1.Басқару функциясы – басқару қызметінің нақты түрі, оны жүзеге асыру үшін арнайы амалдар мен әдістер, сондай-ақ тиісті ұйымдық жұмыстар қолданылады.Әрбір басқару функциясы үдеріс болып саналады, өйткені, бұлар да өзара байланысты әрекеттер сериясынан тұрады. Басқару функциясы барлық функцияның жалпы жиынтығы.
Басқару процесінің төрт функциясы белгілі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивация және бақылау. Олар коммуникация және шешім қабылдау процестерімен байланысып біріккен. Олардың негізгі мазмұнын қарастыралық.
Жоспарлау барлық басқару функциясының ішіндегі ең елеулісі болып саналады.
Жоспарлау кәсіпорын мен бөлімшенің мақсатын таңдап алудан тұрады, сондай-ақ осы мақсатқа жету амалдарын қарастырады.
Ұйымдастыру. Ұйымдастыру – демек нендей бір құрылым құру. Ұйым өзінің жоспарын орындау, сол арқылы мақсатына жету үшін конструкциялауға қажетті көптеген элементтер болады.
Мотивация. Егер кімде кім ұйымдағы нақты жұмысын орындамаса, онда тіптен ойдағыдай жасалған жоспардың және ұйымның неғұрлым жетілдірілген құрылымның ешқандай мәні болмайды. Сондықтан да мотивацияның міндеті сол, ұйым мүшелері өздеріне бекітілген міндеттерді жоспарға сәйкес орындау.
Бақылау. Күтпеген жағдайға байланысты ұйым өзінің бастапқы, басшы белгілеген бағытын өзгертуі мүмкін. Сондықтан да басшының міндеті, ұйымға елеулі зиян келмей тұрғанда алғашқы белгіленген жоспардың өзгеру себебін тауып, анықтау болуы тиіс.
Бақылау – бұл ұйымның өз мақсатына жетуін қамтамасыз ету процесі.
Мектеппен басқару – жауапкершілігі мол қызмет. Бұл əсіресе, құрамы көбінесе əйелдерден тұратын педагогикалық ұжымдарға қажет. Себебі, əйел адамдардың көбіне қоршаған ортадағы құбылыстарды эмоция арқылы қабылдау, сондай-ақ, ортаға деген дəл осындай эмоциялық қатынас тəн болып келеді. Еңбек психологиясы туралы əдебиеттерде педагог жұмысының стрессогендік дəрежесі үлкен компаниялардың, холдингтердің, банктер жəне т.б. жетекшілерінің жүйке жұмысының жүктемесінен едəуір артық екені көрсетіледі. Бизнес, қаржы, өнеркəсіптік аясындағы топ-менеджерлерге қарағанда, білім беру мекемесінің жетекшісінің стрессогендік жүктемелері пəнмұғалімінің, оқытушының, ғылыми қызметкердің функцияларын қоса атқарғандықтан, бірнеше есе өсетінін атап кету қажет. Білім беру мекемесі типінің жəне түрінің ерекшелігі де өз рөлін атқаруда. Қызметкерлерінің бірталай санымен ірі ЖОО-да басқару функциялары басқарушы команданың мүшелері арасында тең бөлінген. Жоғары мектептің басқарушы құрылымы ЖОО-мен жалпы басшылық ететін ректордың лауазымын, оның орынбасарларын – оқу үдерісі, ғылыми-зерттеу жұмысы, тəрбие үдерісі, ЖОО-ның стратегиялық дамуы, халықаралық қатынастар, материалдық-техникалық қамтамасыз ету (мемлекеттік сатып алулар, ғимараттар мен жабдықтарды пайдалану жəне басқалары), кадрлармен жұмыс істеу жəне т.б. қызметтің жеке бағыттарына жетекшілік атқаратын проректорлардың лауазымдарын енгізуде. Проректорларға кəсіби міндеттері нақты бағыт бойынша ЖОО-ның қызметін қамтамасыз етумен байланысты тиісті бөлімшелер (бөлімдер, басқармалар, департаменттер) бағынады. Сонымен қатар, мектеп директорының қызметі, мектеппен жалпы басқарудан басқа, онымен тікелей мəселелердің біршама кең аясы шешілетінін көздейді. Директордың басқаруына кадр жұмысы, қызметкерлерді жұмысқа қабылдау, олардың қызметтік өсуі, жұмыстан босатуы жəне т.б. жатады. Мектептің материалдық-техникалық қамтамасыз етілуі жұмыс уаытының едəуір шығындарын талап етеді. Директордың су ағып жатқан шатыр, сыныптарды жөндеу, жаңа жабдықты сатып алу жəне басқа проблемалармен жұмысбасты болғаны мəлім. Көп жағдайда осы міндеттер директордың көбінесе шаруа адамы болып көріну дерегіне негіз болып, мектеп жетекшісінің қызметінде басым бола бастайды. Осының салдарынан мазмұны еңбек ұжымымен, қызметкерлермен басқару, оларды ұйымдастыру, ынталандыру мен уəждеу сияқты нағыз менеджерлік функцияларға білім беру мекемесі директорының қолы жетпей қалады. Осыны түсіну өзіне-өзі көңілі толмаудың, қосымша психологиялық жүктеменің тағы бір себебі болады.
№6 дәрістің тақырыбы:Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде