Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence


-кесте. Уәжге әсер ететін факторлар   УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР



Pdf көрінісі
бет37/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
5-кестеУәжге әсер ететін факторлар  

УӘЖДІ ӨСІРЕТІН ФАКТОРЛАР

УӘЖДІ ӨШІРЕТІН ФАКТОРЛАР

түрлі  оқыту  мен  оқу  әдістерін  пайдаланатын 

белсенді мұғалім

негізінен  өзі  сөйлейтін  немесе  лекция  оқитын 

мұғалім

көп оқушыны қамтитын белсенді тапсырмалар

аз  ғана  оқушы  қатысатын  немесе  мүлде 

қатыспайтын тапсырмалар

белгілі бір мағынасы бар және осының алдында 

өткен тақырыппен байланысты жаттығулар

күңгірт,  түсініксіз  және  осының  алдында  өткен 

тақырыппен байланыспайтын жаттығулар

сабақтағы  жаттығулардың  күрделілігі  тиісті 

деңгейде  және  барлық  оқушылар  орындай 

алатын етіп сараланған

сабақтағы  жаттығулар  сараланбаған  және 

басында  орындау  тым  қиын  немесе  жоғары 

қабілетті оқушылардың қабілеттері ескерілмейді




| 40 |

оқыту  мен  оқудың  сан  алуан  әдістері 

қолданылады – сабақтың қандай болатынын күні 

бұрын болжау мүмкін емес

оқыту  мен  оқу  әдістерінің  аз  ғана  түрі 

қолданылады – сабақтың қандай болатынын күні 

бұрын болжап білуге болады

оқушыларға  «ойлануға»  уақыт  бере  отырып, 

сабақ қарқынын өзгерту

сабақтың  қарқыны  өте  жылдам/баяу  және 

оқушыларға «ойлануға» уақыт берілмейді 

әр оқушыға жеке қолдау көрсету

оқушылар мұғалімнен көмек күтеді

көп мақтау және мұғалімнің дене қимылдарын, 

ымды тиімді қолдануы

мақтау  айтылмайды  және  мұғалім  дене 

қимылдарын, ым-ишараны тиімді қолданбайды

оқушылар  сабақ  мақсатын  және  олардан  не 

күтілетінін біледі

оқушылар  сабақ  мақсатын  және  өздерінің  нені 

үйренетінін білмейді

Оқыту және оқу

Оқыту  мен  оқу  жеке-дара  екі  іс-шара  емес,  бір  үдерістің  өзара  тығыз  байланысты  екі 

элементі екенін білген маңызды. Мұғалімдер оқушылардың қалай оқитынын неғұрлым жақсы 

түсініп,  өздерінің  оқыту  тәжірибесін  жақсартқан  сайын,  олардың  балаларды  тиімді  оқуға 

жетелеу  қабілеті  соғұрлым  арта  түспек.  Ауқымды  зерттеу  жүргізу  арқылы  оқушылардың 

үлгеріміне ықпалы зор әдіс-тәсіл ретінде төмендегі әдіс-тәсілдер анықталды:

•  белсенді  оқу  (мысалы,  оқушылар  іс  жүзінде  тапсырмаларды  орындап,  дағдыларды 

қолданған кезде);

•  кері байланыс (мысалы, оқу жөніндегі пікірталас – бұл оқушының өз пікірін білдіруді 

көздейді және сыныптастар арасында немесе мұғалім мен оқушылар арасында жүреді);

•  сенімін  нығайту  (мысалы,  оқушының  өзіне  деген,  өз  күшіне  деген  сенімін  нығайту 

үшін мадақтауды пайдалану);

•  оқыту сапасы (мысалы, көптеген саралаушы жаттығуларды жоспарлау және оны іске 

асыру). 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет