ФП 042-1.01-2022-02
№ 3 баспа «25» мамыр 2023 ж.
27 беттің 15 -сі
3 ІС-ТӘЖІРИБЕДЕН ӨТУ БАРЫСЫНДА ҚАЛЫПТАСАТЫН ОҚЫТУ НӘТИЖЕЛЕРІ Мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес диплом алдындағы практика
білім беру бағдарламасының құрамдас бөлігі және 6В11301 - Тасымалдауды,
қозғалысты ұйымдастыру және көлікті пайдалану ББ бойынша білім
алушыларды даярлауда оқытудың соңғы кезеңі болып табылады.
Диплом алдындағы практика жалпы теориялық оқытудан кейін
жүргізіледі және оқу жоспарына сәйкес ұзақтығы болады. Диплом алдындағы
практика оқу жоспарының соңғы бөлімдерінің бірі болып табылады.
Дипломалды практикадан өту барысында білім алушы дипломдық
жұмысқа материалдар дайындауы тиіс.
Академиялық қарызы бар білім алушылар диплом алдындағы
практикадан өтуге жіберілмейді.
Диплом алдындағы практика университет бойынша бұйрықпен бекітілген
және әдетте университетпен практика өткізу туралы шарты бар кәсіпорындарда
өткізіледі.
Кәсіпорынның нақты түрі – практика базасы Университеттің бұйрығымен
әрбір білім алушы үшін жеке бекітіледі.
2, 3, 4 курс білім алушыларының практикасы "ЖОО – өндіріс" жүйесі
бойынша оқытуды ұйымдастырудың негізгі қағидаттарына сәйкес келуі және
кәсіби міндеттерді шешуге ғылыми, шығармашылық көзқарас дағдыларын
дамытуы тиіс.
Практика базасының ерекшеліктерін және практика бойынша білім
алушыларға нақты тапсырмаларды ескере отырып, университет пен
кәсіпорынның практика жетекшілері уақыт теңгерімі негізінде практикадан өту
практикасының жоспар-кестесін әзірлейді.
Практиканы өткізу әдістемесі мазмұны көбінесе практика түріне
байланысты болатын мынадай бөлімдерді қамтиды: практиканың мақсаты,
практика міндеттері, практика мазмұны, практикаға арналған жеке
тапсырмалар, дәрістер мен экскурсиялардың үлгі тақырыптары, экономика
және өндірісті ұйымдастыру мәселелері, еңбекті және қоршаған ортаны қорғау
мәселелері.
Әдістеменің бөлімдері: білім алушылардың практика бойынша есептілігі,
практикаға басшылық ету, ұйымдастыру мәселелері практика түріне қатаң
байланыстырусыз берілген.
ФП 042-1.01-2022-02
№ 3 баспа «25» мамыр 2023 ж.
27 беттің 16 -сі