19
БАСТАУЫШ СЫНЫП ПӘНДЕРІН ОҚЫТУДА ҚОЛДАНЫЛАТЫН
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТӘСІЛДЕР
Оқушыларды оқытудың ең жоғары стандарттарын қамтамасыз етуде мұғалімдердің
қолданатын оқыту тәсілдері (яғни, педагогикалық әдістемелер) маңызды. Хэтти (Hattie, 2011)
білім беру шараларының оқушыларға әсерін талдау үшін жүргізілген 60155 педагогикалық
зерттеу аясында 9000-нан аса метаталдау әдісін пайдаланды.
Олар алдында қол жеткізген
жетістіктерден кейін оқушылардың алға жылжуына мұғалімдердің педагогикалық шеберлігі
айтарлықтай септігін тигізетінін дәйекті түрде көрсетті. Мұғалімдер пайдаланатын әдіс-
тәсілдер оқудың тиімділігіне елеулі әсерін тигізеді. Педагогикалық әдістемелерді жетілдірмей
тұрып, оқу бағдарламасын өзгерту білім беру стандарттарына қатысты реформалау
шараларының мүмкіндіктері мен нәтижелілігін төмендетеді.
Оқу бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігінің
мысалын Хименес-Александренің (Jiménez-Aleixandre, 2008) дәлелдерді құрудың оңтайлы оқу
ортасына арналған ұсынысынан көруге болады (2008, Katchevich et al, 2011 сілтемесі):
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған
қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді
құру мен талдауға арналған
рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін
оқыту тәсілдерін
қолданулары керек.
3)
Оқу бағдарламасы
проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді
бағалауда
білікті
болуы керек және
оқушыларды тек жазбаша тестілер арқылы ғана бағалауға болмайды.
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай
алынғанын талдай білуі тиіс.
6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Бастауыш сынып пәндерінің оқу бағдарламасындағы оқу мақсаттары оқушылардан
тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым дағдыларын қолдануды талап етеді.
Нұсқаулықта «Критериалды бағалау» тарауында қарастырылатын
бағалау стартегиялары
маңызды болып табылады. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері, атап айтқанда:
қарым-қатынас жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым,
дәлелдеу), белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу қарастырылады. Оқыту әдістерінің барлық
аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің
«дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге
мүмкіндік береді (Hattie, 2011). Сындарлы оқыту тәсілдері
оқушылардың алдыңғы
білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделген. Бұл
жерде ең маңыздысы: оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге
үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген
таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті
сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері
әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай,
сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушыларға алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай
өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығулар орындауға мүмкіндік беру аса
маңызды болып табылады.
Бастауыш сынып пәндерінің аясындағы педагогикалық тәсілдер белсенді оқуды
көздейтін сындарлы оқуға негізделеді (Savery & Duffy, 1994; Jonassen and Rohrer-Murphy,
1999). Бұл тәсіл аясында оқушылар оқу үдерісіне белсенді атсалысады, сол арқылы өздері үшін
оқудың маңызын өздері анықтайды. Бұл оқушылардың белсенділігін
арттыратын қуатты
құрал болып табылады. Бастауыш сыныпта сабақ жүргізуде қолданылатын педагогикалық
тәсілдердің басым бөлігі зерттеуге негізделген оқу әдіс-тәсілдерінен тұрады.