін жеңілдетеді және өзіне басқа жағынан қарауға көмектеседі. Мысалы, рөлдік ойындар, психодрама [11, б. 38-39 Орлов Ю.М. Самопознания и самовоспитание характера].
Достарыңызбен бөлісу: |