Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері



Pdf көрінісі
бет14/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379

«Дүниетану» пәні бойынша оқу бағдарламасының бөлімдері
«Дүниетану» – адам, табиғат және қоғам, олардың өзара байланысы мен тәуелділігі 
жөніндегі білім жүйесін құрайтын кіріктірілген пән. Оқу пәнінің нысандары – адам, табиғат 
және қоғам, оның ішінде отбасы, мәдениет, денсаулық, қарым-қатынас, ұлт, қауымдастық, 
мемлекет, қоршаған табиғи орта.
«Дүниетану» пәнінің мақсаты – ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар 
тұрғысынан оқушылардың бойында адам, табиғат және қоғамның өзара байланысуы және 
өзара келісілуі туралы білім жүйесін қалыптастыру. Пәннің міндеттері: 

оқушыларда қоғам және табиғат құбылыстары мен нысандарының өзара байланысы 
мен өзара тәуелділігі туралы түсініктер қалыптастыру; 

оқушыларда табиғи, әлеуметтік және технологиялық ортадағы мінез-құлық 
нормаларын және қауіпсіздік ережелерін қалыптастыру; 

оқушыларда табиғи және әлеуметтік шынайылықты тану әдістерін: бақылау, 
эксперимент, сауалнама тәжірибелерінің қалыптасуын қамтамасыз ету; 

оқушылардың танымдық әрекетін дамытуды қамтамасыз ету; 

оқушыларды қазіргі қазақстандық қоғамға тән ұлттық және жалпыадамзаттық 
құндылықтар жүйесіне дағдыландыру; 

пәнді оқыту арқылы оқушыларда өзін қоршаған ортаға, қоғамның табиғи және мәдени 
құндылықтарына дұрыс қатынастар қалыптастыру. 
«Дүниетану» пәнінің оқу бағдарламасы оқушылардың қиялын ояту арқылы олардың 
білімқұмарлығын ынталандыруды көздейді, пәннің мазмұны «Мен және қоғам», «Елімнің 
табиғаты» және «Тарих беттерінен» бөлімдерінен тұрады. 


16 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет