Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В030200-Халықаралық құқық» мамандығы бойынша білім беру бакалавры



бет2/4
Дата08.06.2018
өлшемі0,9 Mb.
#41880
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4

Модуль 2. Әлеуметтік-саяси және жаратылыстану


Модуль атауы және шифры

Әлеуметтік-саяси және жаратылыстану, ЖММ-2

Модульге жауаптылар

Кошербаев Д.Б., Аманбаева Г.Ю., Хусайнова Ж.С., Какимова М.Ш., Тыкежанова Г.М., Әуелбекова А.К.

Модуль типі

Жалпы модульдер

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағаттар көлемі

1 семестр – 4 с., 4 семестр – 3 с.

Несиелер саны

7

Оқу нысаны

Күндізгі

Семестр

1, 4

Білім алушылар саны

7

Модуль пререквизиттері

Қазақстан тарихы, Шет тілі, Қазақ тілі

Модуль мазмұны

Модуль мазмұны әлеуметтік тәжірибелік мәні бар әлемтану мәселелерімен байланысты мәнді және мағынаны анықтауға бағытталған. Бұл модуль қоғамға әртүрлі әлеуметтік саяси нұсқалардағы эпистималогиялық технологиялардың арақатынастарын когнитивті база модельдерінің шыңдану координаттарын анықтауға мүмкіндік береді. Модуль адамды зерттеуде әлеуметтік іс әрекет субъектісі ретінде әлеуметті қабылдау және өзін анықтаушы шынайылық тұрғысын анықтаған. Модуль қоғам және адамға қатысты аксиологиялық феномендерді зерттеуге мүмкіндік береді.

Білім алу нәтижелері

Білікті болуы тиіс: қазіргі таңда болып жатқан әрекет етіп отырған концепциялар, теорияларды сынай отырып талдай білу.

Білуі тиіс: фундаменталды әлемтану философиялық түсінігін, политология, социология и философиялық танымдық тәсілдер

Дағдылары болуы тиіс: қазіргі өмірдегі маңызды мәселелерді шешуде философиялық шараларды қолдана отырып кәсіптік іс әрекетте иновациялық зерделеуді білу керек.

Құзыретті болуы тиіс: кәсіптік іс әрекеттерін жүзеге асыру үшін алынған білімін нақты мәселелерді шешуде білікті қолдану.

Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан

Несиелерді алу шарттары

Тапсырмалардың барлық түрлерін кестеге сай орындау

Модульдың ұзақтығы

2 семестр

Әдебиеттер


  1. Әбсаттаров Р. Саясаттану негіздері: (екі томдық оқу құралы) / Р. Әбсаттаров. - Алматы : Қарасай, 2013 - 419 б.

  2. Жаназарова, З. Отбасы социологиясы: оқу құралы / Зауре Жаназарова ; Әл - Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы : Қазақ университеті , 2014- 239 б.

  3. Нұрмағамбетов, Б. Ғ. Саясаттану негіздері: оқу құралы / Б. Ғ. Нұрмағамбетов. - Қарағанды : ҚР ПМ Б.Бейсенов атындағы Қарағанды Академиясы, 2013. - 93 б

  4. Философия. Ғабитов Т.Х.- Алматы, 2014.

  5. Философия. Серік Мырзалы. – Алматы, 2014.

  6. Әбсатаров Р. Саясаттану негіздері: (екі томдық оқу құралы). - Алматы: Қарасай, 2013 - 1-ші т. - 2013. - 423 б.

  7. Аманжолов К. Қазақстанның әскери тарихы: оқу құралы. - өңделіп, толықт. 2-ші бас. - Алматы: Білім, 2013. - 319 с.

  8. Абдулаттаев С.И. Халықаралық қатынастар теориясы. Оқу құралы. – Алматы: Қарасай, 2013. – 99 б.

  9. Аяған Б.Ғ. Қазіргі Қазақстан тарихы: жоғары оқу орындарының тарихшы емес мамандықтарына (бакалавриат) арналған оқулық.// ҚР Білім және ғылым министрлігі Мемлекет тарихы ин-ты. - Алматы: Раритет, 2014. - 429 б.

  10. Батырша-ұлы С. Дипломатиялық қызмет және халықаралық қатынастар: оқулық. - 2-ші рет толықт. басылуы. - Астана: Фолиант , 2013. - 511 б.

Жаңартылу мерзімі

31.08.2017 ж.

Модуль 3. Қазіргі заманғы құқық және мемлекет

Модуль атауы және шифры

Қазіргі заманғы құқық және мемлекет, МММ-3

Модульге жауаптылар

Какимова М.Ш., Божқараұлы А.

Модуль типі

Мамандық бойынша міндетті модульдер

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағаттар көлемі

1 семестр – 2с., 2 семестр – 2 с., 3 семестр – 3 с.

Несиелер саны

7

Оқу нысаны

Күндізгі

Семестр

1, 2, 3

Білім алушылар саны

7

Модуль пререкизиттері

Қазақстанның қазіргі заман тарихы, экономикалық негіздері.

Модуль мазмұны

Оқу пәндері мемлекеттік-құқықтық құбылыстардың пайда болуы мен дамуының негізгі заңдылықтарын, санаттарын, түсініктерін ашады; Қазақстан Республикасының конституциялық құқығы ғылымының негізгі теориялық ережелері, адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарына, оларды қамтамасыз етудегі кепілдіктерге, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысының қызмет етуіне және ұйымдастырылуына қатысты маңызды нормативтік-актілер.

Білім алу нәтижелері

Білікті болуы тиіс: құбылыстар мен деректерді бағалау; мемлекеттік құқықтық мәселелер бойынша өзінің көзқарасын негіздеу және білдіру, ғылыми және тәжірибелік мәселелерді шешуде шығармашылықпен қарау, Конституция мен конституциялық құқықтық актілерді талқылау және қолдану, ҚР әрекет етуші заңнамаларына сәйкес құқықтық әрекеттер жасау.

Білуі тиіс: мемлекет және құқықтың негізгі дефиницияларын білу; мемлеет пен құқықтың типтерін, нысандарын, қызметтерін және мәнін; адам және азаматтың құқықтық жағдайларының негізін, мемлекеттік органдардың жүйесін, Қазақстан Республикасының сайлау құқығы мен сайлау жүйесінің негізгі ережелерін.

Дағдылары болуы тиіс: заңдық кәсіби терминдерді пайдалану, мемлекеттік құқықтық құбылыстардың мазмұны мен мәнін түсіндіру, нормативтік құқықтық және құқыққолдану материалдарын талдау.

Құзіретті болуы тиіс: алынған дағдылар мен біліктіліктерді заңгер құқықтанушының кәсіби қызметінде қолдануға.

Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан

Несиелерді алу шарттары

Реферат, коллоквиум, жазбаша және ауызша жауаптар, презентациялар, кестелер, бақылау жұмыстары, құқық нормасын талқылау, құқыққолдану актілерінің жобалары, аралық бақылау.

Модульдың ұзақтығы

3 семестр

Әдебиеттер


  1. ҚР конституциясы-2017 жылғы өзгерістер мен толықтырулармен бірге-http://adilet.zan.kz/

  2. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы- 2013 ж 15 сәуірhttp://adilet.zan.kz/ -

  3. Құлжабаева, Ж. О. Халықаралық жария құқық. Жалпы жəне ерекше бөлiмдер [Текст] : оқулық / 2014. - 384 с.

  4. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы Декларация Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының резолюциясымен 2013 жылғы 10 желтоқсанда № 217 //

  5. Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 2013 жылғы 8 маусымдағы қаулысы//

  6.   Марченко, М. Н Европейский союз и его судебная система [Текст] : монография / М. Н. Марченко. - М. : Проспект, 2013. - 288 с

  7. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері [Текст] : оқу-әдістемелік құрал / Ф. А. Ержанова, М. И. Билялова ; Акад. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік ун-ті. - Қарағанды : ҚарМУ баспасы, 2015. - 107 б.

  8. Сравнительное конституционное право [Текст] : учеб. пособие / Ф.А. Ержанова ; Карагандинский гос. ун-т. - Караганда : Изд-во КарГУ, 2014. 

  9. The Сomparative Constitutional law [Text] : study guide / F. A. Yerzhanova ; Buketov Karaganda State University. - Karaganda : KSU publishing, 2015. 

  10. ҚР Кәсіпкерлік Кодексі// adilet.zan.kz/

Жаңартылу мерзімі

31.08.2017 ж.


Модуль 4. Ұлттық және халықаралық құқық жүйесіндегі қылмыстық және азаматтық құқық

Модуль атауы және шифры

Ұлттық және халықаралық құқық жүйесіндегі қылмыстық және азаматтық құқық, МММ-4

Модульге жауаптылар

Киздарбекова А.С.,Машабаев А.Ж.

Модуль типі

Мамандық бойынша міндетті модульдер

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағаттар көлемі

3 семестр – 6 с., 4 семестр – 6 с.

Несиелер саны

12

Оқу нысаны

Күндізгі

Семестр

3, 4

Білім алушылар саны

7

Модуль пререкизиттері

Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқығы, ҚР әкімшілік құқығы, Сайлау құқығы

Модуль мазмұны

Қылмыстық құқық пен азаматтық құқық заңгер-құқықтанушыларды дайындауда маңызды бейіндік пән болып табылады, қылмыстық құқықбұзушылық және оларды жасаудың құқықтық зардаптарының мәні мен белгілері туралы негізгі ұғым береді. Жалпы бөлім нормаларында негізгі қылмыстық құқықтың – қылмыстық заңға, құқықбұзушылыққа, жауаптылық ұғымы, қылмыстық құқықбұзушылық. Модуль экономикалық қатынастардың қалыпты дамуына сонымен қатар жеке қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін аса жағдай жасау мақсатында тараптардың заңдық теңдігі және мүліктік дербестік, бағалау тәуелсіздігіне негізделген, мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды құқықтық реттеуді оқытуға арналған.

Білім алу нәтижелері

Біліті болуы тиіс: әрекет етуші қылмыстық және азаматтық құқық заңнамамен жұмыс жасау, пәндер бойынша ғылыми ақпаратты интерпретациялау және жүйелендіру; қылмыстық және азаматтық құқықтық қатынастардыжіктей білу.

Білуі тиіс: қылмыстық және азаматтық құқық ғылымның бастапқы категориялары мен институттары; қылмыстық және азаматтық заңнамасының құрылымы мен жүйесі; қылмыстық және азаматтық құқық құқықбұзушылықтарды ұғымы мен түрлері; қылмыстық құқықбұзушылықтарды саралау принциптері; қылмыстық-құқықтық теориясының проблемалы сұрақтары; соттық тәжірибе.

Дағдылары болуы тиіс қылмыстық және азаматтық құқық саласындағы заңды мәселелерді шешу және анализдеу; ақиқат фактілеріне дұрыс құқықтық баға беру, құқықбұзушылықтарды саралау, қылмыстық және азаматтық құқықта жауапкершілік пен жазадан босату шарттарын анықтау, оларды кәсіби қызметте қолдану.

Құзыретті болу: әрекет етуші қылмыстық заңнаманы білу, қылмыстық құқықтық нормаларды іскерлікпен қолдану және талқылай білу, өзінің кәсіби қызметінің бейініне сәйкес нормативтік-құқықтық актілерді әзірлеуге қатысу.

Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан

Несиелерді алу шарттары

Реферат, коллоквиум, жазбаша және ауызша жауаптар, презентациялар, кестелер, бақылау жұмыстары, құқық нормасын талқылау, құқыққолдану актілерінің жобалары, аралық бақылау.

Модульдың ұзақтығы

3 семестр

Әдебиеттер


  1. Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқығы: Ерекше бөлім : оқулық/ Ғ. А. Жайлин. - Алматы: Заң әдебиеті . – 2013ж 2-ші том. - 2013. - 406 б.

  2. Тоқатов Р.А., Мүлкібаева Ш.Р. аға оқытушылар «Қазақстан Республикасы заңнамасы бойынша медициналық қызмет көрсетуді құқықтық реттеу» пәні бойынша Мультимедиялық көрсетілімдер Қарағанды 2013

  3. Ильясова Г.А. Кеме жалдау (чартер) шартының ұғымы және заңдық табиғаты // Қазіргі заманғы маңызды мәселелер-Актуальные проблемы современности. – Халықаралық ғылыми журнал. «Заңтану» сериясы. № 6 (71). – Қарағанды: «Болашақ-Баспа» РББ, 2014. – Б. 87-90.

  4. Азаматтық-құқықтық шарттардың жекелеген түрлері : оқу құралы / Ұ. М. Хамзин. – Қар-ды : Болашақ Баспа, 2013. - 366 б.

  5. Ынтымақов С. А.Азаматтық құқық: практикум: Жалпы бөлім/ С. А. Ынтымақов. - Алматы: Заң әдебиеті. – 2013 1-ші бөлім. - 2013. - 221 б.

  6. Жайлин Ғ. А.Азаматтық құқығы: Ерекше бөлім : оқулық/ Ғ. А. Жайлин. - Алматы: Заң әдебиеті . – 2008 2-ші том. – 2013. - 406 б.

  7. «ҚР азаматтық құқығы» және «ҚР азаматтық істер жүргізу құқығы» пәндері бойынша мемлекеттік емтиханға дайындалуға арналған оқу-әдістемелік құрал. Оқу-әдістемелік құрал/ Г.А. Ильясова, Р.А. Тоқатов. Қарағанды Болашақ-Боспа 2013 ж. 237 б

  8. Азаматтық құқық” Сүлейменов М.К., Басин Ю.Г., Алматы, 2013 жыл

  9. Қазақстан Республикасы азаматтық құқығы” Төлеуғалиев Ғ.И., Алматы 2013 жыл

  10. Азаматтық құқық : Жоғары оқу орындарына арналған оқулық / Жауапты ред. М.К. Сүлейменов. - Алматы : Курсив. – 2013. 1-ші т. - өңделген және толық. 2-ші бас. - 735 б

Жаңартылу мерзімі

31.08.2017 ж.



Модуль 5. Көптілді


Модуль атауы және шифры

Көптілді, МММ-5

Модульге жауаптылар

Балмагамбетова Ж.Т., Пастушенко Т.А.

Модуль типі

Мамандық бойынша міндетті модульдері

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағаттар көлемі

3 семестр – 3 с., 5 семестр – 2с., 6 семестр – 2с.

Несиелер саны

7

Оқу нысаны

Күндізгі

Семестр

3, 5, 6

Білім алушылар саны

7

Модуль пререквизиттері

Шет ел тілі, Қазақ тілі, Орыс тілі

Модуль мазмұны

Фонетика: тілдердің айтылуы мен ырғақтық-интонациялық ерекшеліктерін, рецепция және сөйлеудің дыбыстық репродукциясы. Орфография: тілдің әріптік, дыбыстық жүйесі, негізгі орфографиялық ережелері. Лексика: сөз құраушы үлгілер. Грамматика. Оқу. Айтылуы. Хат. Кәсіби, тұрмыстық және ақпараттық сипаттағы хабарлауларды тыңдау.

Білім алу нәтижелері

Білікті болуы тиіс: шетел, қазақ, орыс тілдерінің әдістемесін дербес әзірлеу.

Білуі тиіс: шет елдер, қазақ, орыс тілдерін оқудың негізгі әдістемелік ережелерін.

Дағдылары болуы тиіс: қазақ, орыс және шет елдер тілдерінің грамматикасы мен стилистикасын игеру.

Құзіретті болуы тиіс: алынған білімдерді қазақ халқының рухани байлығын жақсы білу үшін және шетелдік қайнар көздерден қажетті ғылыми ақпараттарды алу үшін пайдалану.

Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан

Несиелерді алу шарттары

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

Модульдың ұзақтығы

3 семестра

Әдебиеттер


1. Chris Redston and Gillie Cunningham, Face2face, Pre-intermediate. Student’s book and Work book: Cambridge University Press, 2013.

2. Malcolm Mann, Steve Taylore-Knowles. Destination B1. Grammar & Vocabulary with Answer Key: Macmillan, 2013.

3. АБПрахманова Г.Х., Айтбаева Б.М. Қазақ тілі. - Қарағанды, 2013.

4. Айтбаева Б., АБПрахманова Г. Қазақ тілі (В2 деңгейі). - Қарағанды, 2012.

5. Айтбаева Б. Қазақ тілі (В2 деңгейі). - Қарағанды, 2014.

6. Қазақша-орысша орысша-қазақша терминологиялық сөздік= Казахско-русский русско-казахский терминологический словарь : ғылыми басылым /жалпы ред. басқ. М. Б. Қасымбеков - Алматы, 2014.

7. Асанова Д.Н. Практикум по развитию и совершенствованию навыков устной речи: учеб. пособие - Караганда, 2014.

8. Соколова И.Н. Практикум по языку для специальных целей: учеб. пособие - Караганда, 2013.

9. Kerr P. Straightforward: upper Intermediate Workbook. B2 / Philip Kerr, Ceri Jones. - Second edition. - Oxford : Macmillan Education, 2014.

10. Harmer J. The practice of English Language Teaching - Fourth ed. - Edinburgh Gate ; Harlow ; Essex : Pearson Education Limited, 2013.



Жаңартылу мерзімі

31.08.2017 ж.



Модуль 6. Мамандық бойынша кәсіби құзіреттілігінің қалыптасуы


Модуль атауы және шифры

Мамандық бойынша кәсіби құзіреттілікті қалыптастыру, МТМ-6

Модульге жауаптылар

Божкараулы А., Хусаинова Ж.С., Кусбеков Д.К.

Модуль типі

Мамандық бойынша модульдер

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағаттар көлемі

1 семестр – 6 с., 2 семестр – 6 с., 5 семестр – 2 с., 6 семестр – 2 с.

Несиелер саны

16

Оқу нысаны

Күндізгі

Семестр

1, 2, 5, 6

Білім алушылар саны

7

Модуль пререквизиттері

Мемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы, Экономикалық теория негіздері, Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Экология және тұрақты даму, Құқық негіздері, Экономика негіздері, Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздеріМемлекет және құқық теориясы, ҚР Конституциялық құқығы, Экономикалық теория негіздері, Қазақстанның қазіргі заманғы тарихы, Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар, Экология және тұрақты даму, Құқық негіздері, Экономика негіздері, Жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері

Модуль мазмұны

Мемлекеттік және дипломатиялық қызметтің түсінігі, мемлекеттік қызметкердің қызметке алу тәртібі мен жауапкершілігі, шет елдердің конституциялық құқығының түсінігі, саяси және конституциялық құрылымның негіздері, аймақтық хлықаралық қатынастардың түсінігі, адам құқықтарын халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету, этносаралық қатынастарды реттеудің нормативтік құқықтық негіздері, ұлттық азшылықтардың құқықтарын халықаралық-құқықтық қамтамасыз ету, жобалау жұмыстарының негізгі ережелері, әлеуметтік гуманитарлық білім берудегі модернизация ұғымы, қазіргі заманғы ҚР ұлттық-мәдени бірегейлігінің негізі ретіндегі «Мәңгілік Ел» идеясы, бизнес негіздері, қолданбалы бизнестің түсінігі.

Білім алу нәтижелері

Білікті болуы тиіс: ҚР-ның конституциялық органдардың қызмет ету аясындағы нормативтік құқықтық актілерді талқылауға және қолдануға; мемлекеттік қызмет көрсетуге, мемлекеттік қызметтен өтуге; адам құқықтары стандарттарын белгілейтін халықаралық шарттарға; ҚР ұлттық құқықтың салалық құрылымына қатысты халықаралық шарттардың мазмұны бойынша саралау, этносаралық қатынастар саласындағы ҚР мен шет елдердің заңнамасын талқылауға; үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірестіктер қызметі бойынша; Қазақстан қоғамы модернизациясының өзекті мәселелерін түсіну үшін тиісті кәсіби бағыттылыққа байланысты білімін қолдана білуі; бизнесті мемлекеттік қолдауы саласындағы ҚР-ның заңнамасын саралауға; бизнес-жоспарды құру және оның оны жүзеге асыру әдістерін анықтауға.

Білуі тиіс: мемлекеттік қызмет түсінігі және түрлері, мемлекеттік қызмет түрлері және мемлекеттік қызметшілер лауазымдарының сыныптауышы, мемлекеттік қызметшілердің этикалық Кодексін; шет елдердің конституциялық дамудың негізгі теорияларын, шет елдердің басқару нысанын; ҚР конституциялық органдар жүйесі және олардың құқықтық мәртебесін; ұлттық заңнама саласындағы халықаралық-құқықтық нормалардың имплементацияның түсінігі, әдістері және түрлерін; этносаралық толеранттық пен қоғамдық келісімнің қазақстандық моделінің мәнін; үкіметтік емес ұйымдар және қоғамдық бірлестіктердің түрлері; әлеуметтік модернизация саласында мемлекеттік саясаттың негізгі принциптерін білу, қоғамдық сана модернизациясымен байланысты бағдарламалық құжаттарды білу; кәсіпкерлік саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттары, ҚР Президенті жанындағы кәсіпкерлер Кеңесінің құзыреті мен құқықтық мәртебесі, бизнес-компаниялар мен жеке кәсіпкерлерге көрсететін заңдық қызмет түрлерін оқытуды.

Дағдылары болуы тиіс: заңды құжаттарды құрастыру, халықтың азаматтардың жолданымымен жұмыс, мемлекеттік қызмет сапасының мониторингі; ҚР-ның нормативтік құқықтық актілердің және шет елдердің конституцияларының мәтінімен жұмыс, шет елдердің конституциялық заңнамасын салыстырмалы-құқықтық саралау; ҚР заңнамасы мен адам құқықтары туралы халықаралық шарттарды салыстырмалы-құқықтық саралау, халықаралық органдарда адам құқықтарын қорғау сұрақтары бойынша кеңес беру, халықаралық құқыққорғау органдарына жолданымын құру; халықаралық шарттар мен ұлттық заңдар мәтінімен жұмыс; этносаралық қатынас модельдерін қолдану; ҚР-дағы үкіметтік емес ұйымдардың қызметі туралы аналитикалық анықтамаларды құру; ойлау мәдениетін игеру мен сапалы кәсіби білімді талап ететін әлеуметтік жобалау саласындағы дербес ғылыми-зерттеу қызметін жүргізу; Қазақстан қоғамы модернизациясы процесіне белсенді түрде араласу үшін қажетті аксиологиялық бағыт бағдарларды дербес түрде таңдай білу; кәсіпкерлікті қолдау саласында ұлттық саясаттың жетілдіруі, бизнестің дамуына кедергі болатын мәселелерді анықтау; келісімшарттардың құқықтық қамтамасыз етуі, құқыққорғау органдарында бизнестің қызығушылықтарын ұсыну, инновациялық жобалардың іске асырылу үшін инвестицияларды табу.

Құзыретті болуы тиіс: Мемлекеттік қызметтен өту, мемлекеттік қызметшілердің ынталандыру мен жауапкершілігі; шет елдердегі саяси партиялар мен негізгі сайлау жүйелерінің жұмыс істеуі; ҚР конституциялық органдарының қалыптасуы мен қызметі; ҚР мен шет елдердегі этносаралық қатынастар саласындағы конституциялық-құқықтық негіздерді іске асыру мәселелеріне; үкіметтік емес ұйымдар мен қоғамдық бірлестіктердің құқықтық жағдайы және олардың мемлекеттік биліктің жергілікті және орталық органдарымен қатынасы; алатын білімдеріне тұлғалық қатынасын көрсете білуі, белсенді және дербес талдай білу іскерлігі, кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау құрылымында, кәсіпкерлікті дамыту саясатын іске асыратын мемлекеттік органдардың қызметінде, жергілікті басқару органдары үшін ұсыныстар мен ұсынымдар құрастыру; бизнесті басқару мен жоспарлау технологияларында; жоспарлау және зерттеу қызметін ұйымдастыруда, ақпаратты іздеу мен дәйектеуде.

Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан

Несиелерді алу шарттары

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

Модульдың ұзақтығы

Төрт семестр

Әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі (мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп қағидалары: ғылыми басылым. - Алматы: ЮРИСТ, 2017. - 12б.

2. Қуатбеков Ж.А. Мемлекеттік орган тиімділігін арттырудағы мемлекеттік қызметшілердің еңбегін ынталандыру тетігі: монография. - 1-ші басылым. - Алматы: Эпиграф, 2016. - 200 б.

3. Сапарғалиев Ғ. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Академиялық курс: оқулық. - 4-ші бас. - Алматы : Жеті жарғы, 2013. - 533 б.

4. Ержанова Ф.А. Қазақстан Республикасының конституциялық құқық негіздері: оқу-әдістемелік құрал. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2015. - 107 б.

5. Чиркин В. Шетелдердің конституциялық құқығы: оқулық / оқулықты орыс тілінен қазақшаға аударған: Б.О. Алтынбасов. - Алматы: АйСан-Пресс, 2012. - 296 б.

6. Кемали М.С. Адам құқықтары және оларды қорғаудың тетіктері: оқу құралы. - Алматы: NURPRESS, 2012. - 393 б.

7. Шәукенова З. Этностардың әлеуметтік өзара әрекеттестігі: Қазақстан Республикасындағы этносаралық қатынастардың мониторингі: научное издание. - Алматы, 2013. - 199 б.

8. Шаукенова З. Қазақстан Республикасы этностық және діни топтарының азаматтық қауымдастыққа топтасуының құндылықтық -мағыналық және рухани-адамгершілік негіздері: ғылыми басылым / З. Шаукенова, Е.Е. Бурова, А.К. Назарбетова. - Алматы: ҚР БҒМ ҒК Философия, саясаттану және дінтану ин-ты, 2014. - 259 б.

9. Асқарова Ж.А. Бизнесті бағалау: оқу құралы. - Алматы : Nurpress, 2013. - 204 б.

10. Кайдаш И.Н. Бизнес пен басқарудағы ақпараттық жүйелер: оқу құралы. - Алматы: Бастау, 2012. - 287 б.



Жаңартылу мерзімі

31.08.2017 ж.


Модуль 7. Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі және халықаралық қауіпсіздігі


Модуль атауы және шифры

Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздігі және халықаралық қауіпсіздігі, МТМ-7

Модульге жауаптылар

Божкараулы А.

Модуль типі

Мамандық бойынша таңдау модулі

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағаттар көлемі

3 семестр – 3 с., 6 семестр – 3 с.

Несиелер саны

6

Оқу нысаны

Күндізгі

Семестр

3, 6

Білім алушылар саны

7

Модуль пререквизиттері

Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқық, ҚР қылмыстық құқық, ҚР азаматтық құқық

Модуль мазмұны

Қауіпсіздіктің қағидаттық негіздерін оқудың теориялық-әдістемелік негіздерін, халықаралық және ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуді реттейтін негізгі нормативтік-актілерді, қауіпсіздік негізінің теориялық ережелерін, халықаралық және ұлттық қауіпсіздіктің негізгі заңдылықтарын, категорияларын, ұғымдарын ашады.

Білім алу нәтижелері

Білікті болуы тиіс: ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысындағы қылмыстық атқару заңнамасының рөлін және қазіргі кезеңдегі ұлттық қауіпсіздік органдарының қызметі мен ұйымдастырылуының теориялық қырларын анықтау.

Білуі тиіс: ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ететін мемлекеттік органдардың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді, халықаралық қауіпсіздік саласындағы халықаралық актілер, қылмыстық атқару құқығының жүйесін және қылмыстық атқару заңнамасының жүйесін, ұлттық және халықаралық қауіпсіздікті қамтамасыз еті саласындағы Қазақстан Республикасы органдарының өзара әрекеттесу негіздері, және де халықаралық құқыққорғаушылық органдарының жүйесін

Құзіретті болуы тиіс: қазіргі кезеңдегі қауіпсіздік органдарының қызметінің ұйымдастырылуына салыстырмалы құқықтық талдау жүргізуге, қылмыстық атқару құқығы санатының және негізгі институттарының дамуы, ҚР ұлттық қауіпсіздік стратегиясын құқықтық қамтамасыз ету сұрақтарында.

Құзіретті болуы тиіс алынған білімдерді тәжірибеде қолдануға.

Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан

Несиелерді алу шарттары

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

Модульдың ұзақтығы

2 семестр

Әдебиеттер


  1. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық: жалпы және ерекше бөлімдер: оқулық / Ж. О. Құлжабаева ; Қазақ гуманитарлық-заң ун-ті. - Алматы: HAS, 2013. - 383 б.

  2. Жақашев Д.С. Кеден органдарының құқықтық мәртебесі:теориясы практикасының мәселелері: оқу құралы / Жақашев Д.С. - Алматы: Дәнекер, 2013. - 217б.

  3. Мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудің өзекті мәселелері = Актуальные проблемы обеспечения экономической безопасности государства: қаржы полициясы органдар. құр. 10 жыл толуына арналған хал. ғылыми-практикалық конференцияның материалдары. – Астана: Парасат Әлемі, 2004 - .2-ші бөлім. - 2014. - 257 б.

  4. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару кодексі: ҚР 2006 ж. 22 маусымдағы № 147-III заңымен еңгізілген өзгертулер мен толық. мәтінде қарамен боялған. - Алматы: Юрист, 2013. - 79 б.

  5. "Қылмыстық және қылмыстық атқару кодекстеріне он жыл: нәтижелері мен болашағы" атты халықаралық ғылыми конференция материалдары: 21-22 маусым 2015 жыл = Материалы международной научной конференции "Десять лет Уголовному и Уголовно-исполнительному кодексам Республики Казахстан: итоги и перспективы: 21-22 июня 2013 год: научное издание / құраст. М. К. Самалдықов. - Алматы: Қаз. ун-ті, 2014. - 216 б

  6. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық-құқықтық пәндер бойынша тест тапсырмаларының жинағы: оқу құралы / А.Н.Ағыбаев, Ә.А.Темірбеков, М.К.Самалдықов; жалпы ред: А.Н.Ағыбаев, Ш.Б.Мәлікова; Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы: Қазақ университеті, 2014. - 238 б.

  7. Төкебаев З.С. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы: оқу құралы (Лекциялар курсы) / З.С. Төкебаев. - Алматы: Білім, 2014. - 174 б.

  8. Методикалық нұсқау: заң факультетінің ІІІ курс студенттеріне арналған "Қылмыстық атқару құқы" пәнінен / Қарағанды мемлекеттік ун-ті (Қарағанды) ; құраст.Машабаев А.Ж. - Қарағанды: ҚарМУ баспасы, 2014. - 14б. с.

  9. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару құқығы: оқу құралы. - Алматы: Жеті жарғы, 2012. - 254 б.

  10. Әпенов С.М. Қылмыстық-атқару құқығы: оқу құралы / Әпенов С.М. – Алматы: ҚазМЗА, 2012. - 227б.

Жаңартылу мерзімі

31.08.2017 ж.


Модуль 8. Халықаралық-құқықтық реттеудің теоретикалық негіздері


Модуль атауы және шифры

Халықаралық-құқықтық реттеудің теориялық негіздері, МТМ-8

Модульге жауаптылар

Божкараулы А.

Модуль типі

Мамандық бойынша таңдау модулі

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағаттар көлемі

4 семестр – 6 с., 6 семестр – 6 с., 7 семестр – 3 с.

Несиелер саны

15

Оқу нысаны

Күндізгі

Семестр

4, 6, 7

Білім алушылар саны

7

Модуль пререквизиттері

Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқық, ҚР қылмыстық құқық, ҚР азаматтық құқық

Модуль мазмұны

Құқықсубъектілік ұғымы мен белгілері. Халықаралық құқық субьектілерінің түрлері. ҚР халықаралық құқықсубьектілігі. Қазақстан Республикасындағы лицензиялық-рұқсат беру жүйесі. ҚР кеден құқығының түсінігі, кеден органдары, кедендік режимдер. Әкімшілік жауапкершілік негізі, түрлері. ҚР және шет елдердің қаржы құқығы Халықаралық құқықтағы аумақ ұғымы: халықаралық режимдегі аумақтар, мемлекеттік аумақтар, аралас режимдегі аумақтар. Адам құқығын халықаралық қорғау процедуралады. ХҚЖ түрлері және нысандары. ХҚЖ болдырмайтын жағдайлар. Халықаралық жауапкершіліктің салалық құрылымы. Халықаралық құқықсубъектілік. Мемлекеттік бақылау және қадағалау.

Білім алу нәтижелері

Білікті болуы тиіс: туристік қызметті мемлекеттік және халықаралық - құқықтық реттеу негіздері, дауларды реттеудің халықаралық-құқықтық әдістері, кеден ісі саласындағы нормативтік құқықтық актілер, әкімшілік жауапкершіліктің тағайындалуы, ҚР және шет елдердің қаржы құқығы саласы, лицензиялық-рұқсат беру жүйесі, аумақтың құқықтық тәртібі, шиеленістерді халықаралық-құқықтық реттеу саласындағы пайдаланылатын негізгі түсініктерді білу,

Білуі тиіс: әкімшілік жауапкершілік, лицензиялық-рұқсат беру жүйесі, аумақтың құқықтық тәртібі, шиеленістерді халықаралық-құқықтық реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың қызметтерінің ерекшеліктері, халықаралық жауапкершіліктің туындауы және аумақтың құқықтық тәртібінің бұзылуы саласында туындайтын халықаралық шиеленістерді шешудің тәсілдері мен әдістері.

Дағдылары болуы тиіс: лицензиялық рұқсат беру қызметін жүзеге асыру және әкімшілік жауапкершілікке тарту саласындағы халықаралық және заңға бағынышты нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасауда. Аумақ тәртібі мен халықаралық қауіпсіздік сұрақтарын реттеу саласындағы негізгі конвенцияларға талдау жүргізуде.

Құзіретті болуы тиіс: шешім қабылдауда және дербес процессуалдық құжаттарды толтыруда: шағым, қорытынды, өтініш, сұраныс.

Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан

Несиелерді алу шарттары

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

Модульдың ұзақтығы

4 семестр

Әдебиеттер


  1. Досжанова Г.С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі: научное издание / Г. С. Досжанова. - Алматы: Заң әдебиеті, 2015. - 66 б.

  2. Халықаралық құқық: дәрістер курсы / ред.Хан Г.Б. - Алматы: ҚазГЗУ, 2013. - 471 б. - Библиогр.: 471 б.

  3. «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 13 маусымдағы N 211 Заңы. - http://adilet.zan.kz

  4. Әлібеков С.Т. Қазақстан Республикасының кеден құқығы: оқулық / С. Т. Әлібеков. - Алматы: Нұр-пресс, 2013. - 266 б.

  5. «Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасының Кодексін қолданысқа енгізу туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 30 маусымдағы № 298-IV Заңы. - http://adilet.zan.kz

  6. Баянов Е. Әкімшілік құқықтың схемалар бойынша анықтамалары: оқу құралы / Е.Баянов. - Алматы: Атамұра, 2013. - 175 б.

  7. Сактаганова И. С. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы: жалпы және ерекше бөлім: оқулық / И. С. Сактаганова. - Алматы : Эверо, 2014. - 255 б

  8. «Рұқсаттар және хабарламалар туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202-V ҚРЗ. - http://adilet.zan.kz

  9. Әкімшілік құқық бұзушылық туралы. Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ.- http://adilet.zan.kz

  10. Сейдеш Б.Б. Әкімшілік құқық пәні бойынша дәрістер: учебное пособие / Б. Б. Сейдеш. - Алматы: Дәнекер, 2014. - 139 б.

  11. Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 8 тамыздағы N 345 Заңы. - http://adilet.zan.kz

  12. Бала құқықтары туралы Конвенцияны ратификациялау туралы Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесінің 2012 жылғы 8 маусымдағы қаулысы. - http://adilet.zan.kz

  13. Баянов Е. Әкімшілік құқық: жоғары оқу орындарына арналған: оқулық / Е. Баянов. - Алматы: Атамұра, 2015. - 407 б.

  14. Лукашук И.И. Право международной ответственности. – М.: Волтерс Клувер, 2013 г..

Жаңартылу мерзімі

31.08.2017 ж.


Модуль 9. Ұлттық-құқықтық және халықаралық-құқықтық процедуралар


Модуль атауы және шифры

Ұлттық құқықтық және халықаралық құқықтық процедуралар, МТМ-9

Модульге жауаптылар

Божқараұлы А

Модуль типі

Мамандық бойынша таңдау модулі

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағаттар көлемі

5 семестр – 6с.

Несиелер саны

6

Оқу нысаны

Күндізгі

Семестр

5

Білім алушылар саны

7

Модуль пререквизиттері

Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқығы, ҚР қылмыстық құқығы, ҚР азаматтық құқығы

Модуль мазмұны

Модуль мазмұны азаматтық істер бойынша сот әділдігін жүзегше асыру барысындағы, қоғамдық қатнастарды реттеуде, құқық нормаларын, сондай-ақ, азаматтық процесс ғылымын мазмұны, ғылыми көз қарас және ұғымы және заңды катигориялары; қылмыстық сот өндірістерді оқу, оның негізгі ұғымын, қылмыстық іс бойынша қылмыстық істі қозғаудан бастап сот шешімін орындалғанға дейін; жекелей қылмыстық істер бойынша сот өндірістік ерекшеліктерін және ерекше өндірістерді, сот тәртібінде азаматтардың әкімшілік тәртіпте шағымдарымен жүгінуді қарастыру бойынша өндірісті жүзеге асыру кезінде пайда болатын қоғамдық қатынастарды реттейтін құқық нормаларын, әкімшілік және соттық-әкімшілік өндірістің түсінігін, қағидаларын, кезеңдерін, өндіріске қатысушылардың құқықтық мәртебесін, әкімшілік және соттық-әкімшілік өндіріс саласындағы азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз ету кепілдігін, соттық және әкімшілік тәртіпте жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарастырудағы өкілетті мемлекеттік органдар мен лауазымды тұлғалардың құзыреттерін қарастыру.

Білім алу нәтижелері

Білікті болуы тиіс: халықаралық құқықтың іс жүргізу нормаларының түсінігін, олардың түрлерін;

- адам құқықтарын қорғау бойынша халықаралық конвенцияларды, БҰҰ Халықаралық Соттың статутын, Халықаралық қылмыстық соттың статутын;

- халықаралық дауларды бейбіт жолмен шешудің үрдісін.

- Әкімшілік және соттық-әкімшілік өндіріс түсінігін, жеке және заңды тұлғалардың әкімшілік сотқа жүгіну тәртібін реттейтін заңнаманың нормаларын.



Білуі тиіс:

- халықаралық конвенциялардағы іс жүргізу нормаларын белгілеу;

- халықаралық құқыққорғау органдарға шағымды құрастыру;

- сот прецендентіне талдау жасау;

Сот төрелігін жүргізу қағидаларының негізінде құрылған қылмыстық сот төрелігінің жүйесін модернизациялаудың қазіргі таңдағы ережелерін жүзеге асыру кезіндегі халықаралық және ұлттық сот тәжірибесі саласындағы жаңа фундаменталды білімнің студенттерде қалыптасуынан құралады.

Әкімшілік және соттық-әкімшілік өндіріс туралы заңнаманы талдау, Әкімшілік және соттық-әкімшілік өндіріс қатысушыларының құқықтық мәртебесін анықтау, жеке және заңды тұлағалардың өтініштерін қарастыру бойынша өндірістің кезеңдерін жүзеге асыру тәртібін анықтау.



Дағдылары болуы тиіс: Халықаралық құқық нормаларын жүзеге асыруға; сараптамалық баға беруге,тарихи салыстырма жасау, кешенді және ситуациялық талдау жасау әдістері арқылы аудитория алдында сөйлеу, зерттелініп отырған мәселе бойынша аппараттың түсінігін білуге бағытталған тікелей жұмысқа қатысты халықаралық нормативтік-құқықтық актілерді және құжаттармен жұмыс жасау дағдылығы болуы керек. қылмыстық сот төрелігінде адам құқықтарын қорғау үшін халықаралық және ұлттық механизмдердің жүйесін. Әкімшілік және соттық-әкімшілік өндіріс саласындағы нормативтік құқықтық актілермен жұмыс жасай білу, ұғымдық аппаратты еркін пайдалану, заңдық күші бар заңнамаларды талдау және қолдану, әкімшілік және соттық-әкімшілік өндіріс саласындағы лауазымды тұлғалардың құзыреттерін, құқықтарын, міндеттері мен жауапкершілігін білу, әкімшілік және соттық-әкімшілік өндіріс саласындағы азаматтардың құқытары мен бостандықтарын қорғау мен жүзеге асыру мақсатында құқықтың нормаларын қолдануды білу.

Құзыретті болуы тиіс: ҚР халықаралық ұйымдарда қатысу және өзара аралау мәселелерінде және халықаралық ұйымдарда құқықтық мәртебесін анықтау саласында; халықаралық ұйымдар мен Еуропалық Одақтағы қызметтерін құқықтық қамтамасыз ету мәселесінде, ҚР ЕО және басқа да халықаралық ұйымдарда қатысушы болып табылатын қызметтерінің ұйымдастырушылық аспектілерінде.

Әкімшілік және соттық-әкімшілік өндірістегі қатысушылардың құқықтық мәртебесін анықтау саласында, әкімшілік және сот тәртібіндегі жеке және заңды тұлғалардың жүгінуін қарастыру бойынша өндірістің кезеңдерін жүзеге асыру мәселесінде, әкімшілік және сот өндірісіндегі жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыру мен қорғау мәселелерін шешу кезінде.



Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан

Несиелерді алу шарттары

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

Модульдың ұзақтығы

1 семестр

Әдебиеттер


1. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу құқығы [Мәтін] : қысқаша курс / Ү. Ө. Нұрмашев, Н. Ж. Апахаев. - Өңделіп, толықт. 2-ші басылымы. - Алматы : Жеті жарғы, 2013. - 320 б.

2. Азаматтық іс жүргізу құқығы [Мәтін]: әдістемелік оқу құралы / Г. А. Жаналинова ; Орталық Қазақстан Академиясы. - Қарағанды : Досжан, 2012. - 222 б.

3. Сот сараптамасының нормативтік құқықтық негіздері [Мәтін]: оқу-әдістемелік құрал / Р. Б. Тапалова, С. Ш. Даубасова, А. А. Арын ; әл-Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы : Қазақ ун-ті, 2014. - 241 б.

4. Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу құқығы [Мєтін] : оқулық / Ү. Ө. Нұрмашев, Н. Ж. Алахаев. - Алматы : NURPRESS, 2013. - 341 б.

5. Әкімшілік жауаптылық [Мәтін] : оқулық / Б. А. Жетписбаев, С. Т. Тыныбеков, Д. О. Кусаинов. - Алматы : NURPRESS, 2014. - 250 б.

6. Қазақстан Республикасының әкімшілік іс жүргізу құқығы [Мәтін]: оқулық / Ү. Ө. Нұрмашев, Н. Ж. Алахаев. - Алматы : NURPRESS, 2013. - 341 б.



7. Қазақстан Республикасының азаматтық іс жүргізу кодексі [Мәтін]: ғылыми басылым. - Алматы : Юрист, 2012. - 140 б.

8. Қазақстан Республикасының қылмыстық іс жүргізу кодексі [Мәтін]: 2013 жылғы 13 желтоқсандағы № 206-1. - Алматы : Норма-К, 2013. - 276 б.



9. Құқық негіздері [Мєтін] : оқулық / Қ. И. Оспанов. - Алматы : Жеті жарғы, 2016. - 304 б.

10. Қазақстан Республикасындағы әкімшілік құқықтың Қазақстан Республикасы әкімшілік кодексінің жаңа жобасы аясында даму келешегі [Текст]: республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияның материалдары 2014 жылғы 12 маусым = Перспективы развития административного права в Республике Казахстан : материалы респ.научно-практической конф.,12 июня 2014 г. / отв. ред. Д. Т. Кенжетаев. - Караганда : Карагандинская Академия МВД РК им.Б.Бейсенова, 2014. - 115 б.

Жаңартылу мерзімі

31.08.2017 ж.



Модуль 10. Жария және жеке сипаттағы халықаралық қатынастарды халықаралық-құқықтық реттеу


Модуль атауы және шифры

Жария және жеке сипаттағы халықаралық қатынастарды құқықтық реттеу, МММ-10

Модульге жауаптылар

Киздарбекова А.С., Божқараұлы А.

Модуль типі

Мамандық бойынша модульдер

Модуль деңгейі

ВА

Аптадағы сағаттар көлемі

5 семестр – 5 с.

Несиелер саны

5

Оқу нысаны

Күндізгі

Семестр

5

Білім алушылар саны




Модуль пререквизиттері

Мемлекет және құқық теориясы, ҚР конституциялық құқық, ҚР қылмыстық құқық, ҚР азаматтық құқық

Модуль мазмұны

Халықаралық көпшілік құқық түсінігі, нормалары, қайнар көздері, шетел элементі бар азаматтық құқықтық сипаттағы қатынастар, халықаралық көпшілік құқықтық институттар, халықаралық құқықтағы жеке тұлғаның құқықтық мәртебесі, халықаралық құқықтық жауапкершілік, халықаралық сот, халықаралық экономикалық қатынастарды реттейтін нормативтік-құқықтық актілер.

Білім алу нәтижелері

Білікті болуы тиіс халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық саласындағы негізгі ұғымдарды білу, халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық саласындағы халықаралық конвенциялардың ережелерін талдауда, ҚР АК ережелерін, Неке және отбасы туралы Кодекс, шет елдік элементтерді реттеуге қатысты ҚР АІК ережелерін талдауда, коллизиялық нормаларды қолдану, халықаралық көпшілік қайнар көздерін талдауға,

Білуі тиіс халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық ұғымын, коллизиялық норма түрлерін, коллизиялық нормаларды талқылау мен қолдану ерекшеліктерін, халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқықтағы жеке тұлғалардың құқықтық жағдайларын, заңды тұлғалардың құқықтық жағдайларының негізін халықаралық ұйымдардың құқықтық мәртебесі.

Дағдылары болуы тиіс: халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқықтың коллизиялық нормаларын талқылау, коллизиялық нормаларды қолдануда.

Құзіретті болуы тиіс: халықаралық көпшілік және халықаралық жеке құқық нормаларын кәсіби қолдану.

Қорытынды бақылау нысаны

Емтихан

Несиелерді алу шарттары

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

Модульдың ұзақтығы

2 семестр

Әдебиеттер


  1. Досжанова Г. С. Халықаралық құқық бойынша терминдердің түсіндірме сөздігі: научное издание / Г. С. Досжанова. - Алматы: Заң әдебиеті, 2015. - 66 б.

  2. Попова А.В. Международное частное право. СПб.: Питер, 2013

  3. Сейдіғалиев Т. Р. Халықаралық жария құқығы: оқу құралы / Т. Р. Сейдіғалиев, Қ. Д. Дос. - Қарағанды: ҚарЗИ ПМ ҚР Б.Бейсенов атындағы, 2013. - 206 б.

  4. Құлжабаева Ж.О. Халықаралық жария құқық: жалпы және ерекше бөлімдер: оқулық / Ж.О.Құлжабаева; Қазақ гуманитарлық-заң ун-ті. - Алматы: HAS, 2013. - 383 б.

  5. Ащеулов А.Т. Жеке адамға қылмыспен зиян келтіргені үшін азаматтық-құқықтық жауапкершілік: научное издание / Ащеулов А.Т. - Алматы: ҚазГЗУ, 2012. - 195б.

  6. Нысанбекова Л.Б. Халықаралық жеке құқық: негізгі институттар / Л. Б. Нысанбекова. - Алматы: Жеті жарғы, 2016. - 166 б.

  7. Нысанбекова Л. Халықаралық жеке құқық: оқу құралы / Л.Нысанбекова; Әл - Фараби атын. Қазақ ұлттық ун-ті. - Алматы: Қазақ университеті, 2012. - 321 б.

  8. Киздарбекова А.С. Кәсіпкерлік құқық: оқулық / А.С.Киздарбекова, Г.Б.Асетова. - Алматы: Дәуір, 2012. - 271 б.

  9. Қазақстан Республикасының азаматтық кодексі: жалпы бөлімі, ерекше бөлімі. - Алматы: ЮРИСТ, 2015. - 296 б

  10. Рахметова Г.Р. Қазақстан Республикасының нотариаты: оқулық / Г. Р. Рахметова. - Алматы: Дәуір, 2013. - 191 б.

Жаңартылу мерзімі

31.08.2017 ж.


Каталог: file -> facultet
facultet -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Магистратура Академиялық дәреже «6М060600 Химия»
facultet -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В011700-Қазақ тілі мен әдебиеті»
facultet -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В011200 Химия» мамандығы бойынша білім беру бакалавры
facultet -> Білім беру бағдарламасы «5B050800-Есеп және аудит»
facultet -> Программа по специальности «5В090200-Туризм»
facultet -> Программа по специальности «5В091200-Ресторанное дело и гостиничный бизнес»
facultet -> Образовательная программа по специальности «5В051100 Маркетинг»
facultet -> Образовательная программа по специальности «5В090900 Логистика»
facultet -> «5В071700-Жылу энергетикасы»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет