«МАТЕМАТИКА», «АЛГЕБРА» ЖӘНЕ «ГЕОМЕТРИЯ» ПӘНДЕРІ БОЙЫНША
ОҚУ БАҒДАРЛАМАСЫНЫҢ ҚҰРЫЛЫМЫ
Жан-жақты және үйлестірілген оқу бағдарламасын жоспарлау, ұйымдастыру және
басқару – оқушылар үлгерімінің жоғары болуының негізгі тетігі (Alexander, 2002). Оқу
бағдарламасы оқушыларға бірқатар теориялық, тәжірибелік, шығармашылық және
әлеуметтік дағдыларды меңгеруге, сондай-ақ негізгі дағдыларды жетілдіруге мүмкіндік
береді (Primary education in England, 1978). Алға ілгерілеуіне қарай оқушылар оқудың
әртүрлі бағыттарын байланыстыра отырып, оларды зерттеп, осылайша анағұрлым терең
түсінік қалыптастыратын болады. Оқушылар нені үйреніп жатқандарының мәнін нақты
ұғынып, сонымен бірге, бұл олардың қазіргі және болашақ өмірімен қалай байланысатынын
түсінуі керек.
Негізгі мектепте математикалық білім беру «Математика» (5-6-сыныптар), «Алгебра»
және «Геометрия» (7-9-сыныптар) пәндері арқылы жүзеге асырылады.
«Математика» пәні бойынша оқу бағдарламаларының негізгі ерекшеліктері мыналар:
Сандар, алгебра, геометрия, статистика және ықтималдықтар теориясы,
математикалық модельдеу саласында спиральділік ұстанымына сүйеніп математикалық
білімді және білікті дамыту;
Қолданбалы есептерді шығару арқылы зерттеу дағдыларын дамыту;
Техникалық құралдар мен қолданбалы бағдарламаларды қолдануға үйрету
(графикалық калькулятор, «GeoGebra», «1C Математикалық конструктор, «Excel»,
«Access», «Paint», «Kahoot»);
Түрлі мәнмәтіндегі үдерістерді сипаттау мақсатында математикалық үлгілерді
жасау біліктерін дамытуға тәжірибелі бағытталу;
Күтілетін нәтижелер оқу мақсаттары жүйесі ретінде берілген және Блум
таксономиясы деңгейлеріне сәйкес құрылған (білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау,
бағалау)
Математикалық пәндер бірқатар мазмұндық бағыттардан тұрады: сандар, алгебра,
Достарыңызбен бөлісу: |