Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В011200 Химия» мамандығы бойынша білім беру бакалавры



Дата25.08.2017
өлшемі93,21 Kb.
#25826
түріБілім беру бағдарламасы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АКАДЕМИК Е.А. БӨКЕТОВ АТЫНДАҒЫ ҚАРАҒАНДЫ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«5В011200 - Химия» мамандығы бойынша
БІЛІМ БЕРУ БАҒДАРЛАМАСЫ

Деңгейі: Бакалавриат


Академиялық дәреже «5В011200 - Химия» мамандығы бойынша білім беру бакалавры

Қарағанды, 2016 ж.

«5В011200- Химия» мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің МЖББС негізінде, ҚР Үкіметінің № 1080 2012 жылғы 23 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен 13 мамыр 2016 жылғы № 292) бұйрығымен, ҚР БҒМ «Кредиттік жүйе бойынша оқу үдерісін ұйымдастыру Ережелерін бекіту туралы» № 152 2012 жылғы 20 сәуірдегі бұйрығымен (өзгертулер мен толықтырулармен 28 қаңтар 2017 жылғы № 90), №343 2013 жылғы 16 тамыздағы (өзгертулер мен толықтырулармен № 425 05 маусым 2016 жылғы) ҚР БҒМ бұйрығы негізінде «5В011200- Химия» мамандығының типтік оқу жоспарына, типтік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған.

«5В011200 - Химия»

мамандығы бойынша білім беру бағдарламасы


Теориялық оқытудың кредит саны – 145 кредит
1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі.

1.2 Түлектердің біліктілік сипаттамасы.

1.2.1. Кәсіби қызмет саласы.

1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары



1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

3. Негізгі құзыреттіліктер.

4. Білім беру бағдарламасының мазмұны.

5. Модульдерді сипаттауға арналған формуляр

Модуль 1. Қоғамдық- коммуникативті

Модуль 2. Cаяси - әлеуметтік және жаратылыстану

Модуль 3. Мамандыққа кіріспе,педагогика,кәсіптік тілдер және химияны оқыту әдістемесі

Модуль 4. Бейорганикалық химия негіздері

Модуль 5. Пәнаралық компетенциялар

Модуль 6. Аналитикалық және координациялық химия негіздері

Модуль 7. Профильді мектепте химияны оқыту және есептерді шығару әдістемесі

Модуль 8. Химиялық технология, органикалық химия негіздері және молекулалар құрылысы негіздері

Модуль 9. Мектептегі химиялық эксперимент әдістемесі негіздері және оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық технологиялары

Модуль 10. Тәрбие жұмыс негіздері және химиялық экология

Модуль 11. Химияны оқытудың жаңа технологиялары және заманауи химия

Модуль 12. Физикалық химия және жоғары молекулалық қосылыстар химиясы

Модуль 13. Кристаллдық және коллоидтық химия негіздері, зерттеудің физикалық әдістері

Модуль 14. Іс қағаздары және тілдік пәндер

Модуль 15. Тәжірибе

Модуль 16. Мемлекеттік аттестация

1. Білім беру бағдарламасының паспорты:

1.1 Біліктілік және лауазымдар тізбесі

Бакалавриат түлегіне «5В011200 - Химия» мамандығы бойынша «білім бакалавры» академиялық дәрежесі беріледі.



1.2 Түлектің біліктілік сипаттамасы:

1.2.1 Кәсіби қызметінің саласы.

5В011200 – Химия мамандығы бойынша білім бакалавры өзінің кәсіби қызметін білім беру саласында атқарады.



1.2.2. Кәсіби қызмет нысандары.

«5В011200-Химия» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің нысаны болып табылады:

- жалпы орта білім беретін негізгі және бейіндік мектептер;

- мамандандырылған мектептер;

- техникалық және кәсіптік білім беретін ұйымдары болып табылады.



1.2.3. Кәсіби қызмет пәні.

«5В011200-Химия» мамандығын бітіруші түлектің кәсіби қызметінің пәні:

- жалпы орта білім беру, кәсіби-техникалық білім беру, сонымен қатар мектептен тыс ұйымдарда және қосымша білім және тәрбие беру оқу-тәрбиелік ұйымдарында және мекемелеріндегі оқу-тәрбиелік процесс болып табылады.



1.2.4. Кәсіби қызмет түрлері.

«5В011200-Химия» мамандығы бойынша білім бакалавры төмендегідей кәсіби қызмет түрлерін атқара алады:

- білімдік;

- эксперименттік-зерттеу;

- ұйымдастыру-басқару;

- әлеуметтік-педагогикалық;

- оқу-тәрбиелік;

- оқу-технологиялық қызмет болып табылады

1.2.5. Кәсіби қызмет функциялары

«5В011200-Химия» мамандығын бітіруші түлектер төмендегі кәсіби қызметті атқара алады:

-педагогикалық, тәрбиелік, зерттеу, басқару, ұйымдастыру-технологиялық функциялар кіреді.



1.2.6. Кәсіби қызметтің типтік міндеттері.

«5В011200-Химия» мамандығы бойынша білім бакалавры кәсіптік қызметінің түріне сәйкес мынадай міндеттерді шешуі:

білімдік қызмет саласында:

- білім алушыларды оқыту мен дамыту, оқыту және тәрбиелеу процессін ұйымдастыру, педагогикалық процесті жобалау және басқару, педагогикалық қызметтің нәтижелерін коррекциялау, жобалау, диагностика жасауы;

- мектепте, орта арнайы оқу орындарында сабақ беру, нақты жағдайдағыларды әдістемелік білімі мен қолданбалы біліктілігінің болуы;

эксперименттік-зерттеу қызметі саласында:

- ғылыми-әдістемелік әдебиеттерді оқып-біуі;

- химия бойынша білім беру саласындағы озық педагогикалық тәжірибелерді зерделеу және қорытуы;

- педагогикалық эксперимент өткізу, оның нәтижелерін оқу процесіне енгізуі;



ұйымдастыру-басқару қызметі саласында:

- химия бойынша білім беру мазмұнын әртүрлі деңгейде жоспарлау;

- оқыту процесін ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістерін анықтау;

әлеуметтік-педагогикалық қызмет саласында:

- білім алушылардың өмір сүруіне, тәрбиеленуі мен дамуына қолайлы жағдай жасау және педагогикалық қолдау көрсетуі;



оқу-тәрбиелік қызмет саласында:

- оқу-тәрбие жұмыстарын педагогикалық заңдары, заңдылықтары, принциптері, тәрбиелік механизмдеріне сәйкес іске асыруы;

- сыныптан тыс тәрбие жұмысын жоспарлауы;

- нақты тәрбиелік міндеттерді шешуі;

- химия бойынша сыныптан тыс жұмыстарда оқыту мен тәрбиенің әртүрлі формалары мен әдістерін таңдау және қолдануы;

- оқушылар ұжымымен, осы сыныпта сабақ беретін мұғалімдермен, ата-аналармен байланыс орнатуы;



оқу-технологиялық қызмет саласында:

- оқыту процесінде жаңа педагогикалық технологияларды қолдануы;

- оқу- технологиялық процесін ұйымдастыруға және ақпараттық- коммуникациялық құралдарды және технологияларды пайдаланып ақпараттық ресурустарды өңдей білуі тиіс.

2. Білім беру бағдарламасының мақсаты.

«5В011200-Химия» мамандығы бойынша білім бакалаврын даярлауда білім беру бағдарламаларының негізгі мақсаты:

- отансүйгіштік, Қазақстан Республикасы халықтарының достығы, әр түрлі мәдениеттерге, салт-дәстүрлерге құрмет көрсету рухында тәрбиелеу;

- жалпы адамзаттық және әлеуметтік- тұлғалық құндылықтарын қалыптастыру;

- экологиялық, дене мәдениетін, этикалық, құқықтық мәдениетті және ойлау мәдениетін қалыптастыру;

- бакалаврды тілдік даярлау;

- кәсіби қызметте қажетті іргелі білім, білік және дағдыны қалыптастыру болып табылады.

Жалпы білім беру пәндері (ЖБП) циклінің мақсаты- қоғамның әлеуметтік- экономикалық даму заңдылықтарын, қазақстан тарихын, қазіргі ақпараттық технологияларды, мемлекеттік тілді, ұлтаралық қарым-қатынас құралы ретінде орыс және шетел тілдерін білу негізінде әлеуметтік- гуманитарлық білімді қамтамасыз ету.

Базалық пәндер (БП) циклінің мақсаты- кәсіби білімнің іргетасы ретінде психологиялық- педагогикалық және арнайы сипаттағы базалық білімді қамтамасыз ету;

- химия пәнін меңгеру үшін қажет математика және физика салалары бойынша негіздік білімді қалыптастыру;

- физикалық және химиялық құбылыстарды тану;

- табиғатты тану әдістерімен танысу және меңгеру;

- химиялық түсініктер жүйесін қалыптастыру;

- күнделікті өмірге қажет заттармен жұмыс жасағанда қауіпсіздікті сақтауды қалыптастыру;

- қасиеттері белгілі жаңа заттарды синтездеу үшін заттардың құрам- құрылым және қасиеттері арасындағы өзара байланысты тану;

- ғылымда, техникада және тұрмыста химиялық процестерді басқару үшін қажетті білім жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Кәсіптендіру пәндер (КП) циклінің мақсаты- 5В011200 -Химия мамандығы шеңберінде кәсіби білімді және тәжірибелік дағдыларды қамтамасыз ету; классикалық және қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды меңгеру болып табылады.



3. Негізгі құзыреттіліктер:

- ана тілі, шет тілдері саласында: дамыған және сауатты тілдерді игеру үшін, ана тілін және шетел тілдерін, қарым-қатынас технологиясы саласында білім, коммуникация стратегияларын, диалог құрудың дағдылары мен іскерліктерін, полимәдениетті, полиэтникалық және көпконфессиялы қоғамда қарым-қатынас жасауды иегруге жағдай жасау;

- фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық даярлау саласында: дүниетанымы және ойлау мәдениеті кең жоғары білімді тұлға қалыптастыруға сәйкес фундаменталды математикалық, табиғи-ғылыми және техникалық пәндер бойынша базалық білімдерді меңгеру;

- компьютерлік технология саласында: кәсіби қызметінде ақпараттық технологияларды қолдану іскерлігі, қазіргі құрал-жабдықтарды қолдана отырып, бағдарламалау дағдыларын меңгеру;

- әлеуметтік-мәдени қызмет саласында: этикалық, рухани, мәдени құндылық, әлеуметтік мінез құлықты реттеу формалары мен негізгі заңдылықтарды, тұлғаға деген әлеуметтік ұстаным жайында түсініктерді білу, Қазақстан халықтарының мәдениеті мен дәстүрлерін, қоғам дамуының тенденцияларын білу, әр түрлі әлеуметтік жағдаяттарды бағдарлай білу, креативті ойлау іскерлігі, басқа ұлттың мәдениетіне, салт дәстүрлеріне шыдамдылық таныту, белсенді өмір позициясын ұстану;

- білімдік қызметі саласында: педагогикалық интеграция теориясы саласындағы білімдерді меңгеру, педагогикалық міндеттерді шешуде түрлі пәндер салаларындағы білімдерді біріктіру біліктері мен дағдыларын меңгеру, әлеуметтік серіктестікке және педагогикалық ынтымақтастыққа қабілетті болуы; психология- педагогикалық саладағы негізгі білімдерді меңгерген және Қазақстан Республикасындағы жалпыға міндетті білім беру мектептеріндегі негізгі және бейіндік сатыдағы пән мұғалімі міндетін, химия кабинетінде және химиялық лабораторияларда жүргізілетін жүмыстарға жауапкершілікті бірге атқара отырып психология- педагогикалық саладағы негізгі білімдерін қазіргі заманғы оқу орындарында қолдана алуы;

- экономикалық және ұйымдастыру- басқару қызмет саласында: экономикалық білімінің негізін меңгеруі және менеджмент, маркетинг, қаржы т.б. жөнінде ғылыми түсініктері болуы; қойылған міндеттерді шешудің әдістерін таңдауда өз көзқарасын дәлелдеу және жеткізе білуі; ұйымдастырушылық қабілетінің болуы; экономиканы мемлекеттік жүйелеудің мақсаты мен әдістерін түсінуі және оны білуі;спедагогикалық қызметті ұйымдастыру және басқаруды жоспарлаудың заманауи технологияларын меңгеруі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет