Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence



Pdf көрінісі
бет33/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
Модельдеуші мұғалім

Модельдеуші  мұғалім  тікелей  оқыту  қағидаттары    мен  оқытудың  сындарлы  тәсілін   

үйлестіріп қолданады. Мұғалім оқу мақсатын қоя отырып, үйретілетін ұғымдар мен дағдыларды 

тікелей көрсету арқылы оқуға жетекшілік етеді. Алайда сұрақ-жауап және бірлескен жұмыс 

арқылы сабақты барынша интербелсенді етіп, оқушыларға бағыттауға болады. Қазақ тілі мен 

әдебиеті  мұғалімдерінің  біліктілігін  арттыру  курсында  мұғалімдер  белсенді  оқылым  және 

бірлескен жазылым жаттығуларын модельдеу әдістерін зерделейтін болады, бұл өз алдында 

тиімді  айтылым  және  тыңдалым  дағдыларын  қалыптастырады,  мысалы,  оқушылардың 

сауалнама жүргізіп, тыңдаушылармен сұрақ-жауап алмасу немесе басқа адамдардың ойларына 

қатысты байыпты жауап беру дағдылары дамиды.

«Оқыған кітап туралы пікір алмасу» ұғымы (Holdaway, 1982) оқушыларды оқу ортасында 

мәтінмен  жұмыс  істеу  барысында  оқудан  қанағат  алуға  жетелеу  тәсілі  ретінде  зерттелген 

болатын.  Зерттеу  жүргізілген  көптеген  жылдар  ішінде  көптеген  елдерде  «бірлескен  оқу» 

деген  атпен  тараған  оқылым  әдісі  кең  қанат  жайды.  Станнард  (2007)  мұндай  оқылымның 

артықшылықтарының бірін былай сипаттайды: «балалар мәтінді ұғынып, онымен жұмыс істеуге 

көңіл бөліп, мәтіннің ерекшеліктерімен, оқылым сипатымен, тілдің қалай құрылымдалғанымен 

және т.б. танысып жатқанда, мұғалім мәтіннің мәнін ажыратумен байланысты қиын жұмыспен 

айналыса  алады».  Осылайша,  мәтінге  талдау  жасағанда  оны  жай  түсініп  қана  қоймай,  осы 

әдісті қолдану анағұрлым пайдалы болмақ.

Біліктілікті  арттыру  курсы  барысында  мұғалімдердің  оқу  бағдарламасының  мазмұнына 

сәйкес  келетін  мәтіндермен  жұмыс  істеуіне  мүмкіндік  беріледі.  Бұл  мәтіндердің  көмегімен 

бірлескен оқылым әдісі арқылы барлық оқушылар өздерінің дербес оқи білу деңгейінен тыс, 

жоғары  сапалы  мәтіндерді  талдап,  олармен  жұмыс  істеу  және  осы  жұмыстан  рахат  алуын 

қамтамасыз етеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет