Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence


Қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер



Pdf көрінісі
бет17/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Қазақ тілін оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс-тәсілдер

1) Оқу-танымдық әрекетті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері:

- Тілдік әдістер (әңгіме, дәріс, семинар, диалогтік оқыту,топтық оқыту, бірлесе оқыту);

- Көрнекілік әдістері (иллюстрациялар, көрсетілім, таныстырылым);

-  Тәжірибелік  әдістер  (жаттығулар,  тәжірибе  жасау,  қолмен  түрлі  бұйымдар  (постер, 

кластер, буклет) жасау;

- Репродуктивтік әдістер;

- Проблемалық-ізденушілік әдістер;

- Өзіндік жұмыс әдістері (мұғалім басшылығымен және өз бетімен);

2) Оқу-танымдық әрекетті ынталандыру және уәжді арттыру әдістері.

3) Оқу-танымдық әрекеттің тиімділігін бақылау және өзіндік бақылау жасату әдістері.



| 22 |

Оқушылар    жалпы  білім  беретін  негізгі  мектеп  бағдарламасындағы      барлық  пәндерді 

оқу барысында ақпаратты табу, құрастыру және басқару, мәліметтер және идеялармен бөлісу, 

бірлесіп  әрекет  ету,  түрлі  жабдықтар  мен  қосымшаларды  пайдалану  арқылы  өз  жұмысын 

жетілдіре  және  бағалай  отырып,    ақпараттық-коммуникациялық  технологияларды  қолдану 

дағдыларын дамытады.  

«Қазақ тілі»  бағдарламасында ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану 

төмендегідей көрініс табады: 

-  онлайн  сабақтар  арқылы    инновациялық  әдістер  мен  ақпараттық  технологияларды 

қолданады;

-  ақпараттық-коммуникациялық  технологиялар  арқылы  таныстырылымдар  жасайды, 

салыстырады,  жетілдіреді, зерттейді, бағалайды және бірлесе отырып, өз пікірлерін дәлелдейді;

- ақпараттық-коммуникациялық технологиялар арқылы қажетті ақпаратты таңдай алады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет