Білім беру бағдарламасы жоғары білім берудің мжббс негізінде, ҚР Үкіметінің 23 тамыз 2012 жыл №1080



бет4/4
Дата09.06.2018
өлшемі8,08 Mb.
#42151
1   2   3   4

Модуль 14. Ұйымдастыру-басқарушылық




1. Модуль атауы және шифры

Ұйымдастыру-басқарушылық МТМ -14

2. Модульге жауаптылар

Киздарбекова М.Ж., Шақтаев Қ.Б.

3. Модульдің түрі

Мамандық бойынша таңдау модульдері

4. Модульдің деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

5 семестр – 3 сағ., 6 семестр – 4 сағ.

6. Несие саны

7

7. Оқу түрі

Күндізгі

8. Семестр

5, 6

9. Үйренушілер саны

9

10. Модульдің пререквизиттері

Көлік құралдарының қауіпсіздігі, автомобиль және автомобиль шаруашылығы , көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері, көліктік кешендердің өндірістік-техникалық базасы.

11. Модульдің мазмұны

Автомобильдердің экологиялық қауіпсіздігі. Көліктегі еңбекті қорғау және эргономика. Өндірісті ұйымдастыру және кәсіпорын менеджменті.
Көліктің ұйымдастырушылық-өндірістік құрылымы.

12. Оқыту нәтижелері


Білік: Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ететін элементтерді білу. Еңбекті қорғау және қауіпсіздік техникасы бойынша нормативті-техникалық құжаттармен жұмыс істей білу. Техника-экономикалық талдау, олардың нұсқаларының негізінде тиімді инженерлік шешімдерді қабылдау; өндірістік процестердің тиімді көрсеткіштерін анықтау; еңбекті ұйымдастырудың әдістері мен формаларын талдау; белгілі жағдайларда дұрыс басқару шешімдерін қабылдау.

Білім: Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігі тетіктерін, мотордан шығатын зиянды газдардың улылығын білу. Көлік саласында еңбекті қорғау мен эргономиканың негізгі бағыттарын білу. Жобалау негіздерін, көліктік өндірістік процестердің негіздерін, кәсіпорындарды басқару әдістері мен принциптерін, автокөліктік кәсіпорынының негізгі бөлімдерінің жұмыстарын ұйымдастыру және менеджмент негіздерін білу.

Дағды: Мотордан шығатын зиянды газдардың улылығын төмендету әдістерін білу. Жұмыс орындарының микроклиматтық көрсеткіштерін зерттеу, еңбек ауырлығы бағасының көрсеткіштерін анықтау. Техникалық және нормативтік құжаттармен жұмыс істей білу.

Құзыреттілігі: Автомобильдің экологиялық қауіпсіздігін қалпында ұстау шараларын жүргізу. Еңбектің қолайлы шарттарын құру, басқарудың ыңғайлылығы, қажудың төмендеуі және басқа да маңызды әлеуметтік, эргономикалық мәселелерді шешуде құзыретті болу. Кәсіпорындарды жобалау, ұйымдастыру және басқару.

13. Қорытынды бақылау түрі

Емтихан

14. Несиелер алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

15. Модуль ұзақтығы

Екі семестр

16. Әдебиет

1. Жатқанбаев Ж.Ж. Экология негіздері. Оқулық -Алматы: «Зият Преес», 2011.

2. Молдахметов М, Ғазалиев А. және т.б. Экология негіздері (оқулық) - Қарағанды, ҚарМТУ. - 2012.

3. Сапарова Г.К. Еңбекті қорғау: оқу құралы. – Қарағанды, 2011.

4. Охрана труда: организация и управление: Учебное пособие/ МАНЭБ: Под ред. О. Н. Русака. - СПб.: Профессия, 2010.-240с.


5. Ахметов Қ.Ғ. Менеджменттің негіздері (Оқу құралы), Ақтөбе Орал . 2005

6. Рахимбаев А.О,Сабатаева Б.О, Менеджмент, Алматы. 2007

7. А.К. Бельгебаев, А.Б Рахимбаев, Менеджмент, Алматы. 2008

8. Организация, планирование и управление автотранспортными предприятиями. Под ред. Л.А. Бронштейна и К.А. Савченко-Бельского. Издание второе. - М.: Высшая школа, 2014. - 360 С.

9. Александров Л.А., Козлов Р.К. Организация управления на автомобильном транспорте: Учебник для вузов. М.: Транспорт, 2008, -264 с.


10. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауы- www.akorda.kz/...president/poslanie-prezidenta-respubliki-kazahstan-nnazarbaeva-na...


17. Жаңарту күні

31.08.2017 ж.

Модуль 15. Іс-қағаздарын жүргізу




1. Модуль атауы және шифры

Іс-қағаздарын жүргізу ҚМ -15

2. Модульге жауаптылар

Рахымберлина С.А. , Сатеева Б.С, Ғалы Ж.

3. Модульдің түрі

Қосымша модульдер

4. Модульдің деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

2 семестр – 2 сағ., 4 семестр – 2 сағ.

6. Несие саны

4

7. Оқу түрі

Күндізгі

8. Семестр

2, 4

9. Үйренушілер саны

9

10. Модульдің пререквизиттері

Қазақ тілі, әлеуметтану, құқық негіздері

11. Модульдің мазмұны

Құжаттану. Мемлекеттік тілде іс қағаздарын жүргізу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері. Қазіргі замандағы адам құқығы.

12. Оқыту нәтижелері


Білік: мамандығына байланысты терминологияны меңгеріп, кәсіби сөйлеу жағдаяттары бойынша сөйлеу деңгейлерін кеңейтіп, сөздерді еркін пайдалана отыра іс-қағаздарды сауатты толтыра білу. Азаматтардың құқықтары  мен бостандықтарын қорғау, сыбайлас жемқорлық   көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, жемқорлыққа байланысты құқық бұзушылықтың алдын алу, олардың жолын кесу және ашу. Адам құқығын қорғап, бостандығын ардақтау азаматтардың лайықты өмір сүріп, байрақатты тұрмыс кешуіне жағдайды қалыптастыру.

Білім: өз мамандығына қатысты құжаттарды қазақ тілінде сауатты толтыруға машықтану және дұрыс аударма жасай білу. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресу туралы» Заңының негізгі баптарын білу. Адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғау механизміне нормативті құқықтық   актілерді білу. 

Дағды: Сөйлеу әрекетінің 4 түрін толық меңгеріп, оны кәсіби қарым-қатынаста пайдалана білу, сауатты түрде аударма жасай білу және мемлекеттік тілде іс-қағаздарымен жұмыс жасай білу, әр түрлі кәсіби қарым-қатынас жағдайында аударма жасай білу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздерін қалыптастыру.

Құзыреттілігі: коммуникативтік, лингвистикалық, грамматикалық, кәсіби құзіреттілігін қалыптастыру; кәсіби қызмет саласында коммуникативтік құзыреттілігін тиімді пайдалана білу. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу. Адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерін қанағаттандыру жолындағы кедергілерді жою, адам құқықтары, бостандықтары мен заңды мүдделерінің кедергісіз бағыт алуын қамтамасыз ету.

13. Қорытынды бақылау түрі

Емтихан

14. Несиелер алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

15. Модуль ұзақтығы

Екі семестр

16. Әдебиет

1. В. Салагаев, Б. Шалабай: «Іс қағаздарын жүргізу туралы». – Алматы, «Раритет», 2008.

2. І. Жақып. «Іс жүргізу». – Алматы, «Раритет», 2008.

3. «Қазақстан Республкасында іс қағаздарын жүргізу» (мемлекеттік және ресми тілдерде іс қағаздарын жүргізудің үлгілері) Алматы, 2011.

4. Л.Дүйсенбаева. «Іс қағаздарын қазақша жүргізу».- Алматы, «Ана тілі» 2011.

5. «Сөздік анықтамалық: екі тілде іс жүргізу» Алматы, «Атамұра», 2007.

6. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениет негіздері: оқу құралы / Жалпы редакциясын басқарған б.ғ.д., профессор Б. С. Абдрасилов. – Астана: Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясы, 2016. – 176 б.



7. Қазақстан Республикасының 2015–2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы:

8. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.


9. Дулатбеков Р, Амандықова Н, Турлаев С. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. -Алматы, 2011.

10. Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың 2017 жылдың 17 қаңтарындағы Қазақстан халқына Жолдауы- www.akorda.kz/...president/poslanie-prezidenta-respubliki-kazahstan-nnazarbaeva-na...


17. Жаңарту күні

31.08.2017 ж.

Модуль 16. Тәжірибе


1. Модуль атауы және шифры

Тәжірибе ҚОТ -16

2. Модульге жауаптылар

Курымбаев С.Г., Бакей Д.К.

3. Модульдің түрі

Қосымша оқу түрлері

4. Модульдің деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

2 семестр – 2 апта, 4 семестр – 2 апта, 6 семестр – 3 апта, 8 семестр – 10, 4 апта

6. Несие саны

12

7. Оқу түрі

Күндізгі

8. Семестр

2, 4, 6, 8

9. Үйренушілер саны

9

10. Модульдің пререквизиттері

Мамандық бойынша міндетті модульдер, мамандық бойынша таңдау модульдері

11. Модульдің мазмұны

Көлік кәсіпорындарындағы көлікті жөндеу, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету жұмыстарының технологиясы, көліктік жұмыстарды ұйымдастыру әдістері, оларды механикаландыру ерекшеліктері; көліктік кәсіпорындағы өндірістік процестер технологиясы, көліктік техника және олардың көліктің түрлері бойынша ерекшеліктері, механикаландыру мен автоматтандыру деңгейлері, көліктік кәсіпорындардағы инженерлік-техникалық жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері, көлік саласындағы экономикалық сұрақтар мен кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау жолдары .

12. Оқыту нәтижелері


Білік: көлік, көлік техникасы және технологиялары бойынша өндірістік процестерді ұйымдастыру, мамандық бойынша алған теориялық білімдерін бекіту

Білім: көліктік кәсіпорындағы өндірістік процестер технологиясы, көліктік техника және олардың көліктің түрлері бойынша ерекшеліктері, механикаландыру мен автоматтандыру деңгейлері

Дағды: көліктік жұмыстардлың технологиялық процестерін құру негізінде алған теориялық және практикалық білімдерін бекіту

Құзыреттілігі: қазіргі өндіріс талаптарына сәйкес көліктік жұмысты ұйымдастыра білу, технологиялық процестерді механикаландыруды, көлік техникасындағы механикалық жабдықты жасау және пайдалануды тереңдетіп зерттеу және талдау.

13. Қорытынды бақылау түрі

Дифсынақ

14. Несиелер алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

15. Модуль ұзақтығы

Төрт семестр

16. Әдебиет

1. Жүнісбеков П. Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы: оқулық / П. Ж. Жүнісбеков. – Астана: Фолиант, 2007. – 359 б.

  1. 2. Копенов, Б.Т. Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері : оқу құралы / Б.Т. Копенов, А.Г. Акчурин, Т.Ж. Копенов.- Алматы: ҚазККА, 2009.

3. Жүнісбеков П. Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы: оқулық / П. Ж. Жүнісбеков. – Астана: Фолиант, 2007. – 359 б.

  1. 4. Копенов, Б.Т. Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері : оқу құралы / Б.Т. Копенов, А.Г. Акчурин, Т.Ж. Копенов.- Алматы: ҚазККА, 2009.-

  2. 5. Суеубаев Ж. Автомобиль құрылысы : оқу құралы / Ж. Суеубаев. Алматы: ҚазККА, 2009. – 264 б.

6. Машина бөлшектерi [Текст] : оқу құралы / А. Ж. Омаров, Ж. Қ. Батырмұхамедов ; М.Тынышбаев атын. қазақ көлік және коммуникациялар академиясы. - Алматы : "Эверо", 2015. - 652 с.

7. Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары — 2011 жылы Алматы қаласы «Дәуір» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — М. О. Мусабеков, А. С. Шанлаяков, М. А. Текебаев. Беттер саны — 360



8. Жүнісбеков П. Ж. Автомобильдің құрылысы және пайдаланылуы: оқулық / П. Ж. Жүнісбеков. – Астана: Фолиант, 2007. – 359 б.

  1. 9. Копенов, Б.Т. Көлік техникасын техникалық пайдалану негіздері : оқу құралы / Б.Т. Копенов, А.Г. Акчурин, Т.Ж. Копенов.- Алматы: ҚазККА, 2009.-

  2. 10. Суеубаев Ж. Автомобиль құрылысы : оқу құралы / Ж. Суеубаев. Алматы: ҚазККА, 2009. – 264 б.



17. Жаңарту күні

31.08.2017 ж.

Модуль 17. Мемлекеттік аттестация


1. Модуль атауы және шифры

Мемлекеттік аттестация МҚА-17

2. Модульге жауаптылар

Курымбаев С.Г., Абдураева Г.Е.

3. Модульдің түрі

Мемлекеттік қорытынды аттестаттау

4. Модульдің деңгейі

ВА

5. Апта ішіндегі сағат саны

-

6. Несие саны

3

7. Оқу түрі

Күндізгі

8. Семестр

8

9. Үйренушілер саны

9

10. Модульдің пререквизиттері

Мамандық бойынша міндетті модульдер, мамандық бойынша таңдау модульдер

11. Модульдің мазмұны

Көлік кәсіпорындарындағы көлікті жөндеу, жылжымалы құрамға техникалық қызмет көрсету жұмыстарының технологиясы, көліктік жұмыстарды ұйымдастыру әдістері, оларды механикаландыру ерекшеліктері; көліктік кәсіпорындағы өндірістік процестер технологиясы, көліктік техника және олардың көліктің түрлері бойынша ерекшеліктері, механикаландыру мен автоматтандыру деңгейлері, көліктік кәсіпорындардағы инженерлік-техникалық жұмыстардың мақсаттары мен міндеттері, көлік саласындағы экономикалық сұрақтар мен кәсіпорын жұмысын ұйымдастыру және жоспарлау жолдары.

12. Оқыту нәтижелері


Білік: көлік техникасының тораптары мен бөлшектерін техникалық және жұмыстың жобалауға; көлік техникасының, оның элементтерінің типтік әдістері бойынша сенімділігіне және сынақтар жүргізуге

Білім: көлік техникасының механизмдері, тораптары мен бөлшектерінің технологиялық процестерін жобалау негәіздері, техникалық жабдықталу ерекшеліктері, көлік техникасы бөлшектерін дайындау әдістері, көліктік , түйіндерді жинаудың типтік технологиялық процестері, көлік техникасын сынақтау, оның сенімділігі мен жұмысқа қабілеттілік қасиеттерін арттыру жолдары, көліктік процестерді автоматтандыру құралдары

Дағды: көлік техникасының дайындамасын, бөлшектерін дайындаудың, түйіндерін жинаудың типтік технологиялық процестерін әзірлеу; іс жүзіндегі өндірісті технологиялық жабдықтау көлік техникасын шудан оқшаулау және қорғау жүйесін әзірлеу, типтік әдістер бойынша автоматтандыру құралдарын сынау

Құзыреттілігі: көлік кәсіпорындарының өндірістік учаскелер деңгейінде өндірісті басқару, типтік шешімдер негізінде жабдықтау және автоматтық басқару құралдарын құрастыру, көлік техникасының сенімділігін және ұзақ мерзімділігін талдау

13. Қорытынды бақылау түрі

Мемлекеттік емтихан, дипломдық жобаны қорғау

14. Несиелер алуға арналған шарттар

Кестеге сәйкес барлық жұмыс түрлерін орындау

15. Модуль ұзақтығы

Бір семестр

16. Әдебиет

1. Ж. О. Кұлсейітов. Көлік техникасының сенімділігі. Алматы, 2012

2. Көлік техникасының энергетикалық қондырғылары — 2011 жылы Алматы қаласы «Дәуір» баспасында басылып шыққан кітап. Кітап авторы/құрастырушысы — М. О. Мусабеков, А. С. Шанлаяков, М. А. Текебаев. Беттер саны — 360

3. Қалдыбаев С.У., Бижанова А.С. Автоматтандырылған басқару жүйелері (көліктегі). – Алматы, 2011.

4. «Тасымалдаумен шұғыл басқарудың автоматтандырылған жүйесі» зерханалық жұмысына тапсырмамен әдістемелік құралдары, ҚазККА, Алматы, 2007

5. Ізтілеуова М.С. Көлік жүйелерінің логистикалық инфрақұрылымы. – Алматы,

6. Ибылдаев М.Х. Көлік құралдарының қауіпсіздігі: Оқу құралы. – Алматы: Эверо, 2015. – 218б.



7. Сыртанов С.Қ. Автомобиль жолдарындағы жол қозғалысының қауіпсіздігі: Оқу құралы. – Алматы: ҚазККА, 209№ - 263б.

8.  Арпабеков, М. Жол қозғалысын ұйымдастырудың техникалық құралдары: ҚР Білім және ғылым мин. техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарына ұсынған оқулық / М. Арпабеков, А. Баубек. - Астана : Фолиант, 2010. - 304 с. 

9. О. Сапаров «Машина пайдалануды техникалық қамтамасыз ету». Астана, 2013 ж.,125 б.

10. Т.Ж. Сағындық. «Көлік техникасын техникалық жарату», оқу құралы. С.Сейфуллин атындағы ҚАТУ, - Астана 2012. 173 б.

11. Көбдіков М.А. Тасымалдауды ұйымдастыру және қозғалысты басқару: Оқулық. – Алматы: Эверо, 2013.

12. Жаңбыров Ж.Ғ. Автокөлік логистикасы: Оқулық. – Алматы: Нур-Принт, 2008. – 340б.

13. Құрмашева Б.Қ. Тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыру: Оқу құралы. – Қарағанды, 2010.

14. Асқарова Ә.А.     Тиеу, тасымалдау және түсіру жұмыстарын механикаландыру машиналары мен қондырғылары: Оқу құралы. – Алматы, Эверо. – 2009. – 306б.




17. Жаңарту күні

31.08.2017 ж.


Каталог: file -> facultet -> fiz
facultet -> Білім беру бағдарламасы деңгейі: Бакалавриат Академиялық дәреже «5В011200 Химия» мамандығы бойынша білім беру бакалавры
facultet -> Білім беру бағдарламасы «5B050800-Есеп және аудит»
facultet -> Программа по специальности «5В090200-Туризм»
facultet -> Программа по специальности «5В091200-Ресторанное дело и гостиничный бизнес»
facultet -> Образовательная программа по специальности «5В051100 Маркетинг»
facultet -> Образовательная программа по специальности «5В090900 Логистика»
fiz -> «5В071700-Жылу энергетикасы»
fiz -> «5В060400 «Физика» мамандығының үлгілік оқу жоспарына, үлгілік оқу бағдарламларына сәйкес құрастырылған «5В060400-Физика»


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет