Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence


ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ



Pdf көрінісі
бет6/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
ЖАҢАРТЫЛҒАН ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ БАСЫМДЫҚТАРЫ

«Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық 

буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын сыни ойлау қабілетін және өз бетімен іздену 

дағдыларын дамытуға бағыттау қажет».



«Қазақстанның Үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 

2017 жылғы 31 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Президенті 

Н. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы

Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай 

қажет  деген  ойдың  жақтастары  көбейіп  келеді.  Бұл  оқушылардың  ақпаратты  есте  сақтап, 

алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әртүрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді 

дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды 

құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді.

ХХІ  ғасыр  дағдылары  деген  ұғымның  бірнеше  анықтамасы  бар.  Бұл  Бағдарламада 

Экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы (ЭЫДҰ) әзірлеген Құзыреттерді анықтау 

және  іріктеу  жобасының  шеңберінде  жасалған  құрылым  қолданылады.  Бұл  ретте  құзырет 

«жай ғана білім мен дағдыдан анағұрлым күрделі. Ол белгілі бір жағдайларда психологиялық 

ресурстарды (оның ішінде дағдылар мен өмірлік ұстанымдарын) жұмылдыра және соған сүйене 

отырып, күрделі міндеттерді шеше білу қабілетін қамтиды. Мысалы, тиімді қарым-қатынас 

құру қабілеті жеке адамның тіл білуіне, ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибелік 

дағдыларына  және  оның  өзгелермен  қарым-қатынас  құра  алуына  сүйенетін  құзырет  болып 

табылады».

Жаңартылған  оқу  бағдарламаларында  оқушылардың  бойында  қалыптастыру  көзделетін 

төмендегідей құндылықтар мен дағдылар анықталған (1-кесте):



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет