Жақын арадағы даму аймағы (ЖАДА) Л.Выготский енгізген ұғым; оқушының қалыптасқан дағдылары,
қабілеттері мен оқушы әзірше өз бетінше орындай алмайтын,
орындау үшін скаффолдердің көмегін қажет ететін тапсырмалар
ауқымында қалыптасатын дағдылар арасындағы оқу кезеңі.
Скаффолдер рөлінде мұғалім немесе анағұрлым жақсы оқитын
сыныптастары болуы мүмкін.
Жиынтық бағалау білім алу кезеңдері мен сатылары аяқталғанда болатын бағалау,
белгілі мерзім бойынша оқушының дайындық деңгейінің
көрсеткіші
болып
табылады,
бағалаудың
бірыңғай
критерийлерінің негізінде жүзеге асады.
Кері байланыс белгілі бір әрекетті немесе оқиғаны түсіну, игеру, онымен келісіп,
келіспейтіндігін көрсететін белгілі бір әрекет немесе оқиға туралы
пікір, баға беру, жауапты реакция.
Креативтілік (ағыл.
create – жасау,
creative – жасампаз, шығармашыл)
индивидтің дәстүрлі немесе көпшілік қабылдаған идеялардан
ауытқитын, түбегейлі жаңа идеяларды қабылдау мен жасауға