Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет22/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Коммуникативтік  тәсіл  екі  немесе  одан  көп  адамдардың  сөйлесу  арқылы  қарым-

қатынас жасау үдерісінде ақпарат беру және хабарлау, білім, білік және дағдылармен алмасуы 

болып  табылады.  Коммуникативтік  тәсілдің  нәтижесі  тіл  арқылы  қарым-қатынас  жасауға 

қабілеттілік,  яғни  тілдік  және  сөйлеу  нормаларын  дұрыс  пайдаланып,  қарым-қатынас 

жағдайына  сай  тиімді  қатынас  тәртібін  таңдай  отырып,  түрлі  жағдайларда  қарым-қатынас 

әрекетінің басқа қатысушыларымен ой бөлісу және пікір алмасуға қабілеттілік болып табылады. 

Коммуникативтік  тәсілге  сәйкес  ұйымдастырылған  оқу  үдерісі  қарым-қатынас  дағдыларын 

және шынайы қарым-қатынас жағдайларына сәйкес жұмыс тәртібін қалыптастыруға ықпал 

ететін тапсырмаларды қамтуы тиіс (жұптық және топтық жұмыстар). 



| 26 |

- Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту.  Жалпы білім беретін мектептердегі 

оқу  бағдарламасы  мақсаттарының  бірі  ─  түрлі  әлеуметтік  топтармен  ортақ  тіл  табысуға 

қабілетті  азаматтарды  тәрбиелеу.  Осы  мақсатқа  жетуге  қажетті  дағдыларды  дамыту  үшін 

ынталандырушы және қолдаушы ортаны құру керек. Қарым-қатынастың түрлі формаларын 

қолдану құнды болып саналатын мұндай ортада оқушылар өз пікірін еркін білдіре алады. Оқу 

бағдарламасы аясында оқушылардың түрлі құралдарды қолдану арқылы сыныптастарымен, 

мұғалімдермен, көпшілікпен ауызша және жазбаша қарым-қатынасқа түсуі, қазақ тілін сауатты 

қолдануына қолдау көрсетіледі.     

Мысалы, «Қазақ әдебиеті»  пәні бойынша түсіну мен жауап беруге арналған тапсырма 

үлгілері:

- өлең, толғау, аңыз, драмалық шығармалар, хикаяттарды тыңдау және түсіну,  көтерілген 

мәселелер бойынша өз ойын анық жеткізу, маңызды идеяларды ортаға салу;

- өз ойын өзгелердің пікірімен байланыстыра отырып,  шығармалардағы әдеби көркемдегіш 

және стилистикалық құралдардың ерекшелігін сипаттау және анықтау;

- дебатқа қатысу, өз пікірін дәлелдеу;

-  пікірталас  (дөңгелек  үстел,  дебат,  айтыс)  барысында  түрлі  қанатты  сөздерді  қолдана 

отырып, белгілі бір тақырып бойынша өз көзқарасын негіздеп айту. 

Сондай-ақ пән бойынша анализ және интерпретацияға арналған тапсырма үлгілері:

- медиақұралдардағы материалдарды оқу арқылы ақпараттар мен дәлелдемелерді түсіну, 

түрлі көзқарастарды талдау және салыстыру; 

-  күрделі  және  көлемді  шығармалардағы  кейіпкерлердің  психологиялық  көңіл-күй 

өзгерісіне  автор көзқарасын анықтау, себебін білу және дәлелдеу; 

- шығарманың бөліктерін түсініп оқу, ақпаратты зерттеу және синтездеу;

- жоспарлар, тезис, конспект, сұхбат, репортаж, эсселерді жазу және редакциялау

-  ақпараттық  ресурстарды  қолдана  отырып,  әлем  әдебиетінің  құндылықтары  туралы 

зерттеу жүргізу және сыни тұрғыдан ойлау арқылы сын-пікірлер айта білу;

- әдеби шығармаларды, БАҚ және интернет  материалдарын өз бетімен оқу және түсіну.  

Қазақ әдебиетінде бағалау мен салыстыруға арналған тапсырма үлгілері: 

- әдеби  шығармалардағы ақпараттарды синтездеу;

-  әдеби  шығармалардың  аудармалары  бойынша  ауызша  және  жазбаша  тапсырмалар 

ұйымдастыру.

-  әдеби  шығармада  көтерілген    мәселенің  әлеуметтік  рөлі,  туындының  эстетикалық 

құндылығы,    оның  қазақ  әдебиеті  мен  әлем  әдебиетіндегі  орны  туралы  шығармашылық 

жұмыстар /эссе жазу («Қазақ әдебиеті» пәні бойынша үлгілік оқу бағдарламасы»). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет