Білім беру бағдарламасы мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы


Модуль 8. Зертханалық эксперименттер



бет69/166
Дата20.09.2023
өлшемі2,36 Mb.
#181670
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   166
Байланысты:
11-Химиялық-инжиниринг-технологиясы-

Модуль 8. Зертханалық эксперименттер


Оқыту нәтижелері:
Әрқайсы екі сағаттан әр екінші апта сайын жеті жеке зертханалық жұмыс жүргізіледі. Бұл зертханалық жұмыстар студенттерге үлкен өнеркәсіптік ауқымда жүргізілетін өнімдерді синтездеуге мүмкіндік береді. Зертханалық жұмыстар бойынша есептер келесі зертханалық кезең басында тапсырылуы тиіс. Зертханалық емтихан теориялық сабақтар кезінде өткізіледі.


Модуль тапсырмалары:
№1зертханалық жұмыс Дайындық жұмысы және қауіпсіздік техникасы
№2 зертханалық жұмыс a) Этанол дайындау
b) Аспирин дайындау
№3 зертханалық жұмыс a) Этанолды дистилляциялау
b) Аспирин дайындаудың соңғы кезеңі.
№4 зертханалық жұмыс Нейлон синтезі
№5 зертханалық жұмыс Банан май синтезі
Мұнай құмының сығындысы –
Нұсқаушының көрсетуі
№6 зертханалық жұмыс Tutweiller-тест H2S
№7 зертханалық жұмыс Оттегіге биологиялық қажеттілік
№8 зертханалық жұмыс Кейбір бояғыш қоспалардың қағаз хроматографиясы (тағам бояулары)

3. Оқыту әідстері:

  • Дәрістер

  • Пікірталастар

  • Мәжілістер

  • Кеңестер



4. Оқыту ресурстары:

  • Электрондық оқулықтар

  • Үлестірме материалдар

  • Аудио-визуалдық құралдар



5. Ұсынылатын әдебиеттер тізімі:
5.1. Клеветт. Үрдіс талдағыштарын қолдану технологиясы.
5.2. Липтак. Өлшеу және талдау үрдісі (Үшінші редакция)
6. Курстың бағалау жүйесі

Зертханалық есептер 30%


Жоба 30%
Аралық емтихан 15%
Қорытынды емтихан 25%
Барлығы 100%


Бағалау шкаласы


Пайызбен бағалау

Әріптік бағалау

Балмен бағалау

90-100

A+

4.0

85-89

A

4.0

80-84

A-

3.7

77-79

B+

3.3

73-76

B

3.0

70-72

B-

2.7

67-69

C+

2.3

63-66

C

2.0

60-62

C-

1.7

55-59

D+

1.3

50-54

D

1.0
Минимум өту балы

0-49

F

0.0



Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Техникалық және кәсіптік білім


ЭКСПЕРИМЕНТТІК БАҒДАРЛАМА
Химиялық технологияларды есептеу
Мамандығы: Химиялық инжиниринг технологиясы


Біліктілігі: Мұнайды, газды, химиялық компоненттерді өңдеу технологы

Астана 2012


Бағдарлама ҚР БҒМ Техникалық және кәсіби білім департаментінің Оқу-әдістемелік кеңесімен қаралды және мақұлданды.


№____хаттама 2012 ж. «___» _____


ОӘК төрағасы ___________ Қ. Бөрібеков


Мазмұны

беті


1.

Түсіндірме жазба

126

2.

Курстың мазмұны

127

3.

Оқыту әдістері

131

4.

Оқыту ресурстары

131

5.

Ұсынылатын әдебиеттер тізімі

131

6.

Курсты бағалау жүйесі

131



1. Түсіндірме жазба

Осы эксперименттік білім бағдарламасы техникалық және кәсіптік білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленді (ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысы).


«Химиялық технологияларды есептеу» пәнінде әдетте химиялық технологияларда пайдаланылатын есептеулер болады. Бүркемеленетін тақырыптарға технологиялық есептердегі стехиометрия, реакциялар жүйелерінде материалдық баланс, табиғи газ қатынасы, бу қоспаларында газдың тәртібі, мультикомпоненттік фазадағы тәртібі, химиялық реакциядағы және оларсыз процестердің энергетикалық балансы және ерітінділерді қыздыру енеді.
Модульдердің жалпы саны: 10
Сағаттар саны: 105.
Кредиттер саны: 6.0
«Химиялық технологияларды есептеу» пәнінің эксперименттік білім бағдарламасы білім беру ұйымының жұмыс бағдарламасын әзірлеу негізі болып табылады.
Жұмыстық білім бағдарламасын әзірлеу кезінде білім беру ұйымының жұмыс берушілер мен жергілікті жағдайлардың талаптарын ескеретін аймақтық компонентін енгізу бөлігінде бағдарламалық материалды зерделеу реттілігіне негізделген өзгерістер енгізуге құқығы бар.
Жұмыс бағдарламасын жүзеге асыру кезінде жаңа оқыту технологияларын, электрондық оқу құралын, аудио және бейне материалдар, әдістемелік көрнекті құралдар пайдалану, түрлі нысандарды, оқу процесін ұйымдастыру және бақылау әдістерін таңдау ұсынылады.
Табысты меңгеру үшін бағдарлама теориялық (дәрістік) сабақтарды зертханалық-практикалық семинарлармен кезектестіруді қарастырады.
«Инженерлік химия» пәнімен пән аралық ықпалдасу студенттерде мамандық ауқымында зерделенетін пәнді, болашақ еңбек қызметін тұтастай қабылдауды қалыптастыруға мүмкіндік береді, түрлі білім бағдарламаларының өзара байланысын мойындауға көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   65   66   67   68   69   70   71   72   ...   166




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет