Білім беру бағдарламасы бойынша «Информатиканы оқыту әдістемесі»


Мектеп информатика курсында “Коммуникациялық технологиялар” бөлімін баяндау әдістемесі



бет9/13
Дата11.05.2022
өлшемі37,28 Kb.
#142729
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Білім беру ба дарламасы бойынша «Информатиканы о ыту дістемесі»

33.Мектеп информатика курсында “Коммуникациялық технологиялар” бөлімін баяндау әдістемесі.
«Коммуникациялық технологиялар» бөлімін баяндау əдістемесі. Коммуникациялар. Жергілікті жəне ауқымды компьютерлік желілер. Ақпараттық ресурстар жəне компьютерлік желілер сервистері. Бүкіл əлемдік өрмек, файолық архивтер, интерактивті байланысу.Электрондық пошта байланыс құралы ретінде. Желіден ақпараттарды іздеу.Іздеу машиналары. Коллекция интернеті.
Бұл технологияның тиімділігі, оқушы мұғалімнің бағыт – бағдар беруі арқылы өз бетімен ізденіп, жаңа мәліметтер алып, еңбектену арқылы игереді. Білімді меңгере отырып, оқушы сын көзбен қарауға, өз ойын еркін айтуға, өз құқықтарын қорғай білуге, ақпарат көздері арқылы ізденуге, білімін толықтыруға жәрдемдеседі.
Ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың бірі – интерактивті тақта, мультимедиалық және онлайн сабақтары. Интерактивті тақтаны сабақта пайдаланудың маңыздылығы, яғни оның көмегімен оқыту үрдісіндегі өзекті мәселелерді шешуге болатындығы анықталған. Осыған байланысты күнделікті сабақта:
-мультимедия (видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, электрондық
оқулықтарды);
-компьютер (компьютерлік бағдарламалар, интерактивті тақта);
-анықтамалық мәліметтер (сөздік, энциклопедия, карта, деректер қоры);
-интернет және т.б. көрнекі материалдарды пайдалану айтарлықтай нәтиже
береді. Мұндай қондырғылар оқушылардың қызығушылығын арттырып, зейін қойып тыңдауға және алған мәліметтерді нақтылауға мүмкіндік береді.
Біз жұмыстарымызды сыртқы түрткінің мағынасын өзгертіп, оқуға баланың қызығушылығын арттырып, оқушыдан «оқығым келеді», «мен тапсырма орындап көрейінші», «менің жауап бергім келеді» деген сияқты мотивтермен оның іштей оқуға талпынуына үйлестіріп оқытқымыз келеді.
Оқыту процесі барысында ақпараттық технологиялардың түрінің бірі интерактивті тақтаның көмегімен сабақта тіл дамытуға арналған жаттығулардың құрылуы танымдық іс - әрекеттің дамуы арқылы оқушылардың қазақ тілі пәніне қызығушылығын арттыру Ақпараттық технология негіздері тұлғаның қазақ тілі пәнінен алған білім сапасы мен сауаттылығын кеңейтуге жәрдемдеседі, мысалы: интернет сайты арқылы жоғары деңгейдегі көрнекіліктерді пайдалануға болады. Заман ағымына қарай сабақта видео, аудио қондырғылары мен теледидарды, компьютерді қолдану оқушының дүниетанымын кеңейтеді. Әсіресе, оқулықтағы тарауларды қорытындылау кезінде оқушылар қосымша материалдар жинақтап, білімдерін кеңейтіп, танымдық белсенділігін арттырып қана қоймай, қисынды ойлау жүйесін қалыптастырып, шығармашылығын дамытады. Ақпараттық технологияның қазақ тілі мен әдебиеті сабақтарында қолданылатын формалары мен әдістері.
Ақпараттық технологияларды сабақ үстінде пайдаланудың формалары мынадай болып келеді:
- сабақ барысында техниканы қолдану арқылы материалды түсіндіру,
оқушыны сөйлету және пікірталас, бекіту, оқушылардың білімін бақылау,
жеке жұмыс, талдау, тестілеу, қажет ақпаратты іздестіру;
- сабақтан тыс уақытта оқушының дербес, өздігінен қолдануы, яғни үй
тапсырмасын орындау, рефераттар даярлау, өзіндік бақылау;
- мұғалімнің сабаққа даярлық кезеңінде қолдануы, яғни арнайы материалды іріктеп алу, тапсырмаларды дайындау және тағы басқа.
АКТ әдістерін төмендегідей бірнеше бағытта қолданып отыруға болады:
Сабақтарда талдау жасау үшін компьютер немесе
басқа да ақпараттық құралдар арқылы көрнекілік ретінде суреттер, диаграмма мен бейнероликтерді кеңінен қолдануға болады.
2. Оқушылардың есту, көру қабілеттерін дамыту үшін табиғаттағы заңдылықтар мен үрдістерді анимация арқылы қолдануға тиімді.
3. Мультимедиялық оқулықтар көмегімен күрделілігі жөнінен түрлі деңгейдегі тапсырмалар мен практикалық жұмыстарды орындауға болады.
4. Алған білімдерін тексеріп, бекіту өте тиімді. Қазіргі кезде оқытудың жаңа
үрдісіне сай колледждерде барлық пәндерден тест әдісі кеңінен қолданылады. Әсіресе тарау, тақырыпты қорытып, қайталауда тест тапсырмаларын оқушылар қызыға орындайды.
Ақпараттық-коммуникациялық технология (АКТ-компьютер, интерактивті тақта, ғаламтор) оқушының оқуға мотивациясын арттырады және пәндерді оқу барысында мынадай мүмкіндіктерге қол жеткізеді:
Оқу материалдарының мазмұнын көрнекілікті, түсінікті, қызықты етеді;
Оқу материалдың суреттерін динамика түрінде көрсетуге (құбылыстарды әр түрлі жағынан және әр түрлі деңгейде);
Оқушылармен жылдам және тиімді тестілеу өткізу;
Оқушылармен өзіндік жұмыстарды ұйымдастыру, анықтамалық материалмен жұмыс істеуге үйрету;
Жеке тұлғалық және психологиялық ерекшеліктерін ескере отырып, оқушыға комфорттық жағдай жасау;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет