Оқу үдемелілігі (жоғарыда келтірілген диаграммада түсіндіріледі) негізгі үш идеяға
негізделеді. Біріншісі – сапалы, жақсы мәтіннің маңыздылығы және оқушылар өз «дауысын»
іздеу арқылы оқылым үдерісінде шабыттана алатыны. Екіншісі – жазылымның барлық
аспектілерін үйрету барысында мәнмәтіннің астарлы мәнін мойындау, нақты айтқанда,
жазылым мәнмәтінсіз – тақырыпсыз, мәтінсіз немесе тәжірибесіз тиімді бола алмайды. Үшінші
идея – оқушыларға тек «дауыс» қана емес, сонымен қатар, жазылатын шығарманың мазмұны
мен белгілі бір детальдарын бере отырып, жазылым үдерісі басталғанға дейін идеяны жан-
Сондай-ақ оқу үдемелілігінде табысты мұғалімдер оқылым мен жазылымды дамыту үшін
айтылым мен тыңдалымды қолдану мүмкіндіктерін қарастырады. Барлық оқушылар оқу мен
жазуды үйренуден бұрын алдымен тыңдау мен сөйлеуді үйренеді. Сонымен қатар, оқушылар
әлеуметтік өзара әрекет үдерісінде жазылым мен оқылым дағдыларына қарағанда, өздерінің
айтылым және тыңдалым дағдыларын көбірек жетілдіреді. Сондықтан оқушылардың бұл
• олардың түсініктерін нақтылай отырып, жауап берер алдында ойларын жинақтауға
| 32 |
• жазбаша нұсқаны дайындауға кіріспес бұрын идеяға қатысты жылдам жауап алады;
• проблеманы бірлесе шешуге мүмкіндік береді.
Біліктілікті арттыру курсы кезінде мұғалімдер сыныптағы жағдай аясында
бұл жаттығулардың мәнді болып, белгілі бір тақырыпқа бағытталуына және жақсы
ұйымдастырылуына жағдай жасайтын тиімді айтылым және тыңдалымды қолдайтын бірқатар
әдіс-тәсілдермен танысады.
Қазақ тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі мен әдебиетінің оқу бағдарламасы мен
оқу жоспарлары аясында оқушылардың дыбыстық-бейне материалдарды тыңдап, олар
бойынша сұрақтарға жауап беруге мүмкіндіктері бар. Аталған жаттығулардың барлығы
оқу үдемелілігі аясында белгілі бір тарауды бастау үшін ынталандыратын материал немесе
оқылым не жазылымды бастамас бұрын идея жинақтау мүмкіндігі ретінде қолданылады.
Сондықтан да оқылым, жазылым, тыңдалым және айтылым дағдылары өзара байланысты
бірге дамытылатын үйлесімді, мәнмәтінге сай келетін тарау аясында біріктіріліп, бір-бірімен
өзара тығыз байланыста кешенді түрде оқытылады және бағаланады.
Белсенді оқу
Оқу үдерісі өзінің табиғаты бойынша ойлаудан тұруы керек және ми құрылымында өзгеріс
туғызуға жетелеуге тиіс. Ми неғұрлым белсенді жұмыс істеген сайын, оқу үдерісі соғұрлым
қарқынды жүзеге асады. Хэтти (Hattie, 2014) адам миы ақпаратты өңдеп, оны түсінуге
мүмкіндік беретінін, ал мұғалімнің тоқтаусыз сөйлеуі миға шамадан тыс аса көп ақпарат
«жүктемелейтіні» және ол оқушылардың қызығушылығын жоғалтуға әкеліп соғатыны, сол
сәтте оқудың нәтижелілігі айтарлықтай төмендеп кететіні туралы біздің хабардар екенімізді
мәлімдейді. Ал белсенді оқу, керісінше, оқушылардың белсенді қызметпен айналысу арқылы
мұғалім берген ақпараттың мәнін ұғынып, алған білімдерін есте сақтап, оны қолдана алуын
қамтамасыз етуді көздейді. Хэттидің мидың қызметін талдай отырып жүргізген шолуы
дағдыларды меңгерту шеберлігі тек іс жүзіндегі белсенді қызмет арқылы жүзеге асатынын,
демек, оқушылар тек тыңдаумен айналыспай, білім алуда белсенді әрекет етуі керек екендігін
көрсетеді. Қызметтің мұндай түрлері оқушылардан өздері тапқан ақпаратты талдау және
түсіндіру үшін зерттеу және жоспарлау дағдыларын қолдануды талап етеді, болашақта өз
дағдыларын жақсарту мақсатында басқа нәтижелерді бақылауды және талдауды қажет етеді.
Сабақ барысында «баланың өзін еңбектендіріп, бірлестіріп, өз бетімен білім тапқандай
қылса», «жұмыстайтын материалдар даяр түрінде емес, балалар тәжірибе қылып, зерттеп,
өз бетімен шешкендей, тұрмыс жұмбақ түрінде берілсе» (Ж.Аймауытұлы, 1929) оқудың
анағұрлым тиімді болатынын естен шығармаған дұрыс.
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа
тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі
жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін
түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын мұндай тәсілдерге топтық жұмыстар (Brodie, 2000), ойын
«баламалары» (Bergen, 2002) және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойын түрлері кіреді
(Peters, 1998). Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын «баламалары» шынайы
өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып
табылады.
Мәселен, тіл үйретуде тиімді қолданылатын белсенді оқу стратегиялары:
• жаңа лексика мен идеяларды қоса алғанда, драмалық шығармалардағы бейнелер мен
мәтіндерді зерделеу және бағалау;
• мәтіндерді бағалау және өзінің ойын білдіру үшін графикалық органайзерлерді қолдану;
• мәтіннің сюжетін, құрылымын, лексикасын және сөйлемдердің құрылымын талқылау
мақсатында әңгімені бірігіп оқу;
| 33 |
Center
of
Excellence
• ойлануды қажет ететін мәселелерді ортаға салу және талқылау (Aronson, E., & Bridgeman,
D, 1979).
Мұғалімдер осындай белсенді оқу стратегиясын қай жерде және қалай тиімді қолдануға
боалтындығы, қандай жағдайларда тікелей нұсқау беру әдісі қолданылатыны туралы ойлануы
тиіс, мысалы, бірлескен оқылым немесе жазылым барысында.
Сабақта белсенді оқу әдістерін қолдану оқушының өзіндік рефлексия жасау дағдыларының
дамуына, сыныптағы жалпы жұмысқа үлес қосып, қатысқанын сезінуге; оқу үдерісінің белсенді
мүшесі болуына, құрдастармен қарым-қатынасының дамуына, танымдық белсенділігінің
артуына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, мұғалімнің сабағын қызықты ұйымдастыруына,
оқушыларының танымдық әрекетін күшейтіп, өзінің кәсіби шеберлігін шыңдай түсуіне ықпал
етеді.
Достарыңызбен бөлісу: