Білім беру бағдарламасы «Білім» топтарына арналған Құрастырған: Рамазанова А. П., оқытушы, магистр Орал, 2023 ж



бет12/45
Дата20.11.2023
өлшемі1,08 Mb.
#192081
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45
Байланысты:
Білім берудегі менеджмент силлабус Рамазанова

4.Ақпараттық кезең 1960 – 2000 . Осы кезден сандық ықпал пайда болды.
2 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық менеджмент педагогикалық жүйелерді басқарудың теориясы және технологиясы ретінде
1.Педагогикалық жүйелерді басқарудың қоғамдық-мемлекеттік сипаты.
2.Қазіргі мектепті басқарудың ерекшеліктері және негізгі қағидалары.
3.Педагогикалық менеджмент мақсаты және функциялары.
Педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттардың объективтілігі және толықтылығы
Педагогикалық жүйені басқару тиімділігі едәуір дәрежеде қажетті және толық ақпараттың болуына байланысты. Ақпараттың объективтілігі және толықтығы ақпараты талдау және өңдеудегі асығыстыққа, дерексіз-дікке қарсы қойылады. Әлеуметтік педагогикалық әдебиетте ақпарат педагог пен тәрбиеленушінің арасындағы байланыс құралы ретінде, кейде жүйе мен қоршаған орта туралы мағлұматтар жиынтығы ретінде қарастырылады.
Басқаруда ақпаратты пайдаланудың қиындығы оның тым көптігінен немесе тым аздығынан туындайды. Мектепішілік басқаруда ақпаратты біржақты қарастыруға болмайды. Ақпараттың аздығы да, көптігі де шешім қабылдауға, оны іске асыруды реттеуге кедергі жасайды. Әдетте педагогикалық жүйедегі ақпараттың жетістіктері тәрбиелік қызмет саласынан байқалады. Ал оқу тәрбие процесінде тұлға дамудың бағыттары, оның оқу және оқудан тыс әрекеті, мінезі мен даму ерекшеліктері туралы да ақпараттар жетіспей жатады.
Мектепішілік ақпаратпен айналысқан адам оны жинау, өңдеу сақтау және қолданудың әдістерін жете білуі тиіс. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметіне бақылау, анкета жүргізу, тестілеу, нұсқаулық және әдістемелік материалдармен жұмыс жасау жиі қолданылады. Техника-лық құралдарды және компьютерлендірудің нәтижесінде материал жинау, оны өңдеудің мерзімі едәуір қысқарды. Қазіргі мектеп басшысының міндеті - мектепішілік ақпараттық басқару технологиясын жасап, енгізу. Ол технологиияны басшымен бірге мұғалімдер де пайдалана алуы тиіс.
Педагогикалық жұйені басқаруда кез келген ақпарат маңызды, әсіресе жүйенің оңтайлы жұмыс жүргізу үшін қажетті басқару ақпаратының маңызы ерекше. Түрлі белігілеріне қарап басқару ақпаратын былай топтастыруға болады: уақыты бойынша - күнделікті, айлық, тоқсандық, жылдық; басқару қызметіне қарай - талдамалық, баға беруші, конструктивті, ұйымдық; жиналған мәлімет көзіне қарай - мектепішілік, ведомстволық, ведомстводан тыс; мақсатты пайдалануы бойынша - директивалық, таныстырушылық, кепілдемелік және т.б.
Білім беру мекемелерін басқару қағидалары. Білім бері мекемелерін басқару функциялары (мақсаттылығы және жоспарлау, үйлестіру және реттеу, мекеменің жұмысын есепке алу, жұмысыты бақылау және талдау жасау). Басқару әдістері: психологиялық- педагогикалық, ұйымдастыру-ұйғарымдық, экономикалық.
Білім беру мекемелерін басқарудың құрылымы. Басқару құрылымын модельдеу. Білім бері мекемелерін басқару құрылымын анықтайтын факторлар.
Басқару іс-əрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
- мақсаттар айқындау (бүкіл жүйенің, сонымен бірге əр кезеңінің соңғы нəтижесін болжастырып, ой-санада нақтылау);
- жоспарлау (мектеп жұмыстарының барша бағыттары бойынша ұзақты болашақ
пен əр жылға жоспар түзу);
- ұйымдастыру (қызметтік міндеттерді сауатты бөлістіру жəне бағыну менжауапкершілік жүйесін қалыптастыру);
- реттеу (қабылданған шешімдерді іске асыру мақсатында əрқилы бағыттағы түрлі
қызмет жүйелерінің іс-əрекеттерін үйлестіру);
- ынталандыру (шығармашылық істерге, ғылыми-зерттеу жұмыстарына, инновациялық жобаларға қатыстыру үшін жағдайлар жасау;
- мұғалімдердің рухани бірлік сезімін қалыптастыру, олардың əлеуметтік белсенділігіне дем беру; жетістіктеріне орай бағалау жəне мадақтау);
- қадағалау (талдау жəне жаңа міндеттерді белгілеу үшін көзделген жоспарлардың
орындалуы жөнінде уақтылы ақпараттар алып тұру);
- педагогикалық талдау (оқу процесін, тəрбие жұмыстарын, білім мекемесінің материалдық қорын, қаржы-экономикалық жағдайын педагогикалық мамандар мен тəрбиеленушілер құрамын жетілдіруге байланысты зерттеулер жəне
талдаулар, нақты қорытындылар жасап, ұсыныстар беру).
Жоғарыда аталған қызметтер жөнін талдау арқылы басқару мазмұнын екі жікке келтіруге болады:
1) ұйымдастыру- бақылау жұмыстары (басқарымдағылардың іс-əрекеттеріне жетекшілік: тапсырма беру, талаптар қою, күштерін біріктіру, жұмыс барысын қадағалау, марапаттау жəне т.б.) жəне
2) басқарушылар іс-əрекеттері (мақсаттар айқындау, ынталандыру, қаржы көздерін табу, ұжым құрылымын жүйелеу, іс-əрекеттердің технологиялық негізін қалау).
Педагогикалық басқару əдістері көзделген мақсаттарға жету жəне басқару қызметтерін іске асыру құралдары ретінде қарастырылады. Басқару əдістерінің негізгі топтары төмендегідей:
- педагогикалық қызметкерлерді экономикалық тұрғыдан қызықтыру (еңбек саны жəне сапасына орай, категориялары мен атақ-дəрежелеріне сəйкес жалақы беру);
- əкімшілік – ұйымдастыру əдістері (орындаушылар қызметтерінің шек-өлшемін белгілеу, көрсетпелер, нұсқаулар, бұйрықтар беру жəне т.б.);
- психологиялық – педагогикалық ықпал жасау (кеңес, өтініш, тілек білдіру, алғыстар жариялау) жəне əсерлендіру (шуақты психологиялық климат қалыптастыру, шығармашылық пен ынталылық сезімдерін көтеру, білім мекемесінің əлеуметтік даму болашағы жөніндегі болжамдармен таныстыру);
- қоғамдық ықпалдарды пайдалану (педагогтар мен оқушыларды білім мекемесін басқаруға араластыру);
- қоғамдық əсер əдістері (ұжымда демократияны нығайтып, басқалармен қатынаста шыдамдылық сақтау, мекеме қызметкерлерінің беделі мен мəртебесін ұлықтау).
Соңғы жылдары мектепте психологиялық қызметтің қалыптасуымен жаңа басқару əдістері пайда бола бастады. Оқу-тəрбие ақпараттарымен жұмыс жүргізуші қызметкер оларды жинау, өңдеу, сақтау жəне пайдалану тəсілдерін жақсы білгені жөн. Мектеп басшысы, менеджер өз қызметінде бақылау, анкетті сауалнама жүргізу, тестілеу, нұсқау жəне əдістемелік материалдармен жұмыс жасау əдістерін белсенді қолдана білуі шарт. Мектеп əкімшілігінің күш-қуаты басқарудың мектепішілік ақпараттық технологиясын нақтылап, тəжірибеге ендіруге жұмсалуы тиіс. Бұл технологиялар басшыларға да, əр мұғалімге де таныс болуы міндетті.
Басқаруды ұйымдастыру формалары əрқилы құрылым жəне бағыттарда болуы мүмкін: нұсқау-əдістемелік, теориялық семинар, оқушылар ұжымының отырыстары, педагогикалық кеңестер, əдістемелік бірлестіктер, ұстаздық, мектеп конференциялары, педагогикалық оқулар, ата-аналарды педагогикалық жаппай сауаттандыру. Əлеуметтік –психологиялық əдістерді іске асыру формалары мектептің ішкі тəртіп Ережелерінде көрсетіледі немесе мектеп Жарғысына ендіріледі.
Сонымен, мектеп басқарымын ұйымдастырудағы маңызды жағдай– педагогикалық басқару жүйесінің қалыпты күйге келіп, əрекетшеңдік жағдайында болуы жəне оны іске асыру жолдарын əрбір басшының жіті білуі.
Білім беру жүйесін басқарушылардың басқару мәдениеті олардың кәсіби педагогикалық мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Дәстүрлі көзқараста кәсіби-педагогикалық мәдениет негізінен педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық техника мен шеберлік нормалары мен ережелерін бөліп көрсетумен байланыстырылды. Ал қазіргі кезде педагогикалық құндылықтар, педагогикалық технология және педагогикалық шығармашылық категорияларымен байланыстырыла қарастырылады.
Мектеп жетекшісінің басқару мәдениеті оның мектепті басқарудағы құндылықтар мен технологияларды меңгеруге, беруге және жасауға бағытталған әр түрлі басқару іс-әрекеттеріндегі тұлға ретінде өз мүмкіндіктерін шығармашылық деңгейде байқату жолдары мен өлшемі болып табылады. Басқару мәденметі аксиологиялық, технологиялық және тұлғалық-шығармашылық компоненттерінен тұрады.
Мектеп жетекшісінің басқару мәдениетінің аксиологиялық компоненті мектепке жетекшілік етуге маңызды және мәні бар басқару – педагогикалық құндылықтардың жиынтығы болып табылады. Басқару-педагогикалық құндылықтар ретінде тиімді басқаруға мүмкіндік беретін идеяларды, тұжырымдамаларды алуға болады.
Мектеп директорының басқару мәдениетінің технологиялық компоненті педагогикалық үрдісті басқару жолдары мен тәсілдерін қамтиды. Мектепішілік басқару технологиясы арнайы педагогикалық міндеттері жүзеге асыруды қараастырады. Мұндай міндеттерді атқару менеджер-жетекшінің педагогикалық талдау мен жоспарлау, ұйымдастыру, педагогикалық үрдісті бақылау мен реттеу бірліктерін меңгеруге негізделеді. Мектеп директорының басқару мәдениетінің тұлғалық-шығармашылық компоненті педагогикалық жүйелерді басқаруды шығармашылық акт түрінде негіздейді. Басқару іс-әрекеті шығармашылық сипатты, басқару құндылықтары мен технологияларын меңгеру негізінде ұйымдастырылатын іс-әрекет ретінде түрлендіріледі, өзгереді. Мұндай түрлендірулер мен өзгерулер жетекшінің тұлғалық ерекшеліктері де, басқару объектілері ерекшеліктерімен де байланысты.
Білім беру жүйесін басқарудың жалпы қағидалары
Кез келген іс-әрекет сияқты, басқару да бірқатар қағидаларды ұстануға негізделе отырып жүргізіледі.
Басқару қағидалары басқару заңдылықтарының нақты байқалуы мен бейнелеуі болып табылады. Мектепішілік басқару мен менеджмент бойынша мамандар негізгі заңдылықтар ретінде оқу-тәрбие жұмысының басқару жүйесі қызметі тиімділігінің басқару объектілері мен субъектілері арасындағы құрылымдылық – функционалдық байланыс деңгейіне тәуелділігі, оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны мен әдістерінің мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастыру мазмұны мен әдістері сипатымен шарттылығын атап көрсетеді. Ю.А.Конаржевский мектепішілік менеджменттің жетекші заңдылықтары ретінде аналитикалықты, мақсаттылықты, ізгілікті, басқару демократиялығы мен мектеп жетекшілерінің әр түрлі басқару іс-әрекетіне дайындығын атап көрсетеді. Басқару заңдылықтарынан шығатын қағидалар мектеп жұмысын басқарушылар үшін негізгі қағидалар ретінде қызмет етеді. Басқарудың мұндай жалпы қағидаларына жататындар: педагогикалық жүйелерді басқаруды демократизациялау мен ізгілендіру; басқарудағы жүйелілік пен тұтастық; орталықтандыру мен таратуды (деуентрализация) ұштастыру; бірыңғай және алқалық басқару бірлігі; педагогикалық жүйелерді басқарудағы ақпараттар объективтілігі мен толықтығы.
Білім мекемелеріндегі міндетті қызмет атқарушылардың
функционалдық міндеттері
Оқу мекемелерін басқаруда басты рөлді – мектеп директоры, ал оқу-тәрбие үрдісін басқаруды директор және оның орынбасарлары атқарады. Директордың функционалдық міндеттері жалпы блім беретін мекемелердің типтік қағидаларында көрсетіледі.
Мектептегі жұмыстың жекелеген бағыттары бойынша жұмыс директордың орынбасарына жүктеледі. Бұлар оқу-тәрбие жұмысы орынбасары, сыныптан және мектептен тыс тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, профильдік сыныптар немесе жекелеген пәндерді тереңдете оқыту сыныптары бойынша орынбасары, шаруашылық жөніндегі директордың орынбасары болып бөлінеді. Соңғы жылдары мектептерде ғылыми жұмыстар бойынша директордың орынбасары, әлуметтік-педагогикалық реабелитация жөніндегі директордың орынбасары, коммерция бойынша орынбасарлары міндетті қызметті қызметтерін атқарушылар да тағайындалады.
Мектепішілік бақылаудағы педагогикалық талдау.
Тұтас педагогикалық үрдісті басқарудың маңызды бір функциясы педагогикалық талдау болып табылады. Басқару және мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеті тиімділігі мектеп жетекшісінің педагогикалық талдау әдістемесін меңгеруі дәрежеіне байланысты.
Мектеп директоры іс-әрекетінде талдау дұрыс жүргізілмесе, ол қойылған мақсат, міндеттердің толық орындалмауына алып келуі мүмкін.
Педагогикалық талдау параметрлік, тақырыптық және қорытынды талдаулар болып бөлінеді.
Параметрлік талдаулар білім беру үрдісі ақпараттары негізінде байқалатын құбылыстардың себеп-салдарын анықтауға мүмкіндік береді. Параметрлік талдау жасауда мектеп директоры мен оның орынбасарлары сабақтарға және сыныптан тыс сабақтарға қатысуды жоспарлайды. Параметрлік талдау нәтижелерін тіркеп, оларды жүйелеу және саналы меңгеру тақырыптық педагогикалық талдауға өтуді негіздейді.
Тақырыптық талдау педагогикалық үрдістердің өзіндік компоненттері бойынша іс-әрекет барысында алынған нәтижелерді талдау барысында тұрақты, қайталанып отыратын байланыстарды, тенденцияларды анықтауға ықпал етеді. Параметрлік талдау бір сабақ немесе бір тәрбиелік шаралар бойынша жүргізілетін болса, тақырыптық талдау сабақтар немесе шаралар жүйесі бойынша жүргізіледі.
Қорытынды талдау тоқсан, жартыжылдық, оқу жылы соңында жүргізіліп, негізгі нәтижелерді анықтауға бағытталады.
Педагогикалық талдаудың негзігі объектілерінің бірі – сабақ болып табылады. Сабақты талдау толық, қысқы және аспектілі талдаулар болып бөлінеді.
Сабақты толық педагогикалық талдауда сабақтың барлық элементтері мен мүмкіндіктері қамтылады. Мұндай талдаулар еңбек жолын жаңа бастаған мұғалімдердің немесе проблемалы мұғалімдердің жұмысын талдауда қолданылады.
Сабақты қысқа талдау мұғалім тұлғасын, әдістемелік және басқару ерекшеліктерін жақсы білуді қажет етеді.
Аспектілік талдау сабақтың белгілі бір аспектісін зерттеуге бағытталады. Сонымен бірге мектеп директоры тәрбиелік шараларды да талдауға көңіл бөлуі қажет.
Мектепті басқару функциялары.
Кез келген педагогикалық жүйені басқару мақсат қоюшылық пен жоспарлау (шешім қабылдау)
3 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық менеджмент заңдылықтары

  1. Оқу-тәрбие жұмысын басқару мазмұны

2.Басқарудың талдау жасау, мақсаттылық, гуманистілік, демократтылығы
Педагогикалық менеджменттің мазмұнындағы еңбекті ғылыми ұйымдастырудағы ұстаным. Ұтымдылық. Менеджмент субъектісі қызметінің аналитикалық ұстанымы. Оқушылар мен оқытушылар қызметінің тиімділігін бағалау және сараптау менеджердің оқу –тәрбие үдерісін бақылаудағы негізгі ережелер. Нақты мақсат қоюдың ұстанымы. Кез-келген деңгейдегі менеджердің қызмет мазмұнының негіздері. Кешендік ұстаным . сызықты басқару және функционалдылық, мақсатқа сәйкес келу. Әлеуметтік-педагогикалық жүйелер, ұғымдар және түрлер. Жүйелердің мақсаты және маңызы, олардың түрлері және даму заңдылықтары. Білім беру жүйесі әлеуметтік жүйенің түрі ретінде, оның атқарушы жұмыстары: мақсатты, мазмұны, қызметті, талдау-нәтижелік.педагогикалык менеджменттің мектеп негізінде болжау ұстанымдарын атуға болады.
1. Адамды сыйлау және оған сенімділікпен қарау.
2. Адамдарға тұлға ретінде қарау қағидасы.
3. Ынтымақтастық әрекеті немесе басқарудан қарым-катынасқа көшу.
4. Үздіксіз кәсіптік білімін көтеру. Мұғалімге ықпал жасау кағидасы.
5. Мұғалім жұмысын бағалау қағидасы,
Бұл қағидалар педагогикалық менеджментте бірқатар нақты талаптар қояды.
Олар мына төмендегілер:
- адамның жеке басының беделін құрметтеу, адамның құқығы мен мүмкіндіктерін мойындау;
- адамға сену, оның өзін-өзі тануы және мүмкіндіктерін ашып көрсету үшін
жағдай жасау;
- өзара құрмет негізінде сенім ауанын қалыптастыру;
- бастамашылдықты, шыгармашылық бейімділікті, ұжымда өз арнын таба білуді қалыптастыру;
- жетістікті, мектептің ісіне әркімнің қосқан жеке үлесін мадақтау.
- Адамға құрмет және сенім - басқарудағы ізгілікгің ең жоғары көрінісі.
- Адамдарға тұлға ретінде қарау кағидасында педагогикалық менеджментті немесе менеджерді, демек, педагогикалық ұжымның әр мүшесін жай ғана қызметкер, мұғалім деп емес, оны бүкіл кызмет кезеңіндегі кажеттіліктерімен, мақсаттарымен, бастан кешіретін қобалжуларымен бірге тұлға деп карастырған жөн. Мұғалім де баланы онын үлгірімі тұрғысынан ғана оқушы деп карамай, тұлға ретінде қарастыруы шарт. . Тіпті, оны баланың бойындағы барлық нәрсе қызықтыруы тиіс: оның оқуы, дамуы, қызығуы, қоршаған ортасы, тұрмысы, т.б.
Педагогикалық менеджменттің ынтымақтасу кағидасы, яғни, басқарудан қарым-қатынасқа көшуде мынандай қағидалар туындайды:
—мұғалімге жауапкершілік артумен бірге оның мектепшілік басқару ісіне және
мектептің қоғамдык, өміріне араласу қажеттілігін ұғыну жағдайын жасау;
—мұғалімнің жеке қасиеттерін білу әрі ескеру және олардың оқушыларга деген ізгілікті қатынастарын, құзыреттіліктерін, бастамашылықтары мен
жауапкершіліктерін бағалау;
—мектеп басшысы мен педагогикалық ұжымның бірлескен қызметінің негізгі қағидасы - адамгершиік, саналы тәртіп, бастамашылдық, педагогикалык мақсатқа лайық жүмыс болуы тиіс. Ең алдымен, мұқият назар аудару, талдау,сараптау, сонан соң шешім қабылдау.
Ең бастысы, менеджердің қызметіндегі негізгі міндеттердің бірі - педагогтерді бірікгіре, жұмылдыра білу.
Барлық қағидалардың мәні - мұғалімдердің кәсіби қызығуын қолдау, өз әрекетіне сенімділігін ояту. Ол үшін мұғалімдердің кәсіби өсуіне мүмкіндік жасау, семинар, конференция, педагогикалық оқу-байқауларға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Осындай жанашылдық ықпал үздіксіз өзін-өзі дамыту, өзін-өзі жетілдіру кажетгілігін талап етеді.
Д.Карнегидің басқара білудің (әлеуметтік-психологиялық болып табылатын) 10 ережесін үнемі назарда үстау қажет.
1.Сұхбаттасқан адамдардын ерекшелігін ықыласпен мойындаңыз және мақтаудан бастаңыз.
2. Кемшілікті жанама түрде көрсетіңіз. Тура сынау пайда келтірмейді.
3.Алдымен өз қатеңіз туралы айтудан бастаңыз, сонан соң сұхбаттасушыны сынаңыз.
4.Әнгімелесушіге бұйрық беруден бұрын сұрақ койыңыз.
5.Адамға өз жетістіктерін қорғауға мүмкіндік беріңіз
6.Мақтауға сараң болмаңыз.
7.Адамның үмітін ақтау және сақтау үшін мүмкіндік туғызыңыз.
8. Мадақтаңыз. Кемшілікті оңай түзетуге болатындай, ол қиындык келтірмейтіндей үміт туғызыныз.
9. Өз қалауынша, адам қызығушылыкпен орындайтын күйге қол жеткізіңіз.
10. Адамның өз бейнесін сақтауға мұмкіндік беріңіз.
Д.Карнегидің ұсынып отырған ережесі қарауындағы адамға сыйластықпен қарауға үйретеді. Менеджменттік басқару әдісінде жеке тұлғаға сенімділікпен қарау негізі қаланған. Менеджменттің басты мақсаты — жетістік. Ал жетістікке ұмтылу адамды дамытуға бастайтын үлкен күш. Осы менеджменттік басқару арқылы педагогикалык қызметтің сапалы нәтижесі үшін атқарылған жұмыстың жемісін көруге болады. Басқарудың педагогикалық менеджмент негіздерін меңгере отырып кез келген деңгейдегі педагогтердің біліктілігін көтерудегі негізгі міндет — әдістемелік сауаттылыкты меңгере алуы (ағартушылық, құзырлылық, зерттеушілік мәдениеті). Педагогикалық менеджмент мектеп басшысы мен мұғалімдердің құзырлылық пен белсенділігін және өзін дамыту үшін жағдай туғызудағы дамытушылықты басқару болып табылады.
4 дәрістің тақырыбы: Педагогикалық менеджменттің ұстанымдары

  1. Басқару принципі ұғымы, басқарудың негізгі және арнайы принциптері

  2. Қазіргі менеджменттің бастапқы принциптері

  3. Халықтық педагогика материалдарына негізделген принциптер

Басқару принциптері – басқарудың барлық деңгейіндегі тәжірибелік әрекеттің негізін құраушы тәртіптері мен нұсқаулықтарды есепке алу мен орындауды көздейді.
Олардың заңдардан айырмашылығы, заңдар адамдардың қалауы мен жігеріне қарамастан объективті түрде қарастыратын болса, принциптер нақты шарттар мен тәжірибенің ұсынысына қарай қолданылады.
Басқарудың негізгі принциптері:
1) ғылымдылық принципі - басқару жүйесі, ғылыми негізде құрылуын қамтамасыз етеді, объективті және субъективті факторларды есепке ала отырып теория мен тәжірибедегі орнын, құрылуын қарастыру принципі;
2) Жүйелілік және кешенділік – басқару объектісін және жүйесін жеке және біріктіріп қарастыру принципі;
3)Орталықтандыру және орталықсыздандыру принципі. Орталықтандыру басқару жүйесінің толықтылық шегінде бөлімшелердің өзара байланысын қамтамасыз етеді.
4) Пропорционалдылық принципі - басқару және басқарылатын жүйелердің ұтымды байланысын қарастырады.
5) Уақытты үнемдеу принципі басқару процесіндегі операциялардың еңбек шығынының көлемін азайтуды тұрақты түрде талап етеді.
Басқарудың негізгі заңдары мен принциптері басқару процесі кезеңдерінің қалыптасуы кезінде жасалады.
Кез-келген басқару жүйесі процесінің негізгі кезеңдері болып:

  • ақпаратты жинау мен өңдеу;

  • оны талдау, диагноз және болжау, жүйелендіру, мақсатын қою;

  • мақсатты жүзеге асыруға бағытталған шешімді дайындау (қабылдау);

  • жалпы шешімдерді жоспарлау, бағдарламалау, жобалау түрінде кезекті нақтылау, нақты басқару шешімдерін қабылдау;

  • шешімді орындау үшін әрекеттерді ұйымдастыру;

  • әрекетке бақылау жүргізу;

  • әрекеттің нәтижесі туралы ақпаратты жинау және өңдеу.

Осыған байланысты, басқару – келесі негізгі функциялардан тұратын әрекеттің түрі: жоспарлау, ұйымдастыру, мотивациялау, координация және бақылау.
Жоспарлау қызметі басқару жүйесінде бастапқы және бір уақытта ағымды болып табылады. Басты мақсаты – қабылданған шешім негізінде жоспарды дайындау.
Ұйымдастыру – басқару жүйесіндегі басқару және басқарылатын процестердің барлығын ұйымдастыруды қамтамасыз ету жұмысын атқарады.
Мотивациялау қызметі жүйенің жоспары бойынша барлық жүйе ішіндегі бөлімдердің жұмысының қызметін қамтамасыз етеді.
Ең негізгі жағдай болып шешімді түзететін нәтижелерді бақылау қызметі атқарады: актив және пассив.
Басқарудың негізгі мақсаттары:

  1. Басқару жүйесінің немесе объектінің қалауы бойынша жағдайы;

  2. Жүйе жағдайын қарастыратын әрекеттің талап бойынша анықталған нәтижесі.

Директор жəне басқа да басшылардың оқу-тəрбие процесін нақты басқару қызметтері белгілі принциптерге негізделіп орындалады. Ол принциптер төмендегідей:
- педагогикалық жүйелер басқарымын демократияластыру жəне гуманизациялау. Бұл басшылардың, мұғалімдердің, оқушылар мен олардың ата-аналарының өзіндік іс-əрекеттері мен ынтасының дамуына жол ашады. Ал бұлардың орындалуы пікір алмасу жəне басқару шешімдерінің қабылдануына байланысты жариялылықты қажет етеді;
- орталықты басқару мен өзіндік басқарымдарды оңтайлы үйлестіру. Мұндай басқару үйлесімдері əкімшілік жəне қоғамдық органдар басшыларының іс-əрекетін мектептің бүкіл ұжымы мүддесіне орай жүргізілуін қамтамасыз етеді; басқару шешімдерін талқылау жəне қабылдауды, кəсіби деңгейде іске асыруға жағдайлар жасайды; жүйедегі барша құрылымдық бөлімдерді өз жұмыстарында бірін-бірі қайталаудан құтқарып, əрекеттерін жоғары деңгейде орайластырып баруға мүмкіндік береді;
- жеке басқару жəне ұжымдасқан жетекшілік бірлігі. Бұл принципті ұстанудағы мақсат- біртұтас педагогикалық процесті басқару барысында субъективизм мен əміршілдікке жол бермеу. Ұжымдасқан жетекшілік сонымен бірге тапсырылған іске деген ұжым мүшелерінің əрбірінің жеке жауапкершілігін жоққа шығармайды. Ал жеке басқару тəртіп жəне жөн-жосақ қамтамасыз етіп, педагогикалық процесс қатысушыларының өз өкілеттіктерін нақты шектеп, ретімен орындап жүруін қадағалайды.
- педагогикалық жүйелерді басқарудағы шынайылық жəне ақпарат молдығы.
Басқару ақпараттарын əрқилы белгілеріне қарай жіктеуге болады:
- уақыты бойынша – күнделікті, ай сайынғы, тоқсандық, жылдық;
- басқару қызметі бойынша-талдауға орай, бағалық, құрастырушылық,
ұйымдастыруға байланысты;
- келіп түсу көздері бойынша- мектепішілік, ведомстволық, қарым-қатынастағы мекемелерден;
-мақсаты бойынша - өкімдік, ұсыныс, нұсқау-таныстыру жəне т.б.
- өкілеттіктер беру принципі.
Басқару жауапкершілігінің келесідей түрлері қалыптасқан: жалпы – қызметке орай жағдайларды жасау; белгілі қызметтік – нақты іс-əрекеттерге байланысты шарттарды түзу. Өкілеттік тапсырыстар лауазым иесінің атына емес, лауазымның өзіне байланысты беріледі( мысалы, мектеп директоры С.Қасымовқа емес, мектеп директорына (С.Қасымов) тапсырылсын). Жеке адамдарға жүктелетін тапсырмалар – күнделікті шаруашылық; кешенді істерге дайындық; арнайы орындалатын іс-əрекеттер; жекеленген мəселелер. Жекелеп берілмейтін міндеттер- басшы қызметі; мақсаттар тағайындау; мектеп стратегиясына орай шешім қабылдау; нəтижеге бақылау салу; қызметкерлерге басшылық, оларды еңбекке ынталандыру; аса маңызды міндеттер;тəуекелдікті талап ететін жоғары дəрежелі тапсырыстар; тосын, қалыптан тыс істер; түсіндіріп, қайта тексеріп жатуға мерзімі тығыз қауырт жұмыстар; жоғары сенімділікті қажет етуші қатқыл тапсырыстар.

5 дәрістің тақырыбы: Мектептегі жаңашылдықты басқару


1.Мектепiшiлiк басқарудағы педагогикалық талдау
2.Мектеп басқаруға байланысты мақсат белгiлеу және жоспарлау
3.Мектептi басқарудағы ұйымдастырушылық қызмет


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   45




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет