Кәдірхан Елдана Жомартқызына
МІНЕЗДЕМЕ
Кәдірхан Елдана Жомартқызы 2022 жылдың 24 қаңтар мен 2 - сәуір аралығында A.Байтұрсынұлы атындағы Тіл білімі институтында өндірістік тәжірибеден өтті. Елдана өндірістік тәжірибеге үлкен жауапкершілікпен қарады. Оның өз ісіне тиянақтылығымен, жауапкершілігімен көзге түсіп, өндірістік тәжірибеден өту барысында үнемі жақсы дайындықпен, көп ізденіспен келеді. Қиын жағдайда өз бетінше дұрыс шешім қабылдай біледі. Елдананың негізгі ұстанатын бағыты, өзіндік ой-тұжырымы бар, көзқарасы мен пікірін еркін, ашық айта алатын тұлға. Мінезі ашық, өз жұмысына ынталы. Өзіне айтылған сынды дұрыс қабылдайды, кемшіліктері болса тез түзеуге тырысады.
Елдана университет қабырғасында алған теориялық білімдерін практика жүзінде шындай білді. Тәжірибе барысында жетекшісімен тығыз байланыста болып, әрбір талаптарды уақытында және сапалы орындай білді. Өндірістік тәжірибе шеңберінде зерттеудің қазіргі заманға сай әдіс-тәсілдерімен танысып, практика негізінде мамандық құзыреттерін бекіте отырып, кәсіби дайындық деңгейін, оқыту мамандығы бойынша біліктілікті арттырып, практикалық дағдыларды жетілдіріп, оқытылатын мамандықтың жаңа әзірлемелерімен танысып шықты.
Келешекте еліміздің білім саласының дамуына өз үлесін қосатын білікті әрі білімді маман болады деп үміттене отырып, өткізген ғылыми-зерттеу тәжірибесін «өте жақсы» деп бағалаймыз.
Директордың орынбасары, PhD
E.Маралбек
Өндірістік
тәжірибе жетекшісі
Ф.А.Мұратқызы
Достарыңызбен бөлісу: |