1.9 Кәсіби қызмет пәні: Магистр кәсіби қызметінің пәндері болып табылады: химиялық реакциялардың, процестер мен технологиялардың заңдары мен заңдылықтарын зерттеу; қоршаған орта объектілері; білім беру қызметі.
1.10 Кәсіби қызмет түрлері: 6М060600 – «Химия» мамандығы бойынша магистратура түлектері ғылыми және педагогикалық дайындық кезінде келесі кәсіби қызмет түрлерін орындаулары мүмкін:
әкімшілік ұйымдастыру қызметі: Түлек химиялық, фармацевтикалық, экологиялық, металургиялық, мұнайхимиялық, газды және көмірлі өндіріс орындарының орталық зауыт зертаханасында білікті жұмыс істеу үшін химиялық, экологиялық, фармацевтикалық, металлургиялық, мұнайхимиялық, газды және көмірлі бейініне дағдысы болуы керек.
индустриялық-технологиялық қызметі: осы мамандықтың түлектері айрықша болып табылады , себебі білім беру процессі олардан химиялық және химия-технологиялық өндіріске байланысты барлық мәселелерді мұқият зерттеуді талап етеді.
эксперименттік зерттеу қызметі: магистранттарды түрлі ұйымдық нысандарда дербес немесе сыртқы тұлғалармен бірлесіп (жоғары оқу орындарында, халықаралық ғылыми ынтымақтастық бағдарламаларында, ғылыми-зерттеу институттары мен басқа да шаруашылық субъектілерінің ғылыми-зерттеу бағдарламаларының бөлігі ретінде) жүргізілуі мүмкін
білім беру (педагогикалық) қызметі: Орта және кәсіби мектептерде химия пәндерін оқыту функцияларына байланысты мамандық бойынша білім беру
Достарыңызбен бөлісу: |