дерін оқыту үшін талап етілетін белгілі бір дағдылармен байланысты салалар бойынша
құралған рубрикалар пайдаланылады. Әр сала төрт деңгей бойынша бағамдалады: бастапқы
деңгей, қалыптасу деңгейі, қалыптасқан деңгей, жетілген деңгей. Дескрипторларға қарап
мұғалімнің кәсіби дамудың қандай деңгейінде екенін анықтау қиынға түспейді. Дескриптор-
ларда мұғалімнің нақты кезеңдегі біліктілік деңгейін сипаттауға арналған толық ақпарат ұсы-
нылған және олар мұғалімнің кәсіби дамуының келесі қадамын анықтайды. Курс барысында
бағамдау қалай жүргізілетіні түсіндіріліп, мұғалімдерге ол аспектілерді меңгеруде қолдау көр-
| 5 |
Center
of
Excellence
Нұсқаулықта оқу бағдарламасын жаңартудың негізгі аспектілері, сабақты жоспарлау және
өткізу, пәннің оқулықтары мен оқу-әдістемелік кешенін қолдану, критериалды бағалау жүй-
есін қолдану, жүйелі-әдістемелік кешенмен жұмыс істеу кезінде мұғалімдерге көмек болатын
ресурстар ұсынылған.
Сонымен қатар, мұғалімдерге ықшамсабақ арқылы Бағдарлама материалдарын өз тәжіри-
бесінде сынап көруге және оны ой елегінен өткізіп, рефлексия жасауға, сондай-ақ оқушыларға
барынша қолдау көрсетуге бағытталған жаттығу мен тапсырма әзірлеуге мүмкіндік беріледі.