Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Оқудағы пәнаралық байланыстың маңызы



Pdf көрінісі
бет21/57
Дата18.05.2020
өлшемі0,54 Mb.
#69462
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57
Байланысты:
2 Матем. Мұғалімге арналған нұсқаулық
1-4 synyp 1257 zin 1257 zi tanu-1, Мучн изд тест гост каз (1), Мучн изд тест гост каз (1), Мучн изд тест гост каз (1), есеп, факультатив жоспары математика 7 кл, sYNTAX (1) (4), Коммуникация и ее виды., 1 тарау. Театрлылы зін- зі к рсету нері ретінде
Оқудағы пәнаралық байланыстың маңызы  

Бұған  дейін  айтылғандай,  математика,  алгебра  және  геометрия  бойынша  оқу 

бағдарламаларының құрылымы спиральді болып табылады. Оқушылар сыныптан сыныпқа 

ауысқан сайын, тақырыптың немесе проблемалардың күрделілігі арта түседі.  

Проблемаларды  шешу  тәсілі  математиканы  оқытудағы  негізгі  тәсілдерінің  бірі 

болып  табылады:  проблемалық оқыту  сандар,  алгебра, геометрия, әсіресе математикалық 

модельдеу  бөлімдерін  оқытуда  қолданылатын  негізгі  тәсілдердің  бірі  болып  табылады. 

Проблемаларды  шешу  қабілеті  оқушылардың  ғылыми  танымдық  ойлауды  үйренуіне 

мүмкіндік  береді.  Олардың  алдында  кішірейтілген  үлгідегі  танымдық  үдеріс  көрініс 

табады,  оның  логикалық  құрылымы:  мәселені  қою  –  болжамдар  жасау  –  оның 

эксперименттік  жолмен  тексерілуі  –  қорытындылар  (немесе  жаңа  проблема).  Оқушылар 

ғылыми  білімнің  қандай  жолмен  игерілетінін  көріп,  дүниенің  танымдық  сипатына  көз 

жеткізеді. Проблеманы шешуге арналған тапсырмалар оқушыларға таныс емес мәселелерді 

қамтып,  білуге  құмарлықты,  жаңа  бір  нәрсені/жаңалық  ашуға  және  оны  негіздеуге 

ынталандыруы  керек.  Мысалы,  математика  сабағында  проблеманы  шешуге  арналған 

тапсырмалардың  келесі  түрлерін  қолдануға  болады:  себеп-салдарлық  байланыстардың 

үзілуі;  «...  проблемасын  қалай  түсіндіруге  болады»;  «қалай  дәлелдеу  қажет?»  және  т.б. 

Мұндай  тапсырмалар  оқушыларды  стандартты  рәсімдерді  пайдаланбай,  белсенді  оқуға 

ықпал ете отырып, мәселенің шешімін өз бетінше табуға және заңдылықтарды зерделеуге 

ұмтылуға  ынталандырады.  Тапсырмаларды  орындау  барысында  оқушылардың  өткен 

сабақтарда және басқа пәндерден алған білімін естеріне түсіріп, қолданғаны маңызды. Бұл 

оқушыларға  өздерінің  алға  жылжуын  нығайтуға  және  басқа  пәндермен  пәнаралық 

байланыс орнатуға ықпал ететін болады. 

Мәселен,  геометрия  бөлімінде  мынадай  жаттығуды  ұсынуға  болады:  Үш  жұмысшы 

қабырғалары  3м  және  4м  құрайтын  тікбұрышты  үшбұрыш  түріндегі  үйдің  алдыңғы 

маңдайшасын  бояп  шығуы  керек.  Егер  бояу  құтысының  сыртында  10  м

2

  көлемді  бояуға 



арналған деп жазылған болса, маңдайшаны бояуға 1 құты бояу жетеді ме?  

Жаттығуларды  орындау  барысында  оқушылардың  алдыңғы  сыныптарда  және  басқа 

пәндер  бойынша  алған  білімдерін  еске  түсіруі  және  қолдана  алуы  маңызды  болып 

табылады.  Бұл  оқушыларға  өздерінің  қол  жеткен  жетістіктерін  бекітуге  және  пәндер 

арасында байланыс орнатуға көмектеседі.  

Сабақтарды  жоспарлаудың  басты  аспектісі  ретінде  оқушылардың  пәнаралық 

байланысты қолдануына көмектесумен  қатар,  оқушылардың  білім-білік  дағдыларының 

артуына  қарай  жүзеге  асырылатын  лайықты  педагогикалық  тәсілдерді  таңдау  болып 

табылады.  Мысалы, мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолдануды 

талап  ететін  проблеманы  шешуге  арналған  тапсырма  бере  алады.  Тіпті  оқушылардың  өз 

күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де, мұғалім жай 

ғана  сырттан  бақылаушы  болмай,  оқуға  «ынталандырушы»  болуы  маңызды  екенін 

ұмытпаған жөн. 

Жаңа  тақырыпты  меңгерту  кезінде  мұғалімнің бағыттаушы сұрақтар, нұсқаулар  беру 

мен  қолдау  көрсетуге көбірек  көңіл  бөлуі  орынды  (мысалы,  есеп  құрылымы,  жауаптар 

модельдері және тағы басқалары). Оқушылар белгілі бір деңгейге жеткен кезде бұлай тура 

нұсқау беруді азайтып, мұғалім өз рөлін біртіндеп үйлестіруші, уәждеушіге ауыстыруына 

болады.  Оқушыларды  мұғалімге  және  сыныптағы  басқа  оқушыларға  өз  пайымдауларын 

түсіндіруге  ынталандыратын  топтық  жұмыс,  зерттеуге  негізделген  оқуға  арналған 



 

27 


 

жаттығулар  мен  ашық  сұрақтарды  енгізу  мұғалімге  сыныптағы  өз  рөлін  өзгертуге 

көмектесе  алады.  Алайда  уақыт  өте  келе, оқудың барлық кезеңдерінде оқушылар сабақ 

барысында  жеке  жұмыс  істеуге  қарағанда,  мұғалім  қолдау  көрсеткен  жағдайда  көп 

жетістікке жетіп жүргеніне көз жеткізуі қажет. Мұны орындаудың  ең  тиімді  жолы  жеке 

оқушыларға  жүйелі  түрде  кері  байланыс  ұсынып,  тиісті, күрделілігі жоғарырақ мақсат 

қою болып табылады. 

Осы ретте, мұғалім үшін мыналар маңызды болмақ: 

- сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу

-  оқушылар  өзінің  ойлауы  мен  оқуы  туралы  ойлана  алуына  жағдай  жасау  үшін 

логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу; 

- оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу

- топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу; 

- оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру; 

- оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру

- оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу; 

- оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін ашық сұрақтар 

қою; 


- оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды 

ескертіп отыру; 

- жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру

- оқушыларға  өзіндік  жұмыстарда  жетістікке  жетуге  мүмкіндік  беретін  жобаларды 

жоспарлау және ұйымдастыру. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   57




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет