Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence


«ҚАЗАҚ  ТІЛІ» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ  ӘДЕБИЕТІ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ



Pdf көрінісі
бет16/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық

«ҚАЗАҚ  ТІЛІ» ЖӘНЕ «ҚАЗАҚ  ӘДЕБИЕТІ» ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДАҒЫ

 ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР

Оқушыларды  оқытудың  ең  жоғары  стандарттарын  қамтамасыз  етуде  мұғалімдердің 

қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie, 2011) 

білім  беру  шараларының  оқушыларға  әсерін  талдау  үшін  жүргізілген  60155  педагогикалық 

зерттеу  аясында  9000-нан  аса  метаталдау  әдісін  пайдаланды.  Олар  алдында  қол  жеткізген 

жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі 

айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-тәсілдер 

оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей тұрып, 

оқу  бағдарламасын  өзгерту  білім  беру  стандарттарына  қатысты  реформалау  шараларының 

мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді.

Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігінің 

мысалын  Хименес-Алейксандренің  (Jiménez-Aleixandre,  2008)  дәлелдерді  құрудың  оңтайлы 

оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, cited by Katchevich et al, 2011):

1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған 

қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.

2)  Мұғалімдер  оқушыларға  бағытталған  және  дәлелдерді  құру  мен  талдауға  арналған 

рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданулары керек. 

3) Оқу бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.

4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы керек және оқушыларды 

тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағалауға болмайды.

5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын 

талдай білуі тиіс.

6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек.

  «Қазақ  тілі»  және  «Қазақ  әдебиеті»  пәндері  бойынша  оқу  бағдарламаларындағы  оқу 

мақсаттары оқушылардан өздерінің дағдыларды үйренуі туралы ой-пікірлерін білдіріп, оны 

талдай және бағамдай білуді талап етеді. Бағалау жүйесі «Қазақ тілі» және «Қазақ әдебиеті» 

пәндерін оқытуда критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында қарастырылады. 

Сонымен қатар, педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда, оқушыға бағдарланған әдіс-

тәсілдер, проблемаларды шешу, рефлексиялық оқу және бірлескен оқу тәсілдері қарастырылады. 

Оқытудың  барлық  аспектілері  сындарлы  оқыту  теориясымен  үйлеседі.  Сындарлы 

оқыту  тәсілдері    білім  берудің  «дәстүрлі»  әдістерімен  салыстырғанда,  оқыту  кезінде 

жоғары    нәтижелерге  қол  жеткізуге  мүмкіндік  береді  (Hattie,  2011).  Сындарлы  оқыту 

тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы 

тұжырымдамаға негізделген. Бұл жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары 

жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге 

бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болады. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде 

жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа 

да  дағдыларын,  алған  білімін  қолдануына  кері  әсерін  тигізеді.  Оқушылар  білімді  толықтай 

меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың 

алған білімдерімен жұмыс істеуіне, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік 

беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса маңызды болып табылады.

«Қазақ  тілі»  және  «Қазақ  әдебиеті»  пәндерінің  мұғалімдері  оқушыларды  өздігінен 

білім  алуға,  шешім  қабылдауға  қабілетті  ынталы,  қызығушылығы  жоғары,  өзіне  сенімді, 

жауапкершілігі жоғары, өзінің және өзгенің іс-әрекетіне талдау жасай алатын жеке тұлғаны 

қалыптастыруға бағытталған қағиданы ұстанады. 

Мұғалімдер  оқушылардың  бойында  бұл  қасиеттерді  әртүрлі  оқыту  тәсілдерін  қолдану 

арқылы тәрбиелейді және дамытады:



| 21 |

Center


of Excellence

•  сенімді қатынас пен ынтымақтастық ахуалын қалыптастыру үшін жағдай жасау;

•  әрбір оқушының жеке пікірін тыңдау және алынған білімдер мен түсініктерді қолдану 

мен оларды дамыту маңыздылығына мән беру; 

•  іс-әрекеттердің белсенді түрлерін ұйымдастыру және тиянақты сараланған тапсырмалар 

мен жаттығулар арқылы ынталандыру және дамыта оқыту;

•  оқушылардың  сабақта  зерттеу  жұмыстарын  жүргізуін  қажет  ететін  проблемалық 

жағдаяттар  туындату  және  проблемаларды  шешу  стратегияларын  модельдеу  және 

көрсету; 

•  «оқу үшін бағалауды» қолдану арқылы оқушылардың оқуына қолдау көрсету;

•  белсенді оқуға және зерттеу жобаларын орындауға негізделген оқушылардың зерттеу 

іс-әрекеттерін қолдау;

•  оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

•  өз ойын жеткізе білу және дәлелдер келтіре алу, мәселелерді анықтау үшін өз пікірлерін 

жеткізу,  болжам  құру  және  ұсыныс  жасау  қабілетін  дамытуға  ынталандыратын 

жағдайлар жасау;

•  оқушылардың  жеке  мүмкіндіктерін  және  жас  ерекшеліктерін  есепке  ала  отырып, 

сараланған тапсырмалар әзірлеу;

•  жеке, жұптық, топтық және ұжымдық оқыту әдістері белсенді қолданылатын жалпы 

сыныптық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.

Жалпы  білім  беретін  мектептер  қалай  білім  алу  керектігін  білетін,  дербес,  ынталы, 

қызығушылығы  жоғары,  сенімді,  жауапты,  ой-өрісі  дамыған  жеке  тұлғаны  қалыптастыруға 

бағытталған қағиданы ұстанады. 

 Мұғалімдер оқушылардың бойында бұл қасиеттерді қалыптастырып, дамытуда оқытудың 

түрлі стратегияларын қолданады. Атап айтқанда: 

•  оқушылардың  өзіндік  ой-пікірін  тыңдай  білу,  бұған  дейін  алған  білімдері  мен 

қалыптасқан түсініктерін одан ары дамыту үшін оларды қолданудың маңыздылығын құптау;

•  мұқият іріктелген тапсырмалар мен іс-әрекет түрлері арқылы оқушыларды ынталандыра 

және дамыта оқыту;

•  проблемаларды шешу әдіс-тәсілдерін оқушыларға түсінікті жолмен құру және көрсету;

•  оқушылардың білім алуына оқу үшін бағалау арқылы қолдау көрсету;

•  оқушыларды зерттеу жұмыстарын жүргізуге және зерттеу әдіс–тәсілдеріне негізделген 

белсенді оқытуға бейімдеу;  

•  оқушылардың сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту;

•  оқушылардың жеке, жұптық, топтық жұмыс түрлерін ұйымдастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет