64
отырып белсенді іздеу, талқылау, талдау және жинақтау арқылы
жаңа білім алады. Жұмыс тиімді болуы үшін, ынтымақтастық оқу
жағдайында өкілеттік пен жауапкершілік топ мүшелері арасында
бөлінеді. Ынтымақтастық оқудың алғышарты топ мүшелерінің
бірлесіп әрекет етуі арқылы ымыраға,
бір келісімге келуіне
негізделген.
Дарындылық
қабілеттер иерархиясының құрылымдық бөлшегі. Дарындылық –
өзіндік ерекшелік, қабілеттер үйлесімі. Қабілеттілік сияқты
дарындылық та туа бітпейді, ол дамуда өмір сүреді (Б.М.Теплов).
Жалпы
дарындылық: салыстырмалы түрде кең және әмбебап
психологиялық бөлшектердің (жады, зият) дамуы.
Арнайы
дарындылық ерекше қызмет түріне жатады. Бұл бөлініс шартты,
жалпы, арнайы қабілеттер өзара бірлікте «өмір сүреді».
Адамдардың дарындылығы мен қабілеттері
сандық
емес
,
сапалық
тұрғыдан ерекшеленеді. Дарындылықтың
сапалық ерекшеліктері
бір адамның бір салада, екіншісінің басқа салада дарынды
болуымен ғана емес, дарындылықтың қалыптасқандық деңгейімен
де көрінеді. Қабілеттерден сапалық айырмашылықты іздеу –
психологияның маңызды міндеті.
Дәлелдеу
белгілі бір көзқарасты жеке немесе ұжымдық реципиенттің
түйсініп, түсінуі және/немесе қабылдауы
мақсатында негіздеу
үшін жүргізілетін логикалық-коммуникациялық үдеріс
Достарыңызбен бөлісу: