Білім беру бағдарламасы МҰҒалімге арналған нұСҚаулық


Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқыту



Pdf көрінісі
бет44/68
Дата06.02.2022
өлшемі0,84 Mb.
#80052
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68
Байланысты:
pdf1537978379

Мұғалімге арналған нұсқаулық (мұғалімге арналған әдістемелік құрал, оқыту 
әдістемесі) 
Мұғалімге арналған нұсқаулық оқулықпен және ОӘК-пен қалай жұмыс істеу керектігі 
және сабақты қалай өткізу керектігі туралы қысқаша түсініктеме берілген әдістемелік құрал 
болып табылады. Мұғалімге арналған нұсқаулықтағы тапсырмалар пән бойынша оқу 


43 
бағдарламасының белгілі бір бөлімі (бөлімшесі) үшін белгіленген оқу мақсаттарына қол 
жеткізуге бағытталған. 
Мұғалімдер: 

оқу бағдарламасының басқа пәндерімен байланыс орнатуға;

пән мұғалімдерімен мазмұн бойынша байланыстыруға болатын мәтіндер, тапсырмалар, 
жаттығулар жөнінде ой алмасуға; 

пәнді оқудағы қосымша қажеттіліктерді анықтау үшін пән мұғалімдерімен жұмыс 
істеуге; 

оқушылар үшін әлеуметтік, педагогикалық және функционалдық маңызы бар 
тақырыптардың таңдалуына жағдай жасау қажет. 
Мұғалімге арналған нұсқаулықта төмендегідей ақпарат қамтылған: 

оқу мақсаттары; 

оқу ресурстары; 

пән бойынша оқулық пен жұмыс дәптеріне сілтемелер; 

тақырыпты қандай тәсілмен қарастыру керектігі; 

тиісті негізгі ақпарат; 

оқулыққа сәйкес қызметті қолдау үшін мұғалімге арналған қадамдық жазбалар; 

пәнаралық байланыс; 

дамытушы тапсырмалар. 
Сонымен қатар, мұғалімдерге арналған жазбаларда қалыптастырушы бағалау (мұғалімнің 
сауалнаманы, бақылау және қадағалауды тиімді жүргізу дағдыларын қоса есептегенде) мен 
оқуды саралау жолдары қамтылған. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   68




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет