Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық Center of Excellence


Мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым



Pdf көрінісі
бет32/78
Дата23.08.2020
өлшемі0,78 Mb.
#76532
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78
Байланысты:
Каз Т1 Муғалімге арналған нускаулық
Мұғалімге арналған нұсқаулық
       Мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым

     Мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым оқудың сындарлылық теориясына негізделеді. 

Оқушылар  сөздердің  мәнін  игеріп,  оны  бұған  дейін  игерген  білімдерімен  байланыстырып, 

жаңа ұғымдар туралы сын тұрғысынан ойлауға тартылады. Мұғалім жетекшілігімен жүретін 

оқылымдағы мұғалімнің рөлі нақты, дәл сұрақтар қою және жаңа білімді игеруге қолдау көрсету 

арқылы ойлау үдерісін жетілдіру болып табылады. Мұғалімдер біліктілікті арттыру курсының 




| 35 |

Center


of Excellence

барысында мұғалім жетекшілігімен жүретін оқылым және мұғалім жетекшілігімен жүретін 



жазылымның  тиімділігін  талқылап,  ол  тәсілдерді  іс  жүзінде  қолданып  көреді.  Мұғалімнің 

жетекшілігімен жүретін топтық жұмыс оқушылардың қажеттіліктерін қамтамасыз ете отырып 

оқытуға және бағалауға мүмкіндік береді. Топта аз ғана адамның болуы оқытуды белгілі бір 

нақты қажеттіліктерге және тиісті күрделілік деңгейіне сай дамытуға оң ықпал етеді.

      Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін топтық жұмыс оқушы ауызша да, жазбаша да тиімді 

қарым-қатынас  жасай  алуы  үшін  оның  тілдік  дағдыларын  дамытуға  бағытталған.  Әңгіме 

құрылымдарын пайдалану арқылы және мұғалімдердің оқушылардың топтағы белсенділігіне 

назар аударуы негізінде бұл жұмыс түрлі жанрлар үшін талап етілетін арнайы тілді таңдауға 

және қолдануға мүмкіндік береді. 

     Мунидің (1995) тұжырымдауынша, мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым кезінде 

мұғалім  мен  балалардың  шағын  тобы  мәтін  туралы  әңгімелеп,  ойланады  және  оны  оқиды. 

Ол мәтіннің күрделілік деңгейі әр бала еңсере алатындай дәрежеде болуы тиіс. Мұғалімнің 

рөлі оқушылардың түсініп оқуын қамтамасыз ету мақсатында қолдау көрсетуде, бақылау мен  

тыңдауда. Түсіну және түсінік қалыптастыру – оқылым әрекетінің нәтижесі» (Mooney, 1995).

      Оқылымға арналған сабақта оқылатын мәтіннің көшірмесі әрбір оқушының қолында болуы 

тиіс  және  мұғалім  мәтінді  оқуға,  оның  мағынасын  зерттеуге  және  қарастыруға  жетекшілік 

етіп  отырады.  Мұғалімдердің  біліктілігін  арттыру  курсы  кезінде  тыңдаушылар  кітаптан 

алынған үзіндіні қолдана отырып, оқушы рөлін ойнайтын мұғалімдер тобымен «мұғалімнің 

жетекшілігімен жүретін оқылым» әдісі қолданылатын сабақты көрсетеді, ал қалған мұғалімдер 

бақылайды және өз ойларын ортаға салады. Мұғалімдер мұғалімнің жетекшілігімен жүретін 

оқылым  сабағының  ретімен  жақынырақ  танысады:  кіріспе  бөлім,  әдіс-тәсілдерді  таңдау 

(өздері  оқып  отырғанды  түсінуге  көмектесетін  әдіс-тәсілдерді  талқылау),  өз  бетінше  оқу, 

мәтінге  оралып,  оны  талдау.  Сонымен  бірге,  бұл  әдісті  бағамдап,  оны  өздерінің  ағымдағы 

тәжірибесімен салыстыру үшін өздерінің осы сабақта орындаған жұмыстарын талдайды. Олар 

бұл әдістің тәжірибе үшін пайдалы екеніне барлық мұғалімдердің көздерін жеткізу үшін осы 

әдісті тиімді қолдануда туындауы мүмкін кедергілерді талқылап, бұл кедергілерді еңсерудің 

жолдарын бірлесіп іздеуге мүмкіндік алады.

     Сол сияқты, мұғалім жетекшілігімен жүретін жазылымда да мұғалімдер белгілі бір 

жазылым дағдыларын үйренуге жетекшілік етеді. Ол өз бетінше жазуға төселуге көмектесетін 

құрылымдалған, редакциялау немесе бағамдау мақсатындағы жазылым түрлері болуы мүмкін. 

Мұғалім жетекшілігімен жүретін жазылым күнделікті қалыптастырушы бағалау барысында 

анықталған  оқушылардың  оқуындағы  «келесі  қадам»  тұрғысынан  оқушылар  тобына  

бағдарланған әдіс болып табылады.

           Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін жазылым барысында оқушыларға жазылым үдерісінің 

түрлі сатыларында қолдау көрсетіледі.

            Біліктілікті  арттыру  курсы  кезінде  тыңдаушылар  мұғалім  жетекшілігімен  жүретін 

жазылымды қалай тиімді қолдануға болатынын қарастырады:

         - өз бетінше жазудың алдында идея тудыру үшін; мәтіннің бастапқы нұсқасын жоспарлау 

және  оны  қағазға  түсіру  үдерісін  модельдеу  үшін;  жаңа  сөздерді  назардан  тыс  қалдырмау 

мақсатында тыныс белгілері қойылған сөйлем құрылымдарын жасау үшін; 

       - жазбаша жұмыс орындау кезінде оқушылардың мейлінше нақты жазуына қолдау көрсету 

үшін, айталық, тіркестерді таңдауға, құрмалас сөйлемдерді қолдануға, сөздер  мен сөйлемдерді  

дұрыс байланыстыруға (сөздерді шағы, жағы және райы бойынша байланыстыру және т.б.); 

мәтіндегі сөйлемдердің құрылымы мен байланысу тәсілдерін тексеруге көмектесу үшін;

жазбаша жұмыстан кейін оқушылардың жұмыстарын бағалау критерийлеріне сәйкестігін  

тексеру, редакциялау, тексеріп оқу, оқып отырған адамға оның әсерін бейнелеу, жазылымның 

келесі қадамы қандай болуы керектігін талқылау және қажет болса тапсырманың күрделілігін 

арттыру үшін.




| 36 |

       Оқыту барысында мұғалімдер бұл тәсілдерді оқушылардың айтылым және тыңдалым 

дағдыларын  дамыту  үшін  де  тиімді  қолдана  алады.  «Мұғалімнің  жетекшілігімен  жүретін 

әңгіме»  арқылы  мұғалім  оқушылардың  белгілі  бір  айтылым  немесе  тыңдалым  дағдыларын 

дамыта алады, айталық, оқушыны түрлі жағдайларда сенімді сөйлеуге немесе тыңдауға үйрету, 

өзінің  мұқият  тыңдап  отырғанын  көрсету  үшін  мазмұнға  қатысты  сұрақ  қоя  білу,  диалог 

барысында түрлі рөлдерді орындай білу дағдыларын дамыту.

      Оқушылардың дағдыларын мұқият бағалай отырып, мұғалім түсінік деңгейіне қарай немесе 

белгілі бір айтылым немесе тыңдалым дағдыларын жетілдіру мақсатына орай оқушыларды 

топтарға бөледі. Содан кейін ол белгілі бір дағдыларды қалыптастыруға, шыңдауға бағытталған 

мұғалімнің жетекшілігімен жүретін сабақ жоспарлайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   28   29   30   31   32   33   34   35   ...   78




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет