Байланысты: Білім беру ба дарламасы бойынша «Информатиканы о ыту дістемесі»
34.Дидактикалық принциптер жəне информатиканы оқыту əдістері. Информатиканы оқытудың негізгі дидактикалық принциптері. (М.Шошақ 24-25бет,39бет) Информатиканы оқытуда əдістерді дұрыс таңдай жəне сабақта тиімді қолдана білу керек. Əдіс (грек тілінен – бағыттау деген мағынаны білдіреді) дегеніміз бір мақсатқа жету тəсілі. Дидактикада оқытудың əдістері деп мұғалім мен оқушылардың біріккен ісəрекетін жəне оқушылардың танымдық іс-əрекетін құру əдісін түсінеді. Оқытудың əдістерінің мəселелерін шешуде атақты дидакт Бабанскийдің оқытудың əдістерін мұғалім мен оқушылардың реттелген бір-бірімен байланысты іс-əрекеті ретінде анықтайтын тұжырымын ұстанамыз. Бұл білім беру мəселелерін шешуге, жеке тұлға тəрбиелеп, дамытуға бағытталған. Педагогикада оқытудың əдістерінің үлкен арсеналы жиналған. Əдісті жіктеудің өзінің анықталған ережесі болады. Алайда функционалды жағынан информатиканы оқытуда жіктеудің ең қолайлысы түсіндірмелі- иллюстративті, репродуктивті, мəселелік, бөліктеп іздеу, зерттеу əдістерімен ерекшеленеді