Білім беру бағдарламасы мектеп тренеріне арналған нұСҚаулық


Қосымша оқу Абдраманова Қ., Жансүгірова Ж. Іс-әрекеттегі зерттеуде деректермен жұмысты  қалай ұйымдастыруға болады. Астана, 2015. 14-күн



Pdf көрінісі
бет22/61
Дата13.07.2022
өлшемі1,16 Mb.
#147454
түріБағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61
Байланысты:
Руководство для школьного тренера

Қосымша оқу
Абдраманова Қ., Жансүгірова Ж. Іс-әрекеттегі зерттеуде деректермен жұмысты 
қалай ұйымдастыруға болады. Астана, 2015.
14-күн
Сабақтың 
тақырыбы:
Деректерді талдау: сандық және сапалық деректер
Сабақтың 
мақсаты:
Тыңдаушылар іс-әрекеттегі зерттеу тәсілімен, оның кезеңдерімен танысып, зерттеу 
кезеңдерін талдайды.
Жаттығулар 
1-сабақ
1.
Бүгінгі күннің мақсатымен таныстыру.
2.
«Деректердің сенімділігі мен шынайылығы» жаттығуы. Тыңдаушыларды 
жұпқа бөлу. Тек жалпы жұптар саны 2-ге бөлінетін болуы керек. Жұптардың 
тең жартысына сенімділік туралы, ал екінші жартысына шынайылық туралы 
кестелерді тарату. Оларға 1-үлестірме материалға деректер сенімді/шынайы 
болуы үшін олар қандай болуы керек екенін сипаттайтын 15 сөз немесе сөз 
тіркесін жазуды сұрау. Содан соң маңыздылығына қарай іріктей отырып, 
осылардың бесеуін өшіріп тастау сұралады. Қалған он сөздің тағы бесеуін 
өшіріп тастау қажет. Бұл бесеудің ішінен аса маңызды үш тұжырымды іріктеп 
алу. Сосын бүкіл топ болып жаттығуды қорыту, яғни деректердің сенімді әрі 
шынайы болуы үшін оларға ең алдымен қандай белгілер тән болуы керек 
екенін тұжырымдау. Тыңдаушыларға бұл саладағы білімдерін толықтыру үшін 
Қ. Абдраманова мен Ж. Жансүгірованың «Іс-әрекеттегі зерттеуде деректермен 
жұмысты қалай ұйымдастыруға болады» әдістемелік құралын оқуды ұсыну.
3.
Тыңдаушылар бұның алдындағы жұпта жұмыс істеуді жалғастырады. 
Жұптардың тең жартысына сандық деректер сенімділігі мен шынайылығы 
туралы (2-үлестірме материал), ал екінші жартысына сапалық деректер туралы 
(3-үлестірме материал) материал таратылады. Олардан «балық қаңқасы» әдісін 
қолдана отырып, 2 және 3-үлестірме материалдарды талдауды сұрау (мысалы, 
материалда аты аталған зерттеушілер және олардың ойлары, түйінді ұғымдар 
және олардың анықтамасы және т.б.)
4.
Соңында екі жұп бірігіп (бұлардың біреуі – сандық деректерге, екіншісі 
сапалық деректерге қатысты материалдарды талдаған болуы керек) сандық 
және сапалық деректерге қатысты Венн диаграммасын салады.
5.
Бүкіл топ болып жұмысты қорытындылау.
6.
Сабақты қорытындылау
2-сабақ
1.
Таныстырылыммен жұмыс (7-14-слайдтар).
2.
Тыңдаушылар шағын топта жұмыс істеп, «Ғылыми деректердегі негізгі 
нәтижелерді анықтау» атты үлестірме материалмен жұмыс істейді. Олар іс- 
әрекеттегі зерттеу барысында алынған деректерді қалай өңдеуге болатынын 
талқылайды.


Мектеп
тренеріне
арналған
нұсқаулық
25
3.
«Деректердің сапалы таныстырылымы» және «Деректерді ұсыну және 
графикалық органайзерлер» атты үлестірме материалдармен жұмыс.
4.
Графикалық органайзерлер бойынша рефлексия. 7-үлестірме материал.
5.
Рефлексияға арналған сұрақтар:
а) Зерттеу жүргізу барысында барлығын мүмкіндігінше ойластырып, қандай 
да бір сұрақ туындаған жағдайда ескертпелерді жазып отырасыз ба? (бұл 
жазбаларды келесі сабақтарда мектеп тренеріне қоя аласыз).
ә) Дерек жинау мен оны өңдеуде қандай проблема туындауы мүмкін? 
б) Бұл проблемаларды шешуге кімдер көмектесе алады?
6.
Күн қорытындысы. Тыңдаушылардың рефлексиясы «Мен үшін бүгінгі күннің 
фразасы…»
7.
Үй тапсырмасы: зерттеу сұрағы тұрғысынан сыныптағы ағымдағы жағдай 
туралы жиналған деректерді талдау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   61




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет