Практикалық сабақтар Практикалық сабақ 1. Балық тағамдарын өңдеу және дайындау
Жоспар
1.1.Құырылған балықтан пісірілген тағамдар.
1.2.Балықтан салқын тағам және басытқы даярлау.
Әдістемелік нұсқау Технологиялық карта
Фритюрда қуырылған балық
Азық-түліктер
Брутто
Нетто
Балық
320
240
Ұн
6
6
Сүйық май
500
500
Шығымы:
227
Тапсырмаларды орындау барысында білім алушыларға қажетті ептілік:
шикізатты механикалық өңдеу және жартылай өнімдер дайындау
балықты қуыру үшін порция кесектеріне сүбе түрлері кесу және оларды тәжірибеде меңгеру
балықтан қуырылған тағамдарды дайындау технологиясын меңгеру
Негізгі әдіспен қуыру үшін пайданылатындар: тұтас түріндегі балық, бөліктер, сыбаға кесектер, терілі-сүйекті, терілі-сүйексіз жалпақталған балықтан туралған сыбаға кесектері. Дөңгелекшелерді жіне омыртқа сүйегімен бірге алынған сүбені пышақты балыққа тік бұрыш жасай ұстап турайды.Қабырға сүйегімен бірге алынған сүбені немесе сүйексіз сүбені 300бұрыш жасай, қуыру және жанасу беттері үлкен кең жалпақты кеспелерге турайды. Қуыру кезінде сұйықты және қоректік заттарды көп жоғалтпас үшін дайындалған балықты аунатпада аунатады. Бұл кезде олардың беттерінде қуырма қабықша пайда болады. Аунату дегеніміз (панировать) -шала фабрикат бетіне аунатпа ұнтағын салу.