Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Қарағанды Мемлекеттік Техникалық Университеті
Кафедра: КЭжМ
Реферат
Адамның креативтілігін арттыруға әсер ететін факторлар
Орындаған: ПОМ-19-1 тобының
магистранты: Ганиева Ф.М.
Қабылдаған: э.ғ.к., доцент:
Жанбекова З.Х.
.
Қарағанды 2020
Мазмұны
Кіріспе
|
3
|
1
|
Креативтілік сапасын қалыптастыру мәселелері
|
5
|
1.1
|
Креативтілік ұғымына сипаттама
|
5
|
1.2
|
Креативтілікті қалыптастыру жолдары
|
7
|
2
|
Креативтілік қабілеттердің дамуы
|
12
|
2.1
|
Адамның креативтілігін арттыруға әсер ететін факторлар
|
12
|
Қорытынды
|
17
|
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
|
18
|
Кіріспе
2017 жылғы 31 қаңтар айында «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» Ел басы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында «Біздің міндетіміз – білім беруді экономикалық өсудің жаңа моделінің орталық буынына айналдыру. Оқыту бағдарламаларын креативті ойлау қабілетін және өз бетімен іздену дағдыларын дамытуға бағыттау қажет» деп атап көрсетті.
Қоғамымыздың қазіргі даму кезеңі мектептегі білім беру жүйесінің алдына оқыту үрдісін технологиялар арқылы дамытудың қажеттілігін негізгі мақсат етіп қойып тұрғаны анық. Жаңа педагогикалық технологияларды күнделікті сабақ барысында пайдалану – ХХІ ғасыр талабы болғандықтан, мұғалімнің мақсатына, мүддесіне сай, өзінің шеберлігіне орай оқыту формалары мен модульдерін таңдауға мүмкіншілік жаратылған. Сонымен қатар, оқытудың әр түрлі технологиялары жасалып, мектептердің тәжірибесіне енуде. Жаңа әдістерді оқушының зияткерлік, іздемпаздық, адамгершілік, рухани тағы басқа да адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізетіні сөзсіз. Осы аталған барлық қасиеттерді оятатын, сонымен қатар әрі қарай дамытатын модуль – сын тұрғыдан ойлау модулі болғаны айдан анық. Себебі, оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, терең ойлау білуін, эстетикалық көзқарастарды пайымдауын, баға беруін, танымдық белсенділігін арттыруға бағытталған. Сонымен қатар, сын тұрғыдан ойлау – оқушылардың алатын білімдерін сапалы етеді, оның толыққанды жеке тұлға болып қалыптасуына негіз болатынына бағыттайды. Барлық заманда ұстаз өз шәкіртінің ойлау қабілетін дамытуға тырысқан. Ұстаз үшін баланың өз ойын толық, ашық және еркін жеткізуі маңызды. Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, шапшаңдықты, ерекше ой қызметін, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді.
Еліміздің əлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялық бағыттарына сəйкес білім беру жүйесін дамыта отырып, əлемдік білім кеңістігіне ықпалдастырудағы негізгі бағдар - адамды қоғамның ең маңызды құндылығы ретінде танып, оның рухани жан дүниесінің дамуына, көзқарастары мен шығармашылық əлеуетінің, танымдық біліктілігі мен мəдени құндылықтарының жоғары деңгейде дамуына, жеке тұлғасының қалыптасуына жағдай жасау.
Креативті оқытушы студенттердің өзіне деген сенімін арттырып жəне іс-əрекетін демеп, қабілетін дамытып, шығармашылық жұмысының бастамасын дамытуға жағдай туғызатын негізгі тұлға болып табылады. Жалпы педагогикалық процесте креативтілік мəселесі маңызды орын алады. Озат ұстаз тұлғалардың креативтілігін дамыту барысында оқыту мен тəрбиелеу əдістерінің жаңа түрлерін іздей отырып, өзі креативті тұлға болып дамиды.
Еліміздің болашақ, елеулі азаматын, кəсіби шығармашылық тұрғыда жан-жақты жетілген жеке адамды даярлауда мектеп кезіндегі оқу үрдісін тиімді ұйымдастырудың алатын орны ерекше екендігі даусыз. Сондықтан бала бойындағы шығармашылық қабілеттің жандануына жол ашу, жағдай жасау керектігі жайында ғұлама психолог-педагог ғалымдардың еңбектерінде ерте кезден-ақ баяндалып жүр.
Ұлы ойшыл Абай «Тегінде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нəрселермен озбақ. Одан басқа нəрселермен оздым ғой демектің бəрі де - ақымақтық» дегенде айтпағы, озық ойлы адамның басқалардан жоғары тұратындығы екендігі. Тек мұндай ойшыл адам өздігінен қалыптаса алмайды. Оның танымдық кажеттілігін сусындатып орта болғанда ғана адамның ізденісінде мəн бола бастайды.
Көрнекі педагогтар К.Д.Ушинский, Ы.Алтынсарин шығармаларында қабілеттерді дамытудың жолдары қарастырылса, оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді ең алғаш білім мазмұнына енгізген Мағжан Жұмабаев болатын. Ол: «Жаратылыстың құшағында, меруерт себілген көк шатырдың астында, хош иісті жасыл кілем үстінде, күнмен бірге күліп, түнмен бірге түнеріп, желмен бірге жүгіріп, алдындағы малымен бірге өріп, сары сайран далада тұрып өсетін қазақ баласының қиялы жүйрік, өткір, терең болуға тиіс», - деп қазақ баласының бойындағы шығармашыл тұлғаға сай қасиеттерді атап өтеді.
Бұл мəселе белгілі психологтар мен ғалымдар Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, А.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев, В.А.Сластенин, А.В.Крутецкий, Ю.Л.Львова, республикамыздағы танымал ғалымдар М.М.Мұқанов, Н.Д.Хмель, С.В.Илларионов еңбектерінің өзегі болып табылады.
1 Креативтілік сапасын қалыптастыру мәселелері
1.1 Креативтілік ұғымына сипаттама
Қазіргі уақытта шығармашылықтың ең маңызды анықтамасына келесі жатады: «Шығармашылық - индивид пен оның мəдениетіне маңыздылықпен жаңашылдық əкелетін іс- əрекет». Өте жиі шығармашылық түсінігі «креативтілік» түсінігімен ауыстырылады.
Қазіргі күні өндірісте, əлеуметтік қызмет, білім беру мекемелерінде жəне басқа да əлеуметтік институттарда жауапты кəсіпқойлар ғана емес, сонымен қатар креативті потенциалды мамандар қажет. Ғылыми жəне арнайы əдебиеттерді талдасақ, «креативті тұлға», «креативті ойлау», «креативті маман» деген сияқты жаңа терминдердің пайда болғанын көруге болады. Оқыту мен тəрбиелеу процесінде болашақ маман креативтілігін дамытудың қажеттілігі қоғам талабынан туындайды.
Кез келген қоғамның əлеуметтік-экономикалық дамуының табыстылығы оның азаматтарының шығармашылық қабілеттеріне, шығармашылық потенциалдарында байланысты болады. Сондықтан да студент креативтілігін тиімді дамыту тек педагог өзінің жеке басының ерекшеліктеріне ғана емес, оқыту-тəрбие жүйесінің негіздейтін педагогтің креативтілік сипатына да тəуелді болады.
«Креатив» ұғымын қарастыру барысында сан алуан ғылыми зерттеулердің бір-екеуіне ғана тоқталу мүмкін емес. Аталған ұғымның өзі адамның жеке қасиеті ретінде ХІХ ғасырдың 30-жылдары мен ХХ ғасырдың 60-жылдарынан бері кең ауқымда зерттелініп келеді. Мəселен, көп зерттеулерде креативтілік адамның жеке қасиеті ретінде, мінез бітістері мен жалпы қабілеттермен теңдестіріледі.
Атақты ғалымдар М.С.Бернштейн, Е.Б.Евладов, Я.А.Понамарев, С.П.Торренс, К.Д.Роджерстер креативтілікті жеке тұлғаның өмір ағымында, жүре байқалатын ерекше қасиеті немесе жеке адамның мінез-құлқы сипаттамасы ретінде қарастырады.
Ал, Д.Б.Богоявленская, А.В.Брушлинский, О.К.Тихомиров «креатив» жəне «шығармашылық потенциал» ұғымдарын бір-бірінен бөлмей, оларды шығармашылық əрекетке бағытталған интеллектуалды-шығармашылық алғы шарттары ретінде қарастырады.
Шығармашылық психологиясындағы креативтілік атауымен белгілі болған ғалымдар М.И.Махмутов, А.В. Хуторской, В.И.Андреев, Ю.К.Кулюткин, Э.Г.Юдин, С.М.Бернштейн, А.Н.Лук, С.Медник, В.Смит, К.Тейлор, Е.Торренс, Н.В.Кипиани, А.М.Матюшкин және басқа зерттеушілер болатын. Ең алдымен «креатив» сөзінің аудармасына тоқталсақ: «Современный словарь иностранных слов» деген 1994 жылы Петербургте жарық көрген сөздікте: 1.Креатив( латын сөзі ) аудармасы « созидание » деп жазылған. 2.Креационизм - сотворение мира деп жазылған [2.138]. М.И.Махмутов: «Оқытылатын пәндердің дидактикалық жүйелері мен ғылыми мәселелерін шешуге және оның жолдарын іздестіруге арналған проблемалық ілім оқытудың креативтік жүйесіне сәйкес келеді. Бұл технология күрделі мәселелердің шешімін табуға, тереңіне бойлап интеллектуальдық, шығармашылық қабілетін жұмсауға итермелейді» деген түсінік береді. В.И.Андреев, Ю.К.Кулюткин, В.Н.Пушкин, А.В.Хуторской: «Креативтік білім беру мен өз бетімен біліктілігін жетілдірудің біртұтастық жүйесі эвристикалық оқыту принциптерінен бастау алады» деген пікір қосады. Г.С.Альштуллер, А.А.Гин, А.В.Бычков: «Жаңалық ашу, ойлап шығару негізінен креативтік оқу жүйесін меңгерген адамдарда қалыптасады. Креативтік оқыту технологиясы алға қойған мақсатты орындау, соңғы нәтижесіне жетуге бағытталады» дейді.
«Креативтік - тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, терең сезім, толғаныс, интеллектуальдық биіктік, ұшқыр ойлылық» деген ереже шығарылған. Креативтік - өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған. Креативтік технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады. Әдістер ойландырады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді. «Өмірді тану - ғылым, өзіңді білу - өнер»деген тұжырым бойынша оқушылардың бойында ғылым мен өнердің тоғысқан үлкен біліктілігін қалыптастыру мақсатында оларға өз ойынан өлең шығару, ертегі, әңгіме құрастыру үшін шығармашылық тапсырмалар орындатылады. Әлемдегі өркениетті Румыния, Венгрия, Польша, Латвия т. б. елдерінде «Күтілетін нәтижеге бағдарланған білім беру моделіне (НББМ) яғни білім берудің мақсатын, мазмұнын, технологияларын оның нәтижесіне қарап бағалайтын модельге көшіп отыр. Ұлттық бәсекелестікке қабілетті оқушы ол тек білімділік, мәдениеттілік деңгейімен айқындалады. Осы креативтік технология бойынша ұлттық білім беру моделі төмендегідей: оқытудың стандарт шеңберімен шектелмей, балама бағдарламалар пайдалану; оқушыларды біліміне, қабілетіне, дарындылығына, сұранысына, өнеріне сәйкес деңгейлеп, саралап оқыту; ұлттық тіл, салт-дәстүр, дүниетаным, атакәсіп, ұлттық бай тәжірибе негізінде тәрбиелеу; оқытуды демократияландыру, ізгілендіру; бағалау, тексеру және жетілдіру әдістерін тиімді пайдалану.
Философия мен психологияда «креативтілік» категориясын зерттеу мен анықтауда негізгі төрт бағыт айқындалды: 1. Креативтілік - шығармашылық процесс; Зерттеушілердің бұл пікірімен келіспеу мүмкін емес. Өйткені, креативтілікті дамыту тұлғалық дамудың басты көрсеткіштерінің бірі, тек қана креативтілік адамның өзінің даралығы мен зеректігі; 2. Креативтілік - жаңаны құрумен байланысты әрекет нәтижесі, шығармашылық өнім; 3. Креативтілік - интеллектуалдық немесе шығармашылық қабілет; 4. Креативтілік - тұлғалық категория, мінез-құлық ерекшелігі. Осы төрт бағыт өзара байланысты: креативті тұлға креативті процеспен айналыса отырып, креативті нәтиже береді
Л.Терстоунның зерттеулерінде креативті қабілеттер интеллектуалды қабілеттермен пара-пар еместігі айтылып, креативтіліктің мынадай көріністерін ұсынады:
Қабылдау жылдамдығы, идеяларды жүйелей алу.
Танымдық белсенділіктің интеллектуалды факторлары (зейін концентрациясы, креативтілік т.б.).
Жаңа идеяларға сезімталдық.
Сананың ерекше күйі.
Дж. Гильфорд өзінің интеллект құрылымының моделінде бұл екі түсінікті қарастырып, танымдық қабілетті ойлаудың конвергентті типімен, ал креативтілікті дивергентпен байланыстырады.
Конвергентті ойлау - проблеманың бір типінің шешімін анықтауға бағытталған ойлау. Дивергентті ойлау қиялдауға сүйене отырып, көптеген мүмкін болатын шешімдерді біріктіреді.
Ол негізгі төрт сапаларымен сипатталады.
Шапшаңдылықпен.
Икемділікпен (əр алуан идеяларды ұсыну).
Біртумалық (жаңа, стандартты емес идеяларды ұсыну).
Нақтылық (өз идеясын аяқтау).
П.Торренс креативтілік ойлауды ынталандыруда мұғалімнің басшылыққа алатын бес принципін бөліп көрсетеді:
керемет төтен сұрақтарға зейін қою;
айрықша идеяларға құрметпен қарау;
идеяларының құнды екендігін көрсету;
өз беттерінше оқуға жағдай жасау;
баға қойылмайтын тəжірибелер мен оқуға уақыт беру.
1.2 Креативтілікті қалыптастыру жолдары
Креативтілікті қалыптастыру мәселесі көптеген ғалым, педагог психологтердің еңбектерінде көрініс тапқан.
Қоғам дамуымен, философиялық және психологиялық ғылымдардың дамуымен креативтілікті қалыптастыру мәселесіне көзқарастар дамып өзгеріп отырды. Түрлі психологиялық мектептер креативтілік феноменіне, танымдық қызығушылык, шығармашылық белсенділік, шығармашылық қабілеттерді зерттеуге деген өзіндік тәсілдерін ұсынды.
Креативтілікті қалыптастыруды зерттеуді төмендегідей шетелдік ғалымдар қарастырған: Дж. Гильфорд, Э. Юдин, В. Смит, К. Тейлор, Е. Торренс, М. Розенберг, Э. Эриксон М. Уоллах, Д. Халперн, И. Верткин, А. Лук, Я. Пономарев, Н. Фролов, М. Ярошевский және т.б.
Зерттеу еңбектеріндегі креативтілікке берілген анықтамаларға тоқта-лайық. Е. Торренс креативтілік білім игеруде кездесетін қиындықтарды, кейбір мәселелерді шешудегі қабілеттілік деген анықтама береді. Ғалым креативтілік моделінің негізгі үш белгісін ұсынады:
- ой ұшқырлығы (нәтижелігі-өнім-ділігі);
- жағдаяттардағы икемділік;
- тұлғалық ерекшелік, өзіндік шешім.
Бұл тәсілде шығармашылық өлшемі нәтиже сапасы емес, шығармашылық өнім-ділікті белсендіріп, жандандыратын сипат-тар мен үрдістер ретінде көрінеді.
Д.Богоявленская креативтілікті жеке тұлғаның шығармашылық дарындылығы ретінде қарастыра келе, шығармашылықты талдау бірлігі - интеллектуалдық белсенділікті (шығармашыл тұлғаның танымдық және мотивациялық сипаттарын олардың бірлігінде бейнелеп көрсетеді) және интел-лектуалдық белсенділіктің үш деңгейін: стимулдық - өнімді, эвристикалық және креативтілік деп ажыратады.
Алғашқы деңгейге жеке тұлғаның интеллектуалдық белсенділігі танымдық ынта және жігерлілікпен жұмыс жасау ба-рысында да бастапқы берілген тәсіл шеңбе-рінде қалатын адамдар жатқызылады, олар-дың іс-әрекеті сыртқы стимулмен анық-талады.
Эвристикалық деңгейдегі адамдарға өз іс-әрекетінің құрамы мен құрылымын талдау, түрлі міндеттерді өзара салыстыру тән, бұл жаңа шешімдерге, ой-қорытын-дыларға, жаңалық ашуға жетелейді.
Интеллектуалдық белсенділіктің креативтілік деңгейіндегі адамдар құбылыс-тардың себептерін түсінуге тырысады, ал бұл өз кезегінде зерттеудің жаңа мақсаттарына айналады, талдау үрдісін тереңдетеді.
Көптеген зерттеулерде ғалымдар «креативтілік» ұғымына анықтама беруде креативтіліктің бір сипаты ретінде жеке тұлғаның жағдаяттардан шыға білу қабілеті мен өзіндік мақсатты нақты қоя білу қабі-леттілігіне тоқталады.
Л. Ермолаева-Томина шетел зерттеушілерінің тәжірибесін жалпылай келе, креативтілікті әртүрлі қабілеттердің жиынтығы ретінде анықтайды, қабілеттер әр адамда жеке-дара әр сапада көрінетініне тоқталып, келесі белгілерін көрсетеді:
- тәжірибеге ұмтылушылық - жаңа проблемаларға икемді, мәселені шешуге бейімділік;
- талқылауға икемділік - тапсырма-ның шегіне шыға алу;
- ой ұшқырлығы - тез арада, кенеттен шешім шығару тәсілдерін өзгерте алу қа-білеттілігі;
- ойлау ерекшелігінің болуы - өзбеттілік, даралық ерекшелік, ерекше шешім шығару.
Креативтілікті қалыптастыру мәселесіне сәйкес жазылған еңбектерді саралай келе креативтіліктің құрылымдық бөлік-терін бөліп көрсетуге болады: аса сезгіш-тік, ой ұшқырлығы, жаңаға ұмтылушылық, шығармашылық қабілеттер, өзіндік ой-пікірлерде тұра білу, өзіне сын көзбен қарау, қисынды ойлау, жаңаны сезгіштік, күмәншілдік, әр нәрсеге күмән келтіру, т.б.
Креативтілік арқылы адам өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылып, ізденеді, өзінің істеріне есеп беріп, кемшіліктеріне сын көзбен қарай алады.
Жеке тұлғаның креативтілігін, шығармашылық дербестігін қалыптастыру өте маңызды, күрделі және көп салалы мәселе болып есептеледі. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу адамның рухани күшін нығайтып, өзін-өзі тануына көмектеседі.
Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын әрбір жеке тұлғаға тән интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады.
Демек, инновациялық оқыту арқылы креативтілікті қалыптастыру - жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын, рухани құндылықтарды игерудің бірден-бір жолы.
Ғылым мен техниканың шарықтаған заманыңда өмірге икемді, әр салада өзін таныта білетін, тыңнан жол таба алатын белсенді ұрпақ жоғары оқу орындарында инновациялық оқыту арқылы креатив-тілігін қалыптастыру негізінде қаланады.
Креативтілікті қалыптастыру мəселесіне сəйкес жазылған еңбектерді саралай келе, креативтіліктің құрылымдық бөліктерін бөліп көрсетуге болады:
ойлаудағы, қылықтағы еркіндік пен өзбеттілік,
аса сезгіштік,
ой ұшқырлығы,
жаңаға ұмтылушылық,
шығармашылық қабілеттер, ө
зіндік ой-пікірлерде тұра білу,
өзіне сын көзбен қарау,
біртума ойлау икемділігі,
қисынды ойлау,
жаңаны сезгіштік,
күмəншілдік,
əр нəрсеге күмəн келтіру т.б.
Қазіргі кездегі психологиялық-педагогикалық еңбектерден «креативтілік» ұғымының əрі қарай толыға түскенін аңғаруға болады. Креативтілік жаңа өнім алатын адамның интеллектуалдық қабілеті ғана емес, оның психикалы толысқандығының белгісі ретiнде де қарастырылады. Креативтіліктің белгілеріне ғалымдар өнертапқыштық бастамалылық, интуиция, болжай алушылық, прогностикалық ойдың, сезімнің еріктілігі мен еркіндігі, тапқырлықты жатқызады.
Сонымен, креативтілік - маңызды сипатты ойлаудың ерекшелігі, ойлау процестерінің ерекше сапасы, адамның жоғары белсенділігі, индивидтің ерекше жаңа, біртума құндылықтарды құруға, стандартты емес ойлауға деген терең құрылымын бейнелеуші қабілет.
Қазіргі кезеңде жеке тұлғаның креативтілігін, шығармашылық дербестігін қалыптастыру өте маңызды, күрделі жəне көп салалы мəселе болып есептеледі. Креативтілікті қалыптастыру шығармашылыққа жетелейтін қабілеттер мен шығармашылық қызметі сапасын анықтайтын, жаңаны тану мен жасауға бейімделуге апаратын əрбір жеке тұлғаға тəн интеллектуалдық үрдіс ретінде сипатталады.
Демек, жаңа педагогиканың мақсаты баршаға мəлім білімді игерту жəне студенттердің біліктері мен іскерлігін қалыптастыру ғана емес, сонымен бірге оқу процесінде жаңа білімдерді алуға жағдай жасау болмақ. Осылайша, креативтілік педагогиканың негізгі міндеті жоғарғы шығармашылық потенциалға ие, əлеуметтік белсенді тұлғаны тəрбиелеу болып табылады.
Креативтілікті дамыту педагогикалық іс-қимыл кешені ретінде жүргізілетін, нəтижесінде студент-зерттеушінің креативтік тұлғасын, оның мотивациясы мен шығармашылық қызметке дайындығын қалыптастыруға бағытталған педагогикалық үрдістің дамыту функциясының негізгі құрамдас бөлігі деп есептейміз.
Жоғарғы мектепте студенттердің креативтілігін арттыру оқытудың жоғарғы курстарында қолданған тиімді, себебі студенттерде алғашқы бірнеше жыл ішінде игерген кəсіби білімдер негізінің болуы педагогикалық үрдістің креативтік құрамдас бөлігінің қызмет етуі үшін қажетті шарт болып табылады. Сондықтан креативтілікті дамыту болашақ маманның кəсіби дамуының жоғарғы сатысы ретінде қарастырылады.
Болашақ мамандарды оқыту, əсіресе жоғары курстарда проективті іс-əрекет қағидалармен сəйкес құрылуы тиіс. Оқытудың мұндай ұйымдастырылуымен студенттер тұлғасының неғұрлым толық өзіндік ұйымдастыруының алғы шарттарын жасайтын өзіндік құрылым мен ұйымдасу іскерліктерін дамытуға себепші болады.
Біздің ойымыз бойынша, тұлғаның креативтілік қасиеттері маманның кəсіби жəне əлеуметтік құзыреттілігіне жинақталуы керек. Сонымен қатар өзіндік дамудағы қасиетттер ескерілуі тиіс.
Оқу мазмұны болашақ маманның өзіндік жұмыспен айналысуын күшейтуге бағдарлануы тиіс, ал оқытушы оқу процесін қадағалайтын кеңесші ретінде болуы тиіс.
Ғылым мен техниканың шарықтаған заманында өмірге икемді, əр салада өзін таныта білетін, тыңнан жол таба алатын белсенді ұрпақ жоғары оқу орындарында инновациялық оқыту арқылы креативтілігін қалыптастыру негізінде қаланады. Инновациялық оқыту арқылы креативтілікті қалыптастыру - жеке тұлғаның сапалық қасиетін дамытатын, рухани құндылықтарды игерудің бірден-бір жолы.
Жүргізілген зерттеулер нəтижесі педагогикалық үрдіс барысында креативтік құрамдас бөліктің табысты жүргізілуін сипаттайтын төмендегідей бағыттарды анықтауға мүмкіндік берді:
білім беру процесінің тұлғалық-бағдарлану бағыты;
белсенді өзара əрекет жасау жəне ынтымақтасу əріптестік көзқарасын бекіту кезіндегі оқытушының студенттерге деген қарым-қатынасын өзгертуі;
білім қызметтеріне өзгеріс енгізу, оны меңгеру барысында қайталау сипатта болуын жояды жəне өнімді шығармашылық процесс ретінде іздену-ойлау қызметін алуан түрлі формаларда ұйымдастыра алуын қамтамасыз етеді;
креативті студент тұлғасын дамыту топтық өзара əрекеттесу, тұлғааралық жəне кəсіби қарым-қатынасқа бағытталуы.
Креативтілікті дамытуда төмендегідей ерекшеліктерді ескерген жөн: студенттерге зерттеу саласын жəне оған қажетті ақпаратты өз бетінше таңдау мүмкіндігін бере отырып, оқу процесіндегі студент пен оқытушының əріптестігі. Осы орайда маңызды сəттердің бірі меңгерілуге тиісті дайын, жүйелендірілген білімнің болмауы; яғни студент білімін өз бетінше жүйелейді; студент өзі алған көптеген əсерлерден, білім мен түсініктерден өзінің креативтік жобасын құратын болады. Тексеруден өткен ақиқат, қоғамда қалыптасқан қағидаларға қайшы келмейтін білімге қарағанда, студенттің - шығармашылық субъектісінің өзі əрі қарай жүйелеуді жəне реттеуді талап ететін қарама-қайшы ақпарат, бір-бірімен сəйкес келмейтін мəлімет оқыту процесінің негізгі элементіне жатады.
Осы ретте оқытушы студенттің өзін-өзі дамытудың қозғаушы күші жəне көздері ретінде мақсатқа сəйкес ішкі қарама-қайшылық тудырады.
Педагогтар таңдаған тиісті əдістермен жүзеге асырылатын студенттердің белсенділігі мен өз бетінше жұмыс жасауға негізделген қызметі оқыту барысындағы қарама-қайшылықты шешудің басты шарты болып табылады. Осы негізгі түйін оқытушылардың студентке осы жағдайды жасағанда ғана жүзеге асырылады, сол себепті оның қызметі оқыту процесінің алға жылжып отыруының объективті шарты болып есептеледі.
Осылайша, педагогикалық процесте инновациялық əдістерді пайдалану арқылы креативтілікті дамыту мақсатты ұйғарымдардың, оқытушы қызметі мен студент қызметінің, сонымен қатар «оқытушы-студент» қатынасының өзгеруін қарастырады:
Мақсатты ұйғарымы. Білім беру процесінің мақсаты оқушыны дамыту, студентті ғылымға, зерттеу жасауға, өзін-өзі дамытуға мүдделі субъектіге айналдыратын оқу қызметін қалыптастыру болып табылады. Кез келген білімнің шегі оның өз қызметінің нəтижесі болмақ. Білім беру процесі барысындағы оқытушы - студент арасындағы диалог, алға қойылған мақсаттарға қол жеткізудің қажетті шарты болады.
Оқытушының қызметі. Оқытушы оқушылардың бірлесіп жасап жатқан жұмыстарына сүйене отырып, өз бетінше ізденуді жүргізетін оқу қызметін ұйымдастырушы болады. Оқытушының функциясы - түсіндіру, мəселені жеткізу, алайда оқушы негізгі тұлға - қызмет субъектісі.
.Оқушының қызметі. Оқушы қызмет субъектісі болып табылады. Қызмет ету студенттің өзінен басталуы қажет. Бұл орайда проблемалық-ізденушілік жəне жобалық оқыту тəсілдерін пайдаланған жөн.
.Бұған дейін ескерткеніміздей, «оқытушы-студент» қарым-қатынасы субъектілі-субъективті болып қалыптасады. Оқытушы оқушының рефлекстік ойлау жүйесін жəне өз пікірін қалыптастыру мақсатымен оның жеке мүмкіндіктерін дамыту үшін жағдай жасай отырып, студенттің жұмысын ұйымдастырады.
Сол себепті біз болашақ мамандардың креативтілігін дамытуда педагогикалық үрдісті жетілдірудің шарттарын əзірлей алдық:
креативтілік құрамдас бөлікті ескере отырып, оқытушының оқыту материалын жүйелі жеткізуі;
материалды түсіндіру кезінде студенттің өзін креативтік қызметке бағыттау;
креативті зерттеулер кезінде студенттердің өз бетінше ғылыми іздену мүмкіндіктерін дамыту;
жеке тұлғаға бағытталған тəсіл;
болашақ педагогтардың өз бетінше өзіндік креативтік қызметін қорытындылай жəне ғылыми негіздемені жасай алуы;
проблемаларды шешудегі қабілеттер мен зерттеу жұмыстарындағы қабілеттілікті ынталандыра отырып, жоғары деңгейдегі өнімді ойлауды дамыту;
мұғалімнің инновациялық іс-əрекетке даярлығы, инновациялық мінез-құлқы мəдениетін дамытуы.
Инновациялық педагогикалық технологиялар кез келген пəнді оқыту барысында мұғалімдердің ой-өрісінің кеңейіп, кəсіби даярлық деңгейін көтеріп, шығармашылықпен жұмыс істеуге, жаңашыл тəжірибешілер мен əдістемелерді кеңінен пайдалануға жəне білім беруді жаңашылдық тұрғысынан жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
2 Креативтілік қабілеттердің дамуы
2.1 Креативтілікті арттыруға әсер ететін факторлар
Адамның креативтілігіне әсер ететін жағдайлар мен факторлар екі түрлі болуы мүмкін: жағдайлық және жеке.
Адамның шығармашылық мүмкіндіктеріне теріс әсер ететін жағдайлық факторларға мыналар жатады:
уақыт лимиті;
стресс жағдайы;
жоғары үрейленудің жағдайы;
тез шешім табу ниеті;
тым күшті немесе тым әлсіз мотивация;
нақты шешім тәсіліне тіркелген орнатудың болуы;
алдыңғы сәтсіздіктен туындаған өз күшіне деген сенімсіздік;
қорқыныш және т. б.
Жеке факторларға қандай да бір жағдай туындаған жағдайларға әсер етуі мүмкін адамның тұрақты қасиеттері, жеке басының белгілері немесе сипаты жатады. Мысал ретінде алаңдаушылық сияқты қасиетті айтуға болады.
Креативтілікке теріс әсер ететін жеке факторларға:
- конформизм (келісім);
- өзіне сенімсіздік (жалпы өзін-өзі төмен бағаға сәйкес келеді)
- тым күшті сенімділік (өзін-өзі сенімділік);
- эмоциялық басымдылық және теріс эмоциялардың тұрақты үстемдігі;
- қауіпті мінез-құлықты болдырмау.
А. Н. Лук айтқандай, креативтіліктің ең қауіпті жауы - қорқыныш. Сәтсіздіктен қорқу қиял мен бастама. Креативтіліктің екінші жауы - тым жоғары өзін-өзі сынға алу.
Оны дәл өлшеуді біз әлі үйренбедік. Бірақ дарындылық пен өзін-өзі сынау арасындағы тепе-теңдік болуы керек, өйткені өзін-өзі бағалау тым қатал шығармашылық тұйыққа әкелуі мүмкін. Креативтіліктің үшінші жауы -жалқаулық.
Адамның креативтілігін арттыруға көптеген факторлар әсер етеді. Мақсаттардың шынайылығы - жеке креативтілікті дамыту үдерісіндегі маңызды жағдай және сіз оларды өз бетінше таңдауыңыз керек. Барлық келесі тармақтарды ұзақ тізім ретінде қарастырып, оның негізінде таңдау жасау қажет.
1. Білім
Шығармашылық ойлау әдістерімен танысу: ми шабуылы, сөзбен қауымдастық бойынша идеялар генерациясы, кері жорамалдарды зерттеу және құру. Адамның креативті ойлау тәсілдері туралы білімі көп болған сайын, соғұрлым ол шығармашылық ойлайды, және ол жаңа пәрменді идеяларды сәтті жасай алады.
2. Бақылау
Жағдайды бақылау сезімі адамдарға креативті баламаларды сенімді ұстануға көмектеседі. Бақылаудың болмауы дәрменсіздікке әкеледі. Оң ойлау және өткен табыстар бақылау сезімін дамытуға көмектеседі. Өз көңіл-күйіңізбен жұмыс істеп, өз жетістіктеріңіздің мысалдарын іздеу керек.
Сыртқы бақылау нүктесі депрессиямен байланысты. Егер депрессия болса, сіз осы мәселе бойынша жұмыс істеу қажет (кәсіби көмек және қолдау іздеу), содан кейін ғана сіз креативтілікті арттыруға сене аласыз.
3. Сенімділік
Адамның бағалы идеялар мен инсайттарды жасай алатынына, оның креативтілігін кеңейтетініне деген сенімі. Шығармашылық ойлау практикасы сіздің алдыңызда күрделі міндеттер тұрмаған жағдайларда сенімділікті арттырады, сонымен қатар сіздің тәжірибеңіз нақты өмірмен байланысты болады. Демек, сенімділікті арттыру үшін қарапайым проблемалармен жұмыс істеу және күнделікті міндеттерді шешу үшін креативті тәсілді пайдалану қажет.
4. Ойлаудың ашықтығы
Баламалы көзқарастар мен тәсілдерді ескеруге дайындық креативті ойлаудың маңызды құрамдас бөлігі болып табылады. Ойлаудың ашықтығын дамыту үшін табысты адамдар мен әдістемелердің мысалдарын іздеңіз. Өз алдыңызға білмейтін адамдармен, сондай-ақ сізде ыңғайсыздық тудыратын таныстарымен қарым-қатынас жасау міндетін қойыңыз. Бұл адамдардың олар үшін маңызды тақырыптар бойынша пікірлерінен сұраңыз, сіз онымен келіспесеңіз де, әңгімелесушінің ой-пікірін тыңдап, түсінуге тырысыңыз.
5. Тәжірибе
Мәселелерді шешу немесе үздік баламаларды әзірлеу үшін шығармашылық ойлауды қолданған адамдардың оң тәжірибесі үлкен құндылыққа ие. Ол одан әрі креативтілікті ынталандырады. Егер сізде үлкен шығармашылық тәжірибе болмаса,онда сіз осы бос орынды тәжірибесі бар адамдарға хабарласу арқылы өтей аласыз. Креативті ойлайтынқ адамнан сіз жұмыс істейтін мәселеге көзқарасты табуға көмектесуін сұраңыз. Оның идеялары мен тәжірибесі шығармашылық ойлау процесінің қалай жүретінін білуге көмектеседі. Қажетті дағдыларды игерудің ең жақсы жолы - өз жұмысы мен дербес шешімдерге креативті тәсілді қолдану.
6. Мінез-құлық моделі
Өзінің жеке шығармашылық қабілеттерінің арқасында табысқа жеткен адамдармен қарым-қатынас сіздің жеке креативтеріңізді айтарлықтай ынталандырады. Сонымен қатар, еліктеу үшін жақсы үлгілерді табу өте қиын. Егер сіз өз бизнесіңізді нөлден бастап құрған табысты кәсіпкерлермен таныс болсаңыз, күмәнданбауға болады: олар-өте креативті адамдар, тіпті өздерінен мұны естисіз.
Сізге креативті болып көрінетін бизнесмендермен, ғалымдармен, суретшілермен және кез келген басқа адамдармен уақыт өткізуге тырысыңыз (кейбір оқытушылар мен мұғалімдер жаңа бағдарламаларды әзірлеуге өте шығармашылықпен қарайды). Мүмкін болса, олардың қалай жұмыс істейтінін көруге тырысыңыз.
7. Эмоционалдық күш
Қиындықтың алдында өміршеңдігін жоғалтпайтын адамдар өзінің эмоционалдық жағдайын басқаруға, шамадан тыс стресстерден, мазасызданудан немесе депрессиядан аулақ болуға қабілетті. Олар мәселелерді шешу үшін ең көп қажет болған кезде шығармашылық тәсілді пайдалануға дайын.
Эмоционалдық «серпімділік» күшейту үшін айналадағыларға қолдау көрсетуді пайдаланыңыз. Релаксация немесе психологиялық кеңес беру арқылы стресс әсерін төмендетіңіз. Сау диета, жаттығулар және ұйқы күшті болуға көмектеседі, ал сіздің эмоционалдық тонусыңыз әрқашан жоғары болады.
8. Кең ой өріс
Сіз неғұрлым көп білсеңіз, креативті ойлау үшін материалыңыз соғұрлым көп. Барлық уақытта жаңа нәрселерді көріңіз, жаңа орындарға барыңыз, жаңа кітаптарды оқыңыз. Бұрын кездеспеген адамдармен уақыт өткізуге тырысыңыз.
9. Тәуелсіздік
Пікіріңізді қалыптастыру және проблеманы шешудің қай тәсілі туралы шешім қабылдау кезінде тәуелсіздік қаншалықты көп болса, креативті болу соғұрлым оңай болады. Егер сіз басқа біреудің пікірін қабылдасаңыз және пікірталасқа қатысуға мүмкіндік берсеңіз және оның таңдауына сындарлы түрде келіссеңіз, онда сіз өз бетінше ойлана алмайсыз.
Тәуелсіз ойлы адам үнемі ізденіс үстінде. Ішкі тәуелсіздікті нығайту үшін өзіңіздің балама көзқарасыңызды елестете алатындығыңызды сұрауды ұмытпаңыз. Бөтен адамға әсер еткен жағдайда есеп беруді үйреніңіз.
10. Табандылық
Тек шабыт қана шығармашылықты нәрлейді деген аңыз бар. Әрбір ұлы идеяға өсу және қалыптастыру үшін уақыт қажет. Табандылық маңызды рөл атқарады: егер сіз (көптеген адамдарға ұқсас) тым тез берілуге үйренсеңіз, алдыңызға сандық мақсаттар қойып, табандылықты үйреніңіз.
Сіз ойлауға жұмсайтын уақытты екі есе көп идеялар жасау немесе созыңыз. Өзіңізді табандылықты тәжірибеге алып, нәтижесінде сіз ұтасыз, табиғи түрде неғұрлым табанды және шығармашылық ойлайтын адам бола аласыз.
11. Мазасыздану қабілеті
Айналасындағылардың не ойлайтын және сезінетін адамдарды ұстай білетін адамдар топтық креативтіліктің ерекше сыйына ие. Олар басқа адамдардың идеяларын қабылдай алады. Эмпатияға өз қабілетін арттыру үшін, тыңдау қабілетін дамытыңыз (адамдарға, сіздің пікіріңізше, олар ойлайды және сезінеді, және сіздікі дұрыс емес болса, олардан түзету сұраңыз).
Қолайлы ынтымақтастыққа кедергі келтіретін барлық кедергілерді жоюға тырысыңыз. Мысалы, қатаң, формальды жағдай мазасыздану жолында кедергі жасайды. Бейтарап ортада қоршаған ортаны тыңдау және қорлау оңайырақ.
12. Өзіңе деген көзқарас
Егер сіз өзіңізді шығармашылық адам деп ойласаңыз, онда сіз де солай болып табыласыз. Креативтілік өзіне қатысты-бұл талантқа қарағанда мінез-құлық және шығармашылық күшін сезінетін адамдар креативті әрекет етеді.
Егер сіз шығармашылық бастауды сезбесеңіз (және креативті болу әдетін білмейінше сезінбеңіз), онда өз алдыңызға өте креативті адамға еліктеу міндетін қойыңыз. Мәселен, сіз бір мәселеге суретші немесе режиссер ретінде қалай қарайтындығыңыз туралы айтыңыз. Шығармашылық үлгі сізге өзін шығармашылық адам ретінде қарастыруды үйренуге көмектеседі.
13. Өнертапқыштық
Жаңа нәрселерді жиі ойлайтын адамдар жаңа креативті тапсырмаларды жақсы орындайды. Өнертапқыштық-креативтіліктің барлық түрлері үшін жақсы тәжірибе. Егер сіз кофені пісірудің он жаңа жолын ойлап тапсаңыз, онда сіз жұмыста немесе жеке өмірде қиын проблемалар үшін көптеген жаңашыл шешімдер ойлап табу қиын болмайды.
Ойлап табу - бұл қызықты ойын, сондықтан өз компаниямызда немесе үйде бірдеңе жетілдіру қалай сұрақтар қоя отырып, оны тәжірибеңіз. Мысалы, жұмысқа барар жолда сіз уақытты үнемдеуге және тығындамауға мүмкіндік беретін үйден офиске және артқа барудың жаңа тәсілі туралы ойлануға бірнеше минут жұмсауға болады. Жұмысқа келген соң, сіз өз креативтіктеріңізді неғұрлым маңызды мәселеге қолдануға дайын боласыз.
14. Батылдық
Психологиялық және зияткерлік батылдық адамдарға креативті ойлау жолындағы кедергілерді жеңуге көмектеседі. Егер сіз басқа салаларда ерлігіңіз болмаса да, қатенің бағасы өте аз екенін түсініп, шығармашылық батылдықты дамыта аласыз.
15. Тәртіп
Креативтілікті ойын ретінде қабылдауға болатынына қарамастан, практикалық нәтижелер алу үшін айтарлықтай күш жұмсауға тура келеді. Креативтілікке жоғары тәртіп ұстанымдары бар адамдар шығармашылық табыстарға жиі жетеді, өйткені олар өз жұмысына көп күш жұмсайды. Сонымен қатар, мұндай адамдар креативті әдістерді қолданады.
Тәртіпті табу оңай: шығармашылық журналға, әр күн сайын креативті жұмыстың қандай түрін атқаратындығыңызды, оған қанша уақыт жұмсайтыныңызды және қандай амалды қолданатыныңызды атай отырып, сіз немен айналысатыныңызды енгізуге тырысыңыз.
Бұдан басқа, сіз шығармашылық қызмет туралы оқып немесе білгеніңіз туралы, сондай-ақ осы тақырыпты басқа адамдармен талқылаған барлық жағдайлар туралы жазбалар жасаңыз. Күнделік жүргізу сізге тәртіпті болуға көмектеседі.
Кез келген мекеме немесе компаниялар өз саласында және инновациялық дамудың алдыңғы қатарында үздік болуды қалайды және осы орайда қызметкерлерінің креативті болғанын қалайды.
Қорытындылай келе, оқыту үрдісіне деген жаңа көзқарас инновациялық оқытуды пайдалану өзіндік ойы бар, зерделі креативтивті тұлға дамытуға алып келеді.
Қорытынды
Қорытындылай келе креативтілік дегеніміз - тұлғаның айрықша идеяларды шығару, ойлаудың дәстүрлі схемаларынан кете алу, проблемалық жағдаяттарды шеше алу қабілеті. Креативтілік интеллектуалдық қабілеттердің ішінде ерекше тип ретінде бөлініп шықты. Гуманистік психологияның көрнекті өкілдерінің бірі Абрахам Маслоу креативтілік пен өзін-өзі танытудың арақатынасын зерттеуде креативтілік тұлғаның жетістігін емес, ол тұлғаның өзін сипаттайды деген. Бұл пікірден жетістіктер өзін-өзі танытатын тұлғаға қатысты екінші ретті болып табылатыны көрінеді. Өзін-өзі танытатын тұлғаға тән батылдық, еркіндік, спонтандылық, тұтастылық, өзін-өзі қабылдау, айқын ақыл-ой, сана сияқты мінездік қасиеттер креативтіліктің генерализациясына әкеледі. А.Маслоу креативтілікті тек творчестволық қасиет емес, нағыз адамгершіліктік қасиет деп атаған болатын.
«Креативтілік» – тез ойлап табу, жаңалық ашу, аяқ астынан ақыл табу, терең сезім, толғаныс, интеллектуалдық биіктік, ұшқыр ойлылық деп анықтама беріледі. Креативтілік — өркендеуге, дамуға, нәтижеге жетуге бағытталған. Креативтік технология бойынша ізденушілік, зерттеушілік, эвристикалық әдістермен жұмыс жасалады, қиялдауға итермелейді, қысылмай өз ойын айтуға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы өзгерістер білім беру саласындағы міндеттерді орындауды жаңаша сипатта қарастыра отырып, қол жеткен жетістіктерді сараптау және оны бағалауда озық технологиялар арқылы балалардың креативтілік қабілеттін дамытуды басты назар етіп алады.
Қазіргі кездегі ғылым мен техниканың даму деңгейі әрбір балада сапалы және терең білім мен іскерлігінің болуын, олардың креативтілікпен жұмыс істеуін, ойлауға қабілетті болуын талап етеді. Осындай ерекше мәнге ие болып отырған кезде, бүгінгі таңда, балаларға білім берумен қатар, олардың ақыл-ой белсенділігін, іс-әрекетін дамыту мәселесі алдыңғы қатарда тұр. Осы жерде баланың танымдық сұранысын туғызатын, оның іс-әрекетінің жоғары сипатқа ие болуын қамтамасыз ететін креативтілік тапсырманы берудің мәні зор.
Адам кревтивтілігінің дамуына ықпалды тұлғаның жеке басының ерекшелігі, оның эмоционалдық және түрткілік факторлары ықпалын көп тигізеді.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:
1. Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы. - Астана: 26 желтоқсан, 2003.
2. А.В.Хуторской. Учебник для ВУЗ-ов-СПб; Питер, - 2010.
3. Кларкин М.В. Педагогическая технология в учебном процессе.-М.:Танио, - 2004.
4. Хуторской А.В. Современная дидактика. - Санкт-Петербург: 2008.
5. Чернилевский Д.В. Креативные аспекты становления образовательной системы. - М., 2000.
6. Шевченко Л.Л. Педагогическое творчество. - М., 2009.
7. Рахимов А.З. Психология творчества. - Уфа, 2008.
8. Гнатко Н.М. Проблема креативности и явления подражания. - М., 2000.
9. Кан-Калик В.А., Никандров Н.Д. Педагогическое творчество. - М., 2005.
10. Морозов А.В. Диагностика креативности //Монография. - М., 2002.
Достарыңызбен бөлісу: |