Білім беру бағдарламасы Күндізгі (оқу нысаны) Қызылорда, 2022



бет35/60
Дата06.07.2023
өлшемі9,25 Mb.
#179340
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60
Байланысты:
umkd tagam dai ndau tehnologiyas

Балық сорпасы.



4—5 адамға арнай балық сорпасын әзірлеу үшін 500—600 г балық, бір-бірден сәбіз, петрушка, пияз қажет. Балықтың қабыршағын, іш құрылысын тазарғып, желбезегін алады да жақсылан жуады. Осыдан кейін балықты бірнеше бөлікке бөліп кастрюльге салады, оған балықтың басы мен құйрығын да, кесілген сәбіз бен пиязды да қосып, салқын су құйып (2—2,5 л), тұз салып, 25—30 минуттай қайнатады. Осыдан кейін балықты алып, басы мең құйрығын тағы да 15—20 минуттай қайнатады. Балық сорпасын табақшаларға құйып, дастарканға қояр алдында балықтың етінің бір кесегін қоса салады не бөлек қояды. Балықтың пайдаланылмаған қалдықтарынан да, немесе басынан да сорпа әзірлеуге болады. Мұны 45—60 минут, ал балық шеміршектерін 2 сағаттап астам қайнатады. Егер сорпа балық қалдықтары мен басынан қайнатылатьш болса, онда, сүйегін жақсылан тазартып, сорпаны сүзіп алады. Саңырауқұлақ сорпасы. 4—5 тәрелкелік сорпа әзірлеу үшін 50—80 г кептірілген саңырауқұлақ қажет. Саңырауқұлақты бірнеше қайтара жылы сумен жуған- нан кейін салқын су (2—3 л) құйый, 1,5—2 сағаттай жайлап қайнатады. Саңырауқұлақ пісуге таяған кезде тұз салады. Оны тез пісіру үшін әуелі 1—1,2 сағаттай салқын суда сақтап, сонан соң сол сумен қайнатады.[2]




Қазақша сорпа

Қойдың, сиырдың т. б. етін 35—45 грамдай етіп кесіп (сүйегі болса шабады) қазанға салады да, үстіне су құйыл, 35—45 минут қайнатады. Бұдан кейін оған жуылған күріш салып, тағыда жарты сағаттап астам қайнатады. Сорпа дәмді болуы үшін татымына қарай тұз, ұсақтал туралған пияз, қара бұрыш салады. Сонымен бірге ет піскен соң сорпасына езілген құрт немесе қатык-сүзбе құяды. Қазақша сорпаны етті жеп болған соң береді. Қазақша сорпаға: 600 г қой еті, 1 бас пияз, 100 г құйрық майы, 4 ас қасық қатық немесе езілген құрт, жарты стакан күріш, 2 ас қасық ұсақталған көк, жарты шай қасық тұз, бірнеше лавр жапырағы қажет.
Дәріс10. Салқын және ыстық басытқылар.
1.1.Салқын тағамдар мен дәмдітатымдар
1.2.Қазақстан ұлттық тағамдары


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   60




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет