Білім беру бағдарламасы бойынша «Информатиканы оқыту әдістемесі»


Оқытудың технологиялық компоненті



бет5/13
Дата11.05.2022
өлшемі37,28 Kb.
#142729
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы бойынша «Информатиканы о ыту дістемесі»

Оқытудың технологиялық компоненті
І. Оқу ақпаратын құрылымдау.
1-тапсырма. Мектеп оқулықтарында қандай компьютер құрылғылары (олардың қызметі мен сипаттамасы) қарастырылатындығын талқылаңыз.
2-тапсырма. Сыртқы жады құрылғысын жазба тəсілі жəне ақпаратты санауы бойынша жіктеңіз. Нəтижелерін қызметтік құрылымдық-логикалық схемалар түрінде көрсетіңіз.
ІІ. Жағдаяттық есептер.
1-жағдаят. Жаңа білімді меңгеру сабағын жоспарлай отырып, мұғалім келесідей бақылау сұрақтарын тұжырымдады: ақпаратты енгізу құрылғысы қандай қызметті қамтамасыз етеді? Қандай негізгі пернелер топтарын пернетақтада ерекшелеуге болады жəне олардың қызметі қандай? Енгізу координаттық құрылғыларының қандай типтері бар жəне олардың əрекет принципі қандай жəне т.б.
Сұрақтар мен тапсырмалар:
1. Сабақта қандай тақырып оқып-үйретіледі? Оқушылар қандай компьютер құрылғыларымен танысады?
2. Сабақтың негізгі ұғымдары жұмысын ерекшелеңіз жəне түсіндірмелі сөздік құрастырыңыз. Бақылау сұрақтарының тізімін толықтырыңыз.
3. Жаңа материалды оқып-үйрену кезеңінде талқылау үшін эвристикалық сұрақтарды ұсыныңыз. Оқушылардың субъективті тəжірибесін сабақты табысты өткізу үшін қалай қолдануға болады?
2-жағдаят. Мұғалімге «Компьютерлендірілген киім» қызықты фактісі кезікті: Токиода жапондық электрондық корпорациялардың бірі болашақ киімін көрсетті (текстиль мен жоғары технологияларды біріктіру).
Күртеше жеңіне кішкене жатық экран жəне миниатюрлі пернетақта қойылған. Мини-компьютер интернетке ұялы байланыс бойынша кіреді. Егер күртешеге тыңдағыштарды микрофонмен бірге қосса, онда ұялы телефон туралы ұмытуға болады, өйткені жеңде əңгімелесушінің суретін көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет