Қысқа мерзімді жоспар немесе сабақ жоспарын дайындау барысында мұғалім оқушылардың
жеке қажеттіліктері мен ерекшеліктерін ескере отырып, саралап оқыту тәсіліне ерекше назар
аударғаны жөн. Қысқа мерзімді жоспарлау мұғалімнің сабақты тиімді құрылымдауына
көмектеседі. Ол үшін мұғалім оқу материалы мен сабақтағы әрекетті мұқият іріктейді. Әр
сабақтан кейін мұғалім оқушылар меңгере алмаған немесе түсінбеген жерлерін анықтау
| 43 |
Center
of
Excellence
Қысқа мерзімді жоспар құрған кезде мұғалім төмендегі ұсыныстарды басшылыққа алуына
болады:
- сабақты ұйымдастырғанда оқу бағдарламасы мен оқу жоспарында көрсетілген оқу
мақсаттарын басшылыққа алу;
- сабақтың мақсатын анық тұжырымдау, яғни нақты, өлшемді, қолжетімді, шынайы
мақсаттар қою;
- орта мерзімді жоспарда көрсетілген барлық жаттығуларды, әдістемелік кеңестерді,
ресурстарды мұқият зерделеу;
- мұғалімнің қалауы бойынша іс-әрекет түрі қажеттілігіне қарай толықтырады.
Мұғалім білімнің тек дара көзі ретінде емес, оқушылардың өздерінің оқу-танымдық
қызметінің белсенді ұйымдастырушысы ретінде қызмет етуі тиіс.
Сабақты жоспарлауды бастағанда мұғалім бұл сабақтың мақсаты қандай болатынын
шешеді. Сабақтың мақсаты оқу бағдарламасында қарастырылған оқу мақсатына сәйкес
келуі керек, бірақ оқу мақсаттарының барлық тармақтарын қамтуы міндетті емес. Мысалы,
«Қазақ тілі» пәні бойынша 7-сыныптағы «Денсаулық – зор байлық» бөлімі бойынша оқу
мақсаттарының бірі: 7.Ж5. Оқылым және тыңдалым материалдары бойынша тірек сөздер
мен сөз тіркестерін синонимдік қатармен ауыстыра отырып, жинақы мәтін жазу.
Бұл оқу мақсаты бірнеше сабаққа негіз болуы, ал сабақ мақсаты әртүрлі болуы мүмкін.
Сабақ мақсатында оқушының қадағалауға болатын іс-әрекеті, белсенділігі/мінез-құлқы
сипатталып, оқушылар оқу нәтижесінде не үйренуге тиіс екені туралы жазылады. Сабақ
мақсатын тұжырымдау барысында олар оқушылардың сабақ соңында не істей алуы керектігі
тұрғысынан белгілі бір нәтижелерді сипаттауы керек екенін есте ұстау керек. Бұл:
- сабақта мұғалімнің не істейтініне емес, оқушылардың немен айналысатынына назар
аударуға;
- сабақты жоспарлауды жеңілдетуге;
- оқуды бағалауды жеңілдетуге;
- оқыту мен оқуды бағамдауды жеңілдетуге көмектеседі.
Достарыңызбен бөлісу: