Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Баспаға «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дббұ Педагогикалық шеберлік орталығының



бет8/72
Дата25.01.2022
өлшемі342,15 Kb.
#114326
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72
Байланысты:
МАН Информатика

Ашықтық және нақтылық. Бағалау түсінікті, айқын ақпараттарды ұсынады, сондай-ақ, барлық оқу процесіне қатысушылардың қызығушылығын, жауапкершілігін арттырады. Бұл қағидат мақсаттар мен бағалау рәсімдерінің түсінікті, нұсқаулықтың анық және нақты, нәтижелердің пайдалы және қолжетімді болуын қарастырады. Бағалау үдерісінде оның мақсаттылығы мен дұрыстығы еш күмән тудырмауы тиіс. Оқу үдерісіне қатысушылардың арасындағы ынтымақтастық пен сенім қызығушылықты арттырып, оқу нәтижесіне оң ықпалын тигізеді.

Үздіксіздік қағидаты. Бағалау білім алушылардың оқу жетістігінің ілгерілеуін дер кезінде және жүйелі қадағалап отыруға мүмкіндік беретін үздіксіз процесс болып табылады. Бағалау үдерісінің үздіксіздігі біртұтас бағалау жүйесін анықтайтын қалыптастырушы бағалау жүргізу, жиынтық бағалау кестесін белгілеу және балл қою кестесі механизмін қолдану әрекеттері арқылы қамтамасыз етіледі.

Бағалаудың дамытуға бағытталуы. Бағалау білім алушылардың, мұғалімдердің, мектептің, білім беру саласының даму бағытын анықтайды және ынталандырады. Білім алушылардың қандай білім-дағдыларды меңгергені туралы ақпараттарды жинау мен талдауға негізделген бағалау білім беру процесінің алдағы қадамдарына қатысты негізді шешім қабылдауға мүмкіндік береді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   72




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет