Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет21/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Саралап оқыту тәсілі  оқу үдерісін оқушылардың әртүрлі топтарына арнайы  бағдарлауды, 

оқушылардың  жеке  қабілеттерін  ескеру  мақсатында  түрлі  топтар  үшін  әртүрлі  нысанда 

ұйымдастыруды  көздейді.  Саралап  оқыту  тәсілі  әртүрлі  оқушылар  тобының  оқу  әрекетін 

ұйымдастыру үшін арнайы оқыту әдістерін және іс-әрекеттерді саралау тәсілдерін қамтиды. 

Саралап  оқытуды  ұйымдастырудың  негізгі  шарты  күрделілігі,  танымдық  деңгейі,  мұғалім 

тарапынан  берілетін  көмектің  сипаты  жағынан  ерекшеленетін  сараланған  тапсырмаларды 

қолдану болып табылады. 

Тіл мен әдебиетті саралап оқыту ─ мұғалім мен оқушының ынтымақтастығын, тіл мен 

әдебиетті  оқыту  үдерісінің  диалогтік  сипатта,  әрекеттік-шығармашылық  сипатта  өтуін, 

оқушының жеке тұлғасының дамып, қалыптасуын көздейтін дидактикалық үдеріс.

Саралап  оқытуды  ұйымдастыруда  оқушылардың  оқу  және  танымдық  деңгейлерінің 

әртүрлілігі басты назарда болуы керек. Оқушылардың даму, жетілу, өсу, қалыптасу үдерістеріне 

қолдау танытып, олардың тұлғалық қасиеттері мен қабілеттерін әдебиетті оқыту арқылы шешу 

жолдарын ұстану керек. Дидактикалық әдістер мен құралдар жүйесін осы мақсатқа бейімдеп 

қолдану керек.

Саралап оқыту үшін және нәтижесі биік дәрежеде болуы үшін, көркем әдебиет мәтінін оқып 

меңгеру үшін оқушылардың оқырмандық қызығушылығын ояту маңызды болып табылады. 

Көркем мәтіннің мәнін қабылдап, оның  ерекшеліктерін меңгеру үшін, оқушылар әдеби 

шығарманың құрылымына, оның түрі мен жанрына, мазмұны берілуі жолына кең талдаулар 

жасауы керек. 

Көркем әдеби шығарманы талдау барысында қолданылатын саралау тапсырмалары:

- көркем шығарманың сюжеттік негізін және сюжет пен фабуланың мәндерінің үйлесуін 

немесе үйлеспеуін танып-білу;

- көркем шығарма кейіпкерлерінің мінездемелеріне жүйелік салыстыру жүргізіп, олардың 

өзара байланысын анықтау;

- көркем шығармадағы сипаттамалардың, диалогтердің, монологтердің, автор бейнесінің 

рөлдерін анықтау;

- лирикалық шығарманың және поэзиялық туындылардың көңіл-күйін анықтау;

- бірқатар өлеңдерді алып, олардың әдеби жанрын, композициясын және олардың ақын 

шығармасының негізгі  мотивінің жүйесіндегі орнын анықтау;

-  лирикалық  «Меннің»  уақыт  пен  кеңістік  қатынасы  бойындағы  орны  мен  түпмәнісін 

анықтау; 

- пьесадағы басты тартысты анықтау;

- әрбір кейіпкердің сөйлеу  ерекшеліктерін зерттеп, оларды өзара салғастыра талдау;

-интерьер, 

пейзаж 


немесе 

детальдардың 

пьесадағы 

орнын 


зерттеу.                                                                                                                                                                                                                                                                                         



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет